Жарияланды 10.03.2024
Жаңартылды 14.05.2026
5 минут
Сіз белгілі бір соманы жинадыңыз немесе пәтерді/машинаны саттыңыз деп айтайық. Қолыңызда ақша бар. Онымен не істейміз? Ең сенімді шешім — қаржы құралдарына инвестиция салу. Бұл капиталды құнсызданудан қорғауға және оны көбейтуге көмектеседі. Инвестициялауды жаңадан бастайтын адамға Қазақстанда ақшаны қайда салу жөн? Әртүрлі нұсқаларды қарастырып көрейік.
Салым ашылған кезде ақша банкке белгілі бір мерзімге салынады. Бұл үшін банк салымшыға белгілі бір пайыз түрінде сыйақы төлейді. Банк шарт талаптарында мөлшерлемені, минималды соманы, депозит мерзімін және ақшаны орналастыру талаптарын белгілейді.
Депозиттерге ақша салу қауіпсіз болып табылады, өйткені жинақ салымдары 20 млн ₸ дейінгі депозиттерге кепілдік беру жүйесімен қорғалады. Банк қандай да бір жағдайға ұшырап, лицензиясынан айырылса, Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры кепілдік берілген соманы өтейді.
Депозиттер ақшаны тек құнсызданудан қорғайды деген түсінік бар. Бірақ Home Credit Bank жинақ депозитінен ақша табуға болады. Себебі оның мөлшерлемесі жылдық 17,3%-ға дейін болады.
Облигация — бұл борыштық бағалы қағаз. Ол ақшаңыздың мемлекетке немесе коммерциялық компанияға (эмитентке) қарызға берілгенін растайды. Ал эмитент белгіленген пайызды, яғни купондық кірісті төлейді. Мерзімнің соңында эмитент облигацияны өтейді, яғни қарыздың барлық сомасын қайтарады.
Облигациялар депозиттерге қарағанда жоғары кірістілікке ие. Бірақ бұл бағалы қағаздың түріне байланысты болады. Әдетте мемлекеттік облигациялар бойынша купондық мөлшерлеме корпоративті облигацияларға қарағанда төмен. Бірақ олардың сенімділік деңгейі жоғары болады. Мемлекет банкроттыққа ұшырамайды. Сондықтан ақша міндетті түрде төленеді. Корпоративтік акциялардың купондық кірісі жоғары болады. Бірақ компания банкроттыққа ұшыраған жағдайда ақшаны жоғалту қаупі бар. Купондар белгілі бір жиілікпен, мысалы, айына бір рет немесе тоқсан сайын төленеді.
Пайданы тек пайыздардан ғана емес, сондай-ақ қағаз құнынан да алуға болады. Мысалы, облигацияларды дисконтпен, яғни жеңілдікпен сатып алу. Әдетте, мұндай облигациялар бойынша купондық кіріс жоқ. Бірақ мерзімнің соңында эмитент оларды номиналды құны бойынша сатып алады, ал инвестор баға айырмасынан ақша табады.
Облигацияны сатып алу үшін биржалық брокерге жүгіну керек. Әдетте бұл банк арқылы жасалады: олардың өз брокерлері бар. Облигацияны сатып алу өте оңай: ол үшін брокерлік шотты ашу қажет. Оны банктің мобильді қосымшасы арқылы ашып, облигацияларды таңдау керек.
Акция — бұл үлестік бағалы қағаз. Оны сатып алу арқылы сіз акцияларға иелік ететін компанияның үлесін сатып аласыз, яғни оның пайдасынан түсетін пайыздар — дивидендтер алу құқығына ие боласыз. Облигациялар сияқты, акциялар да биржада сатылады.
Акциялардың кірістілігі облигацияларға қарағанда жоғары, бірақ тәуекелдері де көп болады. Дивидендтер компанияның қаржылық нәтижелеріне және оның басқару стратегиясына байланысты болады. Компания дивидендтерді төлеуге кепілдік бермейді: пайда болса да, дивидендтер компанияның дамуына жұмсалуы мүмкін. Егер компания қаржылық қиындықтарға тап болса, төлем сомасы төмендетілуі немесе мүлдем тоқтатылуы мүмкін. Компания банкроттыққа ұшыраған кезде инвестор ақшаны мүлдем жоғалтуы мүмкін. Көбінесе инвесторлар пайданы дивидендтерден емес, акция бағасының өзгеруінен табады.
Тәуекелді азайту және ақша жоғалтпау үшін жақсы беделге ие ірі компаниялардың акцияларына ақша салуға болады. Әдетте олар дивидендтер төлейді және олардың акциялары жақсы өтімділікке ие. Яғни олардың бағасы төмендемейді және оларды нарықтық бағамен оңай сатуға болатынын білдіреді. Мұндай компаниялардың тізімін KASE сайтынан көруге болады.
