Жарияланды 20.08.2024
Жаңартылды 14.05.2026
10 минут
Иә, беру керек. Мұның кем дегенде төрт себебі бар.
→ Балаға берілетін ақша жалақыға ұқсайды . Ол баланы шығындарды жоспарлауға, ақшаны дұрыс жұмсауға және үнемдеуге үйретеді. Осылайша баланың қаржылық сауаттылығы қалыптаса бастайды.
→ Яғни бұл ақша балаға таңдау жасауды үйренуге көмектеседі. Баланың өзі не маңызды және қажет екенін шешеді. Мысалы, қазір тәттілерді сатып алған дұрыс па әлде басқа нәрсеге жинау керек пе? Уақыт өте келе ол шығындарды жоспарлап, тиімді шешімдер қабылдай алады.
→ Бала қателік жасау арқылы үйренеді. Кішкентай кезде қажетсіз сатып алулар көп болады, олар бюджетке қатты әсер етпейді. Ал бала қаржылық сауатты болса, ол өскен кезде қажетсіз сатып алулар жасамай, қарыз бен кредиттерді алмайды.
Бала, әсіресе жасөспірім үшін төлемдерді жасай білу өте маңызды. Мысалы, ол достарына өзі сыйлық таңдағысы немесе ата-анасына тосын сый жасағысы келеді. Уайымдамаңыз: кейбір сатып алуларды бала өзі жасау керек.
Бұның нақты жауабы жоқ. Бала өзі қызығушылық танытқан кезді күту жақсы: мысалы, ол мектепке ақша сұрайды немесе ақша туралы сұрақтар қоя бастайды. Әдетте бұл қызығушылық шамамен 6-7 жаста пайда бола бастайды.
Нақты соманы да атауға болмайды. Ол отбасына байланысты болады. Кеңес ретінде келесі ережелерді ұсынамыз:
Ең басында балаға қолма-қол ақша берген дұрыс: осылайша ол бүкіл процесті анық көре алады. Ал кейін оған картаны ресімдеуге болады.
Негізінде баламен оған қанша керек екенін, оны не үшін жұмсағысы келетінін талқылап, бірге шешім қабылдаған дұрыс. Егер сіз балаға онша көп ақша бере алмасаңыз, уайымдамаңыз: бастысы бәрін ашық айтып, талқылау керек.
Барлығын өз мысалыңызбен көрсетіңіз: балалар үлкен кісілердің істеп жүрген әрекеттеріне қызығады. Ең қарапайым жол — сатып алуларды баламен бірге жасау. Мысалы, егер 5-7 жастағы бала сізбен бірге дүкенге барса, оған сұрақ қойып ақылдасыңыз. Бізде 5 мың ₸ бар, кешкі ас дайындау керек, біз бұл ақшаға не алып дайындай аламыз? Ол үшін бізге не сатып алу керек? Сосын бізде қанша ақша қалады?
Біртіндеп күрделі мәселелерді талқылауға болады. Мысалы, отбасылық бюджетті қалай құрып, ақшаны қалай бөлетініңізді айтуға болады: мысалы, пәтер үшін қанша төлейсіз, азық-түлікке, көлікке және басқа шағындарға қанша ақша жұмсайсыз. Балаға осындай маңызды мәселерді талқылау қызық болады.
Балаңызға өзә қалаған нәрсеге, мысалы қызықты ойыншықтарға немесе ойын-сауыққа ақша жинауды ұсыныңыз. Ол неғұрлым көп ақша жинаса, қалауларына соғұрлым тезірек жете алатынын түсіндіріңіз. Бірақ баланың шағын заттарды сатып алуға да мүмкіндігі болу керек. Бала үшін ақша жинау қиын, ол барлығын бірден жұмсағысы келіп тұрады. Бірақ ұрысудың қажеті жоқ. Ақша жинаған кезде кейде басқа нәрселерге жаратып қою қалыпты жағдай екенін түсіндіріңіз. Немесе ақша жинау қиын болса, басқа мақсатты таңдауды ұсыныңыз. Бірте-бірте бала ақша жинау дағдысын қалыптастырады.
Біздің редакциядағы әріптестеріміз балаларды ақшаны қалай пайдалануға үйретіп жатқанымен бөлісті.
Ирина К., қызы 8 жаста:
«Біз беретін ақшаның бір бөлігі жинақ ақшаға кетеді. Сол ақшаны жұмсауға болмайды, біз бұны қадағалаймыз. Баланы ақша жинауға ынталандыру үшін біз ай сайын ақшаның 10%-ын жинақ ақшаға жібереміз.
