Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Астанада қала тұрғындары мен ШОБ үшін Home Credit Bank-тің екі жаңа бөлімшесі ашылды

Бөлісу

Home Credit Bank Астанада екі жаңа бөлімше ашты. Нәтижесінде елордадағы бөлімшелер мен шағын кеңселердің саны 14-ке дейін өсті. Онда қала тұрғындары мен кәсіпкерлеріне Қазақстандағы жалғыз еуропалық банктің қаржылық қызметтері қолжетімді. Жаңа бөлімшелер көлік тұрақтары бар ыңғайлы жерлерде орналасқан. 

«Астанамыз қарқынды түрде дамып келе жатыр, қала тұрғындарының саны үнемі өсуде. Қазір елордамызда 1,5 миллион адам тұрады. Сондықтан қаржылық операцияларды жүргізу қажеттілігі де өсіп келе жатыр. Ай сайын елордалық клиенттеріміздің саны 3,5 мың адамға артып келеді. Біздің қызметтер мен өнімдеріміз үлкен сұранысқа ие: II тоқсанда Астанада ашылған депозиттер саны 40%-ға өсті. Астананың 43 000 тұрғыны біздің кредит және дебет карталарын қолданып жатыр. Бұл сұранысқа сәйкес болу үшін және қызмет көрсетудің жоғары сапасын сақтау үшін біз екі қосымша бөлімшені ашуға шешім қабылдадық. Күнделікті операцияларды жүргізу үшін клиенттер цифрлық арналарды пайдаланса да, бөлімшелер банк пен клиент арасында жақсы қарым-қатынас орнатуда маңызды рөл атқарып отыр. Жаңа бөлімшелердің ашылуы біздің «Көмектесуге қуаныштымыз» стратегиямыздың жалғасы болып табылады. Өйткені біз қызметтерімізді онлайн да, офлайн да ұсынуға дайынбыз. Біз қала тұрғындары мен кәсіпкерлерін Home Credit Bank-тің қызмет көрсету нүктелеріне шақырамыз. Мұнда менеджерлеріміз барлық сұрақтарға жауап беріп, цифрлық қызметтер туралы кеңес береді», - деп атап өтті Home Credit Bank басқарма төрағасы Кирил Бачваров.

Қазір Home Credit Bank-те ыңғайлы кредиттер, жоғары кешбэк бар дебет карталары, тегін төлемдер мен аударымдар, ақша жинау мен инвестициялаудың әртүрлі нұсқалары қолжетімді. Банкте 18%-ға дейінгі жылдық тиімді мөлшерлемесі бар депозиттерді, 17,9%-ға дейінгі депозиттік сертификаттарды және 7%-ға дейінгі банктің долларлық облигацияларын ресімдеуге болады.

Қазақстандықтарға OZEN бөліп төлеу картасы қолжетімді. Оның көмегімен бүкіл әлем бойынша және интернет арқылы тауарлар мен қызметтерді серіктестік желіге қосылмай бөліп төлеуге (0-0-6) сатып алуға болады. Бұл карта әлемдегі кез келген банкоматтан қолма-қол ақша алуға және мобильді қосымша арқылы ақша аударуға мүмкіндік береді.

Бұл қызметтер тек банк бөлімшелерінде ғана емес, Home.kz қосымшасын жүктеп, смартфон арқылы да қолжетімді.  Сондай-ақ ШОБ үшін банкте HCB Business жеке қосымшасы бар, оның көмегімен барлық бизнес операцияларды онлайн жүргізуге болады. Бұл қызмет жақында ғана қосылса да, қазірдің өзінде Астанада 1500 белсенді серіктесіміз бар. Кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 42 мекенжайында орналасқан жаңа бөлімше офлайн қызмет көрсететін болады. Бөлімшеде кәсіпкерлерге бизнесті дамыту үшін кешенді қызметтер қолжетімді.

«Біз қала тұрғындары мен кәсіпкерлерге күнделікті операцияларды жүргізуге арналған қызметтерді, карточкалық, кредит және депозит өнімдерін ұсынамыз. Бүгінгі таңда біздің банкте жалпы сомасы 34 млрд теңгені құрайтын 27 000 елордалық салымшы өз жинақтарын сақтауда. Астанада 43 мың клиент біздің ыңғайлы төлем карталарымызды пайдаланады: 35000 тұрғының дебет және тағы 8000 тұрғының кредит карталары бар. Бірақ банк Астанада одан әрі дамып өседі деп ойлаймыз. Тұрғындарға біздің үздік шешімдеріміз бен жаңа бөлімшелеріміз ұнайды деп үміттенеміз», - деп айтты Астана қаласы филиалының директоры Анара Абдрахманова.

Home Credit Bank-тің жаңа бөлімшелерінде тәулік бойы жұмыс істейтін терминалдар және банкоматтар бар. Мекенжайлары:

  • Мәңгілік ел даңғылы, 42. Филиал ерекше қажеттіліктері бар клиенттерге қызмет көрсету үшін арнайы құралдармен жабдықталған.
  • Сейфуллин көшесі, 33.

Бөлімшелердің жұмыс уақыты: жұмыс күндері 9:00-18:00, сенбі 10:00-14:00. Жексенбі демалыс.

Банк Қазақстан бойынша жаңа филиалдар ашуды жалғастыруда: 2024 жылдың басынан банк Қызылордада филиал, ал Ақтөбе, Түркістан мен Таразда жаңа бөлімшелер ашты. Банктің республика бойынша барлығы 200 шағын кеңсесі мен бөлімшесі бар. Олар Қазақстанның.

25.07.2024

Бөлісу

Басқа мақалалар

ЕҰ ВТБ Қазақстан АҚ-мен өзара әрекетті тоқтату

Құрметті клиенттер,ЕҰ ВТБ Қазақстан АҚ-ға (бұдан әрі – ВТБ Қазақстан) қатысты енгізілген

“Home Credit Bank” АҚ Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер

"Home credit Bank" АҚ Акционерлердің жалпы жиналысының отырысы өткенін хабарлайды. Директорлар

Астанада қала тұрғындары мен ШОБ үшін Home Credit Bank-тің екі жаңа бөлімшесі ашылды

Home Credit Bank Астанада екі жаңа бөлімше ашты. Нәтижесінде елордадағы бөлімшелер мен шағын