Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Мобильді қосымша

Кредиттер

Дебеттік карталар

Кредит карталар

Депозиттер мен инвестициялар

Сақтандыру

Қызметтер

Басқа өнімдер

Архивтік өнімдер

HCB Business

Бөлімдерге қайта оралу
Смартфонмен қалай төлеуге болады?

Home Credit Bank картасын Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay немесе Garmin Pay-ге қосуға болады. Содан кейін сатып алулар үшін NFC функциясы бар смартфонмен немесе сағатпен төлеуге болады.

 

Картаны қалай белсендіруге болады

Apple Pay

  1. iPhone-да Wallet қосымшасын ашыңыз
  2. Жоғарғы оң жақ бұрышта «+» батырмасын басыңыз
  3. Дебет немесе кредит картасын таңдаңыз
  4. «Жалғастыру» батырмасын басыңыз
  5. Карта деректерін қосып, нұсқауларды орындаңыз
  6. SMS арқылы келген кодпен белсендіруді растаңыз

Төлем жасау үшін бұғаттау батырмасын екі рет басыңыз да, iPhone-ды бұғаттан шығарып, оны терминалға жақындатыңыз.

 

Samsung Pay

  1. Samsung смартфонында Samsung Pay қосымшасын ашыңыз
  2. Жоғарғы оң жақ бұрышта «+» батырмасын басыңыз
  3. Картаны сканерлеңіз немесе карта деректерін енгізіңіз;
  4. Қызмет шарттарын қабылдаңыз
  5. SMS арқылы келген кодпен белсендіруді растаңыз
  6. Экранға саусақпен немесе стилуспен қол қойыңыз

Samsung Pay баптауларында «Жылдам қол жеткізу» функциясын таңдап, картаны пайдалану опциясын таңдаңыз.

 

Google Pay

  1. Android-та «Google Кошелёк» қосымшасын ашыңыз немесе болмаса жүктеп алыңыз
  2. «Әмиянға қосу» батырмасын басыңыз
  3. «Төлем картасын» таңдаңыз
  4. Карта нөмірін, жарамдылық мерзімін және CVV кодты енгізіңіз
  5. Деректерді сақтаңыз
  6. SMS арқылы келген кодпен белсендіруді растаңыз

Карта қосылғаннан кейін кішігірім сома есептен шығарылуы мүмкін — ол автоматты түрде қайта оралады.

 

Garmin Pay

  1. Смартфонда Garmin Connect қосымшасын ашыңыз немесе болмаса жүктеп алыңыз
  2. Garmin Devices бөліміне өтіп, сағатты таңдаңыз
  3. «Garmin Pay» батырмасын басыңыз
  4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз

Төлем жасау үшін сағатта әмиянды ашып, оны терминалға жақындатыңыз

iOS-қа мобильді қосымшаны жүктеу мүмкін болмаса не істеу керек?

Қосымшаны App Store-да таба алмасаңыз, Apple ID елін тексеріңіз:

  1. App Store-ды Ашыңыз  
  2. Профильге өтіңіз: фотосурет немесе инициалдар бар белгіше
  3. Атыңыз бен поштаға басыңыз  
  4. «Country and Region» тармағын таңдаңыз
  5. Қазақстанды таңдаңыз  
  6. Home.kz қосымшасын қайта жүктеп көріңіз
Android және iOS үшін Home.kz қосымшасын қай елдерде жүктеуге болады?

Қосымша келесі елдерде қолжетімді: Австрия, Армения, Беларусь, Бразилия, Ұлыбритания, Германия, Греция, Вьетнам, Испания, Канада, Қазақстан, Қырғызстан, Кипр, БАӘ, Польша, Сингапур, АҚШ, Түркия, Украина, Өзбекстан, Франция, Чехия, Жапония

Home.kz қосымшасы қандай құрылғыларда жұмыс істейді?

Қосымша Android 9-нұсқасынан және iOS 15-нұсқасынан бастап жұмыс істейді. 

Егер жүйе нұсқасы төмен болса, құрылғының бағдарламалық жасақтамасын жаңартып, Home.kz қосымшасын қайта жүктеп көріңіз

Неліктен қосымша Жеке куәлікті суретке түсіруді сұрайды?

Қосымша келесі жағдайларда Жеке куәлікті суретке түсіруді сұрайды:

  1. Телефон нөмірі eGov жүйесіне тіркелмеген. Нөмірді тексеріңіз және қажет болса, оны eGov қосымшасында жаңартыңыз
  2. Қосымшада сіздің цифрлық құжаттарыңызға қолжетімділік жоқ. Қайта тіркеліп көріңіз. SMS арқылы келген кодты енгізіп, құжаттарға қолжетімділікті ашыңыз. Хабарлама 1414 нөмірінен келеді
  3. eGov қызметі уақытша қолжетімсіз. Біраз уақыт күтіп, әрекетті қайталаңыз
Тіркелу кезінде қара экран шықса, не істеу керек?

Егер тіркелу кезінде биометриялық тексеру сәтінде экран қара болып қалса, камераға қолжетімділікті тексеріңіз.  

Қолжетімділікті ашу үшін Телефон баптауларын ашыңыз → Қосымшалар → Home.kz → Камера → Рұқсат беру

Верификациялау кезінде неге қате пайда болады?

Қате бірнеше себеппен туындауы мүмкін:

  • Дұрыс емес деректер енгізілді. Аты-жөніңіз, ЖСН және құжат нөмірі дұрыс көрсетілгенін тексеріңіз
  • Фотосурет түпнұсқа құжаттан жасалмады. Жеке куәліктің өзін суретке түсіріңіз. Экраннан түсірілген сурет жарамайды.
  • Сурет сапасы төмен. Барлық деректер анық көрінуі үшін құжатты жарық жерде суретке түсіріңіз
  • Тексеру қызметі уақытша қолжетімсіз. Біраз уақыт күтіп, әрекетті қайталаңыз
Неліктен қосымшада скриншот жасауға болмайды?

Әзірге скриншот жасау кейбір бөлімдерде қолжетімсіз. 

Скриншотты жеке деректер көрсетілетін бөлімдерде жасауға болмайды — бұл қауіпсіздік үшін қажетті шара.  

Қазір скриншотты тек операциялар тарихында және квитанцияларда жасауға болады. 

Біз скриншот жасау мүмкіндігі басқа бөлімдерде де қолжетімді болуы үшін жұмыс жасап жатырмыз

Телефонмен сөйлесу кезінде қосымшада төлем жасауға бола ма?

Жоқ, телефонмен сөйлесу кезінде төлем жасау мүмкін емес — бұл сіздің ақпаратыңызды алаяқтардан қорғау үшін жасалған шара

Неліктен басты бетте депозит туралы ақпаратты жасыруға болмайды?

Бұл ақпаратты жасыруға болады, ол үшін депозитті таңдаулылардан алып тастау қажет.

Ол үшін:

  1. Басты бетте «Басты бетті баптау» батырмасын басыңыз
  2. «Барлық шоттар» жолағында тегершік белгішесін басып, баптауларды ашыңыз
  3. «Басты беттегі менің шоттарым» бөлімінде депозитті алып тастаңыз