Соңғы уақытта алаяқтықтың жаңа түрі – вишинг (voice + phishing – дауыс фишингі)шыға бастады. Қаскүнем өзін банк қызметкері ретінде таныстырады.
Егер сізге қоңырау шалып, келесідей ақпаратты ұсынатын болса, сақ болыңыздар:
– Алаяқтық кредитті жою/жабу үшін «қосымша кредитті» ресімдеу;
— Ақша қаражатын сақтау үшін "сақтандыру ұяшығына" аудару;
- Біреу «сенімхат бойынша» клиентке алаяқтық кредит ресімдеді деп қорқыту.
Алаяқ клиентке қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырады, содан кейін клиенттен оның жеке деректерін - аты-жөнін, ЖСН, сканерленген жеке куәлігін, жеке фотосуретін, карта нөмірін, берілген күнін, CCV және бір реттік кодтарды клиентті қорғау кейпімен сұрайды. Сондай-ақ, алаяқ клиенттен оның құрылғысына қашықтан қосылу үшін қосымша орнатуды сұрауы мүмкін.
Кейін алаяқтардың ықпалымен клиент ӨЗІ кредит ресімдейді, ақшаны өзі аударады немесе алаяққа өзінің мобильді қосымшасына кіруге мүмкіндік береді.
Онлайн ресімдеуден бөлек, терминал арқылы клиенттер банк бөлімшесіне келіп, қолма-қол кредит ресімдеп, ақшасын алып, алаяқтардың есепшотына өздері жіберетін жағдайлар да кездеседі.
Неліктен клиенттер фишингке тап болады:
Алаяқтар өздерін Қауіпсіздік Қызметінің, экономикалық қауіпсіздікпен байланысты мемлекеттік органдардың (негізінен полиция бөлімшесінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының немесе OLX сатып алушыларының қызметкерлері ретінде таныстырады. Көбінесе олар клиентке алаяқтардың оның ақшасын ұрламақ болғанын айтады. Әрі қарай, клиентті қорғау кейпімен олардан «сақтандыру ұяшығына/сақтандыру шотына» ақша аударуды немесе «қосымша кредитті» ресімдеуді сұрайды. Сосын бір-екі күн ішінде банк кредитті жауып тастайды деп уәде береді. Дәлел ретінде алаяқтар клиентке жалған құжаттарды жібереді, мысалы: жалған жеке куәлік, жалған чектер, жалған кредитті жою туралы шарт.
Біз алаяқтың айлаларына ілініп қалмау тәсілдерін толығырақ айтып береміз.
❌ Күмәнді сайттарға картаңыздың мәліметтерін енгізбеңіз
Сілтемелермен абай болыңыз. Алаяқтар түпнұсқа сайтқа ұқсайтын сайттар жасайды, осылайша сіз сайтқа енгізген барлық ақпарат ұрының қолына түсуі мүмкін. Мәміленің сенімділігіне сенімді болмасаңыз, картаңыздың мәліметтерін (жарамдылық мерзімі, артқы жағындағы cvv/cvc коды) енгізбеңіз.
❌ Картаңыздың фотосуреттерін жібермеңіз.
Картаңыздың фотосуреттерін ешқашан әлеуметтік желілерде орналастырмаңыз, карта деректерін мессенджерлер арқылы үшінші тұлғаларға жібермеңіз.
❌ "Кодты ешкімге айтпаңыз" мәтіні бар SMS-тегі бір реттік кодты ешкімге айтпаңыз.
Телефон нөміріңізге бір реттік код бар SMS жолдау арқылы банк сізді рұқсат етілмеген карта транзакцияларынан қорғайды.
❌ Үшінші тараптың сұрауы бойынша бөгде қосымшаларды орнатпаңыз.
Алаяқтар мәміле жасау үшін ұялы телефоныңызға қосымшаны (мысалы, TeamViewer, Anydesk) орнатуды сұрауы мүмкін. Мұндай қосымшалар алаяқтарға телефоныңызды, сонымен қатар смартфондағы кез келген деректерді толық бақылауға мүмкіндік береді.
❌ Алаяқтар ресімдеген кредитті жою немесе ақшаңызды қорғау мақсатында үшінші тұлғалардың талабы бойынша кредит ресімдемеңіз.
Алаяқтар жалған алаяқтық кредиттің күшін жою немесе қаражатыңызды қорғау үшін сізден кредит ресімдеуді сұрауы мүмкін.
⠀
✅ Егер сіздің картаңыздың деректері алаяқтың қолына түссе не істеу керек?
⠀
1. 7373 нөміріне қоңырау шалу арқылы картаны бұғаттаңыз.
2. Мобильді қосымшада құпия сөзді өзгертіңіз.
3. Картаны қайта шығару үшін филиалға хабарласыңыз.
Біздің ұсыныстарымыз: алаяқты қалай тануға және өзіңізді қорғауға болады?
1. Өзін «банк қызметкері» деп таныстырған адаммен телефон арқылы сөйлесу немесе хат алмасу барысында сіз алаңдаушылық пен дүрбелеңді сезінуіңіз мүмкін. Себебі алаяқтар «қорқыту және алу» тактикасын жиі қолданады. Қаскүнемдер клиентті аффект күйінде олардың нұсқауларын орындауға эмоционалды түрде қысым жасайды.
2. Қауіпсіздендіру мақсатында алаяқтар ақшаңызды ұрлап кетпеуі үшін мобильді қосымшада картаңызды бұғаттаңыз. Содан кейін Банкке қоңырау шалып, жағдайды түсіндіріңіз және шотыңызды тексеруді сұраңыз.
3. Қаскүнемдер құрылғыңызға қашықтан қол жеткізуді қамтамасыз ететін Any Desk, teamViewer және т.б. бөгде қолданбаларды жүктеп алуды сұрауы мүмкін. Ешбір жағдайда жүктемеңіз.
4. Жоғарыдағы қосымшаларды жүктеп алған болсаңыз, телефонды өшіріп қайта қосыңыз. Бұл сіздің телефоныңызбен байланысты үзіп, алаяқтарды деректеріңізді көру мүмкіндігінен айырады.
Қауіпсіздік жөніндегі кеңестеріміз сізге ешқашан қажет болмайды және алаяқтыққа тап болмайсыз деп үміттенеміз.
Назарларыңызға рақмет, өзіңізге және деректеріңізге сақ болыңыздар!