“Home Credit Bank” АҚ Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер

Бөлісу

"Home credit Bank" АҚ Акционерлердің жалпы жиналысының отырысы өткенін хабарлайды. Директорлар кеңесі құрамының үш жылдық мандаты аяқталды, сондықтан жиналыста ДК-нің сандық құрамы мен өкілеттік мерзімі айқындалды. 

Сонымен қатар Директорлар кеңесінің құрамынан тәуелсіз директор Б.Полачек кетті. Ол Банктің Директорлар кеңесінде 10 жылдан астам уақыт бойы әрекет етті. ҚР заңнамасында тәуелсіз директорлар үшін өкілеттіктің шекті мерзімі қарастырылған. ҚР заңнамасы сондай-ақ ДК мүшелерінің жалпы саны мен ДК тәуелсіз директорлары арасындағы пропорционалды арақатынасты айқындайтынын ескере отырып (ДК мүшелерінің жалпы санының кемінде 1/3 бөлігі тәуелсіз директорлар болуға тиіс), бұл мән-жайларды жалпы жиналыс осы күн тәртібі бойынша шешім шығарған кезде назарға алды.

Кирил Бачваров Банктің Басқарма төрағасы болғандықтан және бизнесті дамытудың стратегиялық мәселелерінде белсенді рөл атқаратындықтан, ол Директорлар кеңесі мүшесі бола алмайды деген шешім қабылданды.

Home Credit Bank баспасөз қызметі Банк өз жұмысын әдеттегідей және белгіленген стратегиялық мақсаттарға сәйкес жалғастыратынын хабарлайды. 

 

Анықтама: 

Home Credit Bank - еуропалық акционерлері бар Қазақстандағы жалғыз банк (Халықаралық PPF тобы). 

2024 жылғы 1 шілдеде банктің активтері жылдың бірінші жартыжылдығында 102 млрд теңгеге ұлғайып, 905 млрд теңгені құрады. Осы кезеңде несие портфелі 93 млрд теңгеге өсіп, 707 млрд теңгені құрады. 2024 жылғы маусымның қорытындысы бойынша клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) салымдарының көлемі 433 млрд теңгені құрады, бұл ағымдағы жылдың басындағы көрсеткіштен 68 млрд теңгеге артық.

22.08.2024

Бөлісу

Басқа мақалалар

Fitch Ratings агенттігі Home Credit Bank-тің рейтингін ForteBank-пен жасалған мәміледен кейін «Тұрақты» болжамымен растады

Халықаралық рейтинг агенттігі Fitch Ratings АҚ «Home Credit Bank»-ке (ЕБ

Home Credit Bank және Yandex Qazaqstan ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Home Credit Bank Kazakhstan және Yandex Qazaqstan стратегиялық әріптестікті бекітетін ынтымақтастық

Шолпан Нурумбет Home Credit Bank Басқарма Төрайымы болып тағайындалды

Алматы, 2025 жылғы 11 желтоқсан – «Home Credit Bank» АҚ (ДБ «ForteBank» АҚ) Директорлар кеңесі