Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Тек тексерілген және ресми ақпаратқа ғана сеніңіз

Бөлісу

Home Credit Bank банк сатылымы туралы тарап жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Банк Қазақстанда қалыпты режимде жұмысын жалғастырып, клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерін толық орындайды.

«Әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпарат әрқашан шындыққа сәйкес келе бермейді. Біз Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істейміз, реттеуші талаптарын және клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерімізді орындаймыз. Банктегі жеке тұлғалардың салымдары толық көлемде қорғалған, оның ішінде Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) арқылы да. Бұл клиенттердің қаражаты үшін қосымша қорғауды қамтамасыз етеді. Биыл Home Credit Bank-тің Қазақстан нарығына шыққанына 20 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде біз жеке және заңды тұлғалармен жұмыс істейтін сенімді қаржы институты ретінде қалыптастық», – деді Home Credit Bank басшысы Кирил Бачваров.

Ресми дереккөздерге ғана сенуді сұраймыз. Банк өз жаңалықтарын тұрақты түрде ресми сайтында, бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан қор биржасының сайтында жариялап отырады. Қосымша сұрақтар бойынша Корпоративтік коммуникациялар қызметіне хабарласуға болады.

Home Credit Bank — халықаралық PPF тобының құрамына кіреді. Қазақстанда банк активтер көлемі бойынша 12-орында тұр — 1 трлн теңгеден астам. 2025 жылғы наурыздың басында ссудалық портфелі 798,4 млрд теңгені, клиенттердің депозиттері 514 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ банк Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер арасында меншікті капитал көлемі бойынша ТОП-10 қатарына кіреді — 198,6 млрд теңге.

29.04.2025

Бөлісу

Басқа мақалалар

2025 жылғы 17 маусымнан бастап депозиттер бойынша өзгерістер енгізіледі

2025 жылғы 17 маусымнан бастап депозиттер бойынша мөлшерлемелер өзгереді:  Салым

Home Credit Bank Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан Медицина қызметкерлері күніне орай алғыс хат алды

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем қызметкерлерін қолдауға қосқан

2025 жылғы 5 маусымнан бастап депозиттік сертификаттар бойынша өзгеріс

2025 жылғы 5 маусымнан бастап 6 айға ашылатын және сыйақы мөлшерлемесі 17,25% болатын «Стандартты»