Бұл ең сенімді активтердің бірі. Жылжымайтын мүліктен қалай ақша табуға болады?
Бірақ жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін қолыңызда ақша болуы керек, ал пайда табу үшін сатып алушыларды немесе жалға алушыларды іздеу, үй-жай мен оның жағдайын үнемі бақылау қажет. Оған қоса жылжымайтын мүлікке ақша салу ұзақ мерзімді болып табылады. Одан нақты пайданы тек 10–15 жылдан кейін табуға болады.
Бағалы металдарға салынатын инвестиция — бұл алтын, күміс, палладий және платинаға ақша салу. Мұндай инвестициялардың үш тәсілі бар:
Бағалы металдарға инвестициялаудың басты артықшылығы: олар инвестициялық портфельдегі активтерді әртараптандыруға мүмкіндік береді және кірістің тәуекелге жалпы қатынасын жақсартады.
Ақшаны кез келген тұрақты шетел валюталарына (евро, доллар, юань) салуға болады. Валюта, әдетте, банктер арқылы немесе биржалық бағам бойынша брокерлік шот арқылы сатып алынады. Валюта арқылы шетелдік валюталарды сатып алып, бағам айырмасында пайда алуға болады.
Ақшаны жоғалтпау үшін макроэкономиканы түсіну керек. Себебі валюта да ақша болып табылады, ол да инфляцияға ұшырайды және құнсызданады. Кейде табыс әкелетін қор құралдарына инвестициялау тиімдірек болады.
Бұл бағдарламалық жасақтама немесе жасанды интеллект сияқты жоғары технологиялық бизнеспен айналысатын стартаптарға ақша салу. Венчурлік жобаларға нарықта жоғары сұранысқа ие болуы мүмкін жоғары әлеуетті жобалар жатады.
Акцияларға келетін болсақ, олар сізге компания үлесіне ие болуға және оның табысынан пайда табуға мүмкіндік береді, ал венчурлік инвестицияларда сіз ақшаны жобаны дамыту үшін бересіз.
Әдетте, жаңа компаниялар өз ұсыныстарын арнайы инвестициялық платформаларда орналастырады. Платформалар модерация жасап, жобаның сапасы мен болжамды тиімділігін дербес түрде бақылайды. Инвестициялаудың минималды мөлшері: 25 мың ₸ бастап.
Кірістілік жылдық 30%-дан асуы мүмкін. Бірақ осы стартаптардың барлығы жетістікке жетпейді. Сондықтан компания банкротыққа ұшыраса, ақша қайтарылмайды.
Тиісті білім мен тәжірибе болмаса, кейбір қаржылық құралдармен жұмыс жасау жоғары тәуекелдерге әкеледі. Өйткені дербес түрде талдау жасап, оған баға беру қиынға соғады. Мұндай жағдайларда алаяқтарға тап болу ықтималдығы арта түседі.
Бұған келесі инвестициялар жатады:
Бірақ бұл токендер заңмен реттелмейді. Оған қоса, токен эмитентінің борыштық міндеттемелері жоқ. Сондықтан тәуекел деңгейі өте жоғары болады.
Бұл сұраққа нақты жауап жоқ. Бірақ инвестициялық құралдарды тәуекел-кірістілік қатынасы бойынша бағалауға болады.
| Тәуекел деңгейі | Төмен | Орташа | Жоғары |
| Құрал | банктік депозиттер; жылжымайтын мүлік; мемлекеттік облигациялар (ФҚО). | коммерциялық компаниялардың облигациялары; беделі жоғары ірі компаниялардың акциялары; мемлекеттік компаниялардың акциялары; бағалы металдар; тұрақты валюталар. | баға белгіленімінің ауытқуы бар валюта; венчурлік инвестиция. |
| Атқаратын функциялар | Капиталды сақтап, табыс алуға мүмкіндік береді | Көбірек ақша табуға мүмкіндік береді, бірақ бағаның өзгеруін болжау арнайы білімді талап етеді | Бұл құралдардан жоғары пайда табуға болады, бірақ барлық инвестицияланған капиталды жоғалту қаупі де өте үлкен. |
Әдетте, құрал неғұрлым қауіпті болса, соғұрлым оны болжау қиынға соғады. Тәуекел деңгейі жоғары инвестициялар үшін алдымен тәуекел деңгейі төмен активтерді қарастырып, тәжірибе жинақтау қажет.
Келесі кеңестерге назар аударыңыздар:
Әрі қарай не істеу керек? Инвестициялар жөніндегі нұсқаулықпен біздің басқа мақаламызда танысыңыз.