Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған
Қаржылық сауаттылық
10 минут

Депозиттерді сақтандыру: анықтамасы, қандай салымдар сақтандыру жүйесіне кіреді

Депозиттерді сақтандыру: анықтамасы, қандай салымдар сақтандыру жүйесіне кіреді

Салымдарды сақтандыру дегеніміз не?

Салымдарды сақтандыру — бұл салымшылардың тәуекелдерін қорғау үшін мемлекет құрған жүйе. 

 

Банк салымдарды сақтандыру жүйесінде тіркелген кезде ол Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорына (ҚДКБҚ) міндетті жарналар төлей бастайды. 

Егер банк лицензиясы қайтарып алынса немесе ол банкроттыққа ұшыраса және өз клиенттеріне ақшаны қайтара алмаса, қаражат мемлекеттік қордан төленеді.

 

Салымшылар салымдардың сақтандырылуы үшін төлемейді — жеке тұлғалар үшін ол толығымн тегін. Кредиттік-қаржы мекемесі қорға міндетті жарналарды төлейді.

Банктің салымдарды сақтандыру жүйесіне қатысатынын қалай білуге болады?

Банкті ҚДКБҚ сайтындағы тізілімде тексеруге болады.

 

Банк туралы ақпарат тізілімге енгізілген күннен бастап ол салымдарды міндетті сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып танылады. Салымшылардың осы банктегі ақшалары да сол күннен бастап сақтандырылады. Егер тізілімде банк туралы ақпарат болмаса, ал қаржы ұйымының қызметкері депозиттегі ақша сақтандырылған деп айтса, шартқа қол қоюдан бас тартқан жөн. Одан да ақпарат тізілімде пайда болғанша күтуді ұсынамыз.

 

Home Credit Bank — депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қатысушысы, сондықтан біздің салымшыларымыздың ақшасы сенімді түрде қорғалған. Біз тиімді шарттарды ұсынамыз: 17,3%-ға дейінгі жоғары мөлшерлемелер, сондай-ақ қажет болған кезде толықтыруға немесе ақша алуға болатын депозиттер. 

Қандай салымдар сақтандырылады?

ҚДКБҚ міндетті сақтандыру жүйесіне қатысушы банктердегі, сондай-ақ егер олар Қазақстанда болса, басқа елдердің банктерінің филиалдарындағы шоттарда орналастырылған азаматтар мен жеке кәсіпкерлердің қаражатын сақтандырады.

 

ҚДКБҚ келесі қаражат түрлеріне кепілдік береді:

 

  • жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің кез келген салымдарына;
  • лицензия қайтарып алынған күнге есептелген салымдар бойынша пайыздарға;
  • карталар мен шоттардағы ақшаға.

 

Қандай ақша сақтандырылмайды?

 

  • жеке тұлғалардың металл шоттары;
  • банк ұяшықтарында сақталатын ақша және басқа да құнды заттар;
  • Қазақстанда ашылған ислам банктері мен олардың филиалдарындағы салымдар.
  • компаниялардың салымдары;
  • депозиттік сертификаттар.

Сақтандыру төлемінің мөлшері 

Мемлекеттік қор төлейтін өтемақылардың шекті сомалары:

 

  • ұлттық валютадағы жинақ салымдары (депозиттері) бойынша 20 млн ₸;
  • ұлттық валютадағы карточкалар, шоттар және басқа да депозиттер бойынша 10 млн ₸;
  • Шетел валютасындағы карточкалар, шоттар және депозиттер бойынша 5 млн ₸ (қатысушы банктің лицензиясы қайтарып алынған күнге белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша баламада).

Егер бір банкте клиенттің бірнеше салымдары мен шоттары болса, онда олардың әрқайсысы сақтандырылады. Төлем мөлшері жинақталған пайыздармен бірге барлық шоттардағы қаражат сомасы ретінде есептеледі. Есеп айырысу кезінде келесі лимиттер есепке алынады: максималды жалпы кепілдік өтемақы — 20 млн ₸, сондай-ақ шоттың, депозиттің әрбір түрі бойынша болатын шектеулер.

 

Мысал. Медина бір банкте 13 және 5 млн ₸ сомасына екі салым ашты. Компания лицензиясынан айырылған күні Мединаның шоттарында пайыздармен бірге 19,5 млн ₸ болды. Төлем лимиті 20 млн ₸. Мединаның сомасы бұдан төмен, сондықтан қор төлемді толық көлемде жасайды.

 

Бірақ, салымдардан басқа, Мединада банкте 0,8 млн ₸ қалдығы бар жалақы картасы ашылған делік. Карталар үшін өтемақы лимиті 10 млн ₸. Бірақ барлық қаражаттың жалпы қалдығы 19,5 + 0,8 = 20,3 млн ₸ құрайды. Бұл сома лимиттен асып тұр. Бұл жағдайда қор Мединаға тек 20 млн ₸ төлейді.

 

Өтемақыны есептеу үшін онлайн-калькуляторды пайдалануға болады. Банкке орналастырған сомаларды енгізіңіз, ал жүйе соманы есептейді.