Екінші бөлігі күнделікті шығындарға кетеді. Қызымыздың банк картасы бар, төлемдерді сонымен жасайды. Өкінішке орай, ол көбінесе қажетсіз заттарға ақша жұмсап жүр». Ксения У., қызы 7 жаста:
«Ай сайын мен қызыма картасына 5 мың ₸ жіберемін, ал 10 мың ₸ жинақ ақшаға кетеді.
Ол ақшаны жұмсауға болмайды. Біз ақшаны депозитте жинаймыз. Ол депозит бойынша банк пайыздарды есептейді. Мен қызыма кейде депозитте қанша ақша болғанын және банк қанша пайыз қосқанын көрсетемін, оған бұны бақылау ұнайды.
Ол басында күнделікті қажеттіліктерге арналған ақшаны қажетсіз нәрселерге жарататын. Бірақ уақыт өте келе ол ақша жету үшін оны дұрыс есептей бастады. Қазір ол ақшаны сирек жұмсап, тіпті картадағы ақшаны жинап жүр».
|
Егер бала қателессе, уайымдамаңыз. Ақшаны басқаруды үйрену қиын. Егер бала барлық ақшаны жұмсап, тағы сұраса, ұрыспаңыз. Сабырлы түрде ақшаның бәрін қайда жұмсағанын сұраңыз. Егер оған көмек қажет болса, шығындарды алдын ала бірге жоспарлауды ұсыныңыз.
Балаға берілетін ақша қаржылық сауаттылықтың тек бір бөлігі ғана. Балаға тағы не білу керектігін біздің басқа мақаламыздан оқыңыз.
Балаға ақша бермей қоюға болмайды. Іс жүзінде сіз келісімді бұзасыз, бұл баланы қатты ренжітеді.
Жеке қаржы сарапшысы Василий Мещеряков:
Мұндағы ең басты мәселе — жасалған келісім. Егер ақша үнемі беріледі деп келіссеңіз, сөзіңізде тұру керексіз. Бірақ кейбір нәрселер немесе әрекеттер үшін «қосымша ақша» да берілуі мүмкін екенін айту керек. Келісім ақша төленгенге дейін жасалуы маңызды. Ата-аналар да, бала да онымен алдын ала келісуі қажет. Бұл ретте бала өз еркі бойынша келісуі керек.
Егер ата-ана өз қалауы бойынша балаға күнделікті қажеттіліктерге ақша бермесе, бұл ол үшін үлкен қысым. Баланың қаржыға деген көзқарасы нашарлайды, мазасыз, уайымшыл болады. Болашақта бұл жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін». |
Баланы жақсы тәртібі үшін ақшамен ынталандыру — бұл даулы мәселе. Бірақ көптеген психологтар мұны істеудің қажеті жоқ деп санайды. Иә, бала тапсырмаларды мұқият орындап, үй шаруасымен айналысуы мүмкін. Бірақ бұның бәрін көмектесу керек деген ниетпен емес, тек ақша үшін істейді. Егер ата-аналар ақша беруді тоқтатса, бұл мотивация мүлдем жоғалып кетуі мүмкін.
2007-2008 жылдары Гарвард ғалымы Ролан Фрайер балаларға оқу үшін ақша төлеуді ұсынды: бастауыш сынып оқушыларына — кітап оқу үшін, орта мектеп оқушыларына — бақылау жұмыстары үшін, ал жоғары мектеп оқушыларына — негізгі пәндер бойынша бағалар үшін ақша беруді ұсынды. Бала тапсырманы неғұрлым жақсы орындаса, соғұрлым көп ақша табады. Бұл ұсыныстың мақсаты келесідей болды: балалар мектепке жұмысқа сияқты барады, сондықтан олар жалақы алуы керек — сол кезде олар материалды жақсы меңгереді.
Эксперименттің нәтижелері даулы болды. Кейбір мектептерде қорытынды тесттер мен бақылау нәтижелері ештеңе төленбеген балалардың нәтижелерімен бірдей болды. Басқа мектептерде — үлгерім деңгейі сәр ғана өсті.
Қандай қорытынды жасауға болады? Оқуға немесе үйде көмектесуге қызығушылық танытпайтын балаларды ақша ынталандырмайды. Ал басқа жағдайларда ол тіпті зиян келтіруі мүмкін.