Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

«Сіз өзіңізге не рұқсат бересіз?» - Home Credit Bank брендтің жаңартылған стратегиясын ұсынды

Бөлісу

Алматыда банктің «Сіз өзіңізге не рұқсат бересіз?» ұранымен жаңа имиджік науқанының тұсаукесері өтті. Іс-шараға танымал блогерлер, инфлюенсерлер, ірі компаниялардың топ-менеджерлері және креативті индустрия өкілдері жиналады.

«Біздің қоғамда табысты болу үшін басқа адамдар сияқты өмір сүру, жұмыс істеу, шешім қабылдау, сауда жасау керек деп саналады. Бірақ әлем тез өзгеруде және бүгін бірегейлік өте маңызды. Менің ойымша, әрбір адам басқалардың айтқанына қарамай өзін көрсетуге құқылы. Осылайша Home Credit Bank-тің «Сіз өзіңізге не рұқсат бересіз?» ұранымен жаңа имидждік науқан идеясы пайда болды. Біз әрбір жанды көптен ойлап жүрген армандарын орындауға шақырамыз», - деп «Home Credit Bank» АҚ маркетинг директоры Мария Мун өз ойынайтты.

Бүгінгі таңда Home Credit Bank өнімдері клиенттерге қаржыны басқару арқылы барынша пайда алуға мүмкіндік береді. Банк СЖТМ 17,8%-ға дейінгі депозиттер бойынша ең тиімді шарттарды, дебет карталары бойынша кешбэктер мен акцияларды, бөліп төлеуге сатып алу және тағы басқа мүмкіндіктерді ұсынады. Банктің өнімдерін 1,5 миллионнан астам клиент пайдаланады.

«Неліктен Home Credit Bank? Бұл банкпен сіз өзіңізге көбірек рұқсат бере аласыз. Өзіңіз қалайтындай еркін өмір сүру үшін сізге екі шарт қажет. Бір жағынан – қаржылық мүмкіндіктер. Екінші жағынан – қолдау көрсететін, барлығын еркін өмір сүруге шақыратын және ынталандыратын қауіпсіз қауымдастық. Home Credit Bank осы екі шартқа сәйкес келеді. Банкте негізгі қаржы өнімдері бойынша ең тиімді шарттар бар: рекордтық сыйақы мөлшерлемелері бар депозиттер, жоғары кешбэктер, басқа банктердің карталарына тегін аударымдар. Ал жақында ШОБ үшін жаңа цифрлық банк - Home Credit Business жыл соңына дейін 0 теңге тарифімен іске қосылды. Екінші жағынан – Home Credit Bank бұл жоғары сапа стандарттары, қағидалары мен құндылықтары бар Еуропалық банк. Мысалы, банк ESG жобаларын, креативті индустрияны бұрыннан бері қолдайды. Ал қазір банк өзін көрсетуге ұмтылатын жолда бір-бірін қолдайтын адамдардың тұтас қауымдастығын құруда», - деген ойымен «Home Credit Bank» АҚ маркетинг директоры Мария Мунбөлісті.

«Сіз өзіңізге не рұқсат бересіз?» жарнамалық науқаны барлық негізгі жарнамалық ақпарат құралдарында – теледидар мен радиода, сыртқы жарнамада және digital-да іске қосылды. Сонымен қатар банк инфлюенсерлермен және масс-медиамен бірнеше арнайы жобалар мен коллаборацияларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Жарнамалық науқанды әзірлеуге Great халықаралық жарнама агенттігі қатысты. «Біздің басты міндеттеріміздің бірі банктің жаңа позициясының мәнін мүмкіндігінше айқын, батыл және қызықты түрде көрсету жолын табу болды. Еркіндікті, армандарды, жетістіктерді көрсетуді мақсат еттік. Барлығы бізден «Сіз өзіңізге не рұқсат бересіз?» деп сұрайтындай етіп науқанды жасағымыз келді. Біздің идеямыз осылай пайда болды – бір сұрақ, ал оған миллион жауап болуы мүмкін. Кейбіреулер өзіне ең қымбат заттарды таңдауға мүмкіндік береді, біреу басқаларға еліктемеуді, біреу бәрін тастап, оқуға баруды таңдайды. Бұл сұраққа әркімнің өз жауабы болады. Бұл керемет емес пе? Біз бұл идеяға сеніп, презентацияда оны ғана ұсындық. Әріптестеріміз де бізді қолдады!», - деп айтты Great креатив агенттігінде.

 

Банк туралы

Home Credit Bank Қазақстанда 2005 жылдан бастап жұмыс істейді. Клиенттердің белсенді базасы 1,5 млн адамды құрайды, оның 90%-дан астамы Банктің кем дегенде екі өнімін пайдаланады. Банк штаб-пәтері Прагада (Чехия) орналасқан халықаралық PPF тобына кіреді.

Great агенттігі туралы

GREAT — 1996 жылы құрылған, 100-ден астам қызметкері бар тәуелсіз жарнамалық топ. Агенттік стратегия әзірлеу, креатив, видеопродакшн, digital media қызметтерімен қатар, коммуникациялық қызметтердің толық кешенін жүзеге асырады.

08.09.2023

Бөлісу

Басқа мақалалар

ЕҰ ВТБ Қазақстан АҚ-мен өзара әрекетті тоқтату

Құрметті клиенттер,ЕҰ ВТБ Қазақстан АҚ-ға (бұдан әрі – ВТБ Қазақстан) қатысты енгізілген

“Home Credit Bank” АҚ Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер

"Home credit Bank" АҚ Акционерлердің жалпы жиналысының отырысы өткенін хабарлайды. Директорлар

Астанада қала тұрғындары мен ШОБ үшін Home Credit Bank-тің екі жаңа бөлімшесі ашылды

Home Credit Bank Астанада екі жаңа бөлімше ашты. Нәтижесінде елордадағы бөлімшелер мен шағын