 

Егер клиент бір банкте орналастырған сома қордың өтеу лимитінен асып кетсе, ол бұл сома айырмасын банктің тарату комиссиясынан алуы мүмкін. Ол үшін салымшы оған өтінішпен жүгінуі керек. Өтініш беру ережелері мен мерзімдері ҚДКБҚ, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) немесе банктің сайтында жарияланады. Ақпарат тарату туралы шешім заңды күшіне енгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде орналастырылады.

 

Тәуекелдерді азайту үшін депозиттер мен басқа ақшаны бірнеше банктерде ұстаған дұрыс. Бұл жағдайда 20 млн ₸ мөлшеріндегі лимит сомасы әрбір банктегі шот бойынша жеке есептеледі. Егер Медина бір банкте 13 млн ₸, ал басқа банкте 5 млн ₸ салым ашса, онда өтемақыны толық көлемде алушы еді.

Егер банк лицензиясынан айырылса, ақшаны қалай қайтаруға болады?

Лицензиядан айырылған банктің салымдардан, карталардан және шоттардан ақша беруге және оны аударуға құқығы жоқ, сондықтан ақшаны басқа банк немесе ҚДКБҚ қайтарады.

 

Басқа банктегі төлемдер. Егер лицензиясынан айырылған банктің активтері жеткілікті болса, онда уақытша әкімшілік оларды клиенттер алдындағы міндеттемелермен бірге басқа қаржы ұйымына беруі мүмкін. Шешімді ҚНРДА мақұлдауы тиіс. Шешімді қабылдау және келісу үшін лицензия қайтарып алынған күннен бастап 20 жұмыс күні беріледі.

 

Міндеттемелер мен активтерді қабылдайтын қаржы-кредиттік мекеме сатып алушы банк деп аталады. Ол филиалдар желісі бар кез келген тұрақты банк болуы мүмкін. Салымшылар автоматты түрде осы банктің клиенттеріне айналады және депозиттерден ақша алу, шоттарды толықтыру, карталарды пайдалану және т. б. операцияларды жасауы мүмкін.

 

Егер шешім қабылданбаса және келісілмесе, онда ақшаны ҚНРДА төлейді.

 

ҚДКБҚ қорынан жасалынатын төлемдер. Өтемақы алу кезіндегі әрекеттер:

 

  1. Банктің лицензиядан айырылғанын тексеріңіз.

 

Бұл туралы ақпарат сол күні бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ ҚДКБҚ және ҚНРДА  ресми сайттарында жарияланады.

 

  1. Мемлекеттік қор сақтандыру төлемдерінің басталу күні мен тәртібін жариялайтының күтіңіз.

 

Банк лицензиясынан айырылған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде ҚДКБҚ және ҚНРДА сайттарында төлемдердің басталғаны туралы ақпарат жариялайды. Өтемақыны қай банк, қандай бөлімшелерде және қалай төлейтінін білуге болады.

 

  1. Құжаттарды тапсырып, қаражатты күтіңіз.

 

Өтемақы төлеуге өтініштер ҚДКБҚ төлемдердің басталғаны туралы жариялағаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылдана бастайды.

 

Өтемақы алу үшін өтінішті белгіленген нысанда толтырыңыз. Құжатты ҚДКБҚ сайтында электронды түрде жіберуге немесе паспортпен бірге агент-банкке басып шығаруға және ұсынуға болады. 

 

Қор өтініштерді қабылдайтын мерзім — төлемдер басталған күннен бастап 1 жыл ішінде. Бірақ бұны істеуге үлгермеген адамдардың ақшасы жоғалмайды. Егер 12 ай өтсе, ал салымшы өтініш бермесе, онда тиісті сома ерікті зейнетақы жарнасы ретінде зейнетақы қорының (БЖЗҚ) жеке шотына аударылады. 

 

Мерзімді дәлелді себептермен өткізіп алған жағдайда, сақтандыру төлеміне өтінішті келесі жағдайларда кейінірек беруге болады:

 

  • бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне банкті тарату туралы мәлімет енгізілген болса;
  • ерікті жарналар есебінен БЖЗҚ-дан төлем алу құқығы өз күшіне енген жағдайда.

 

Дәлелді себептерге әскери қызметтен өту, шетелде тұру, бас бостандығынан айыру орындарында болу және т. б. сияқты жағдайлар жатады. 

 

Егер сіз өзіңізге тәуелді емес себептермен мерзімді өткізіп алсаңыз, өтінішті сілтемеден жүктеп, оны толтырыңыз. Әрі қарай өтінішті мерзім дәлелді себептермен өткізілгендігін дәлелдейтін құжаттармен бірге ҚДКБҚ-ға тапсырыңыз. 

 

Өтініш алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралады. Яғни, 5 күннен кешіктірмей сізге өтініште көрсетілген деректемелер бойынша ақша аударылады немесе дәлелді бас тарту жөніндегі жауап жіберіледі. Егер сіз бас тартумен келіспесеңіз, оны сотта шешуге болады.

image
Роман Земляков
Сарапшылар:

Танымал өнімдер мен қызметтер