Маңызды жаңалық!
Біз «Төлем демалысы» аяқталғаннан кейін клиенттерімізге бұрын ұсынылған мерзімін ұзарту механизмі бойынша төлемдерді өтеу қиынға түсетінін түсінеміз.
Сондықтан клиенттер мен олардың отбасыларын қолдау бағдарламасын жаңарттық.
Енгізілген өзгерістер кредит беру мерзіміне, ай сайынғы төлемдерге, сондай-ақ төлем мерзімін ұзарту кезеңінде есептелген сыйақыны бөлу тәртібіне қатысты.
Мысалы:
Алдыңғы шарттар бойынша төлем мерзімін ұзарту кезеңінде есептелген сыйақы есебінен ай сайынғы төлем мөлшері ұлғайтылған болатын.
Қазір ай сайынғы төлем мөлшері бұрынғыдай қалады. Төлемдер саны артады. Төлем мерзімін ұзарқаны үшін сыйақы төлем кестесінде қосымша төлемдер ретінде ұсынылатын болады.
Назар аударыңыз!
Жаңа шарттар төлем мерзімін ұзартқысы келетін жаңа клиенттерге де, 15/05/2020 жылға дейін төлем мерзімін ұзартуға өтінім берген клиенттерге де қолданылады.
Шарттармен, сондай-ақ ең жиі қойылатын сұрақтарға жауаптармен толығырақ төменде танысуға болады.
Кредит мерзімі өзгереді ме?
Кредит шартының мерзімі төлем мерзімін ұзарту (төлем демалысы) кезеңіне сай ұзартылады және ай сайынғы төлем сомасы бұрынғыдай қалады.
Клиентке төлем мерзімін ұзарту кезеңі үшін сыйақы есептелетін болады.
Төлем мерзімін ұзартқаны үшін сыйақы төлем кестесінде бір төлем сомасы ағымдағы ай сайынғы төлем сомасынан аспайтын мөлшерде қосымша төлем ретінде қойылады.
Мысалы: Сіздің ай сайынғы төлеміңіз 10 000 теңге болса, барлық кезең үшін төлем мерзімін ұзартқаны үшін сыйақы 12500 теңгені құрайды. Мұндай жағдайда төлем мерзімін ұзартқаны үшін сыйақы 10 000 және 2500 теңге мөлшерінде 2 төлем ретінде ұсынылады.
Ай сайынғы төлем мөлшері өзгереді ме?
Ай сайынғы төлем мөлшері бұрынғыдай қалады. Төлемдер саны артады.
Егер клиенттің кредит шарты бойынша номиналды сыйақы мөлшері 0% - дан жоғары болса, онда шарт мерзімі x айға артады, бұл ретте ай сайынғы төлем сомасы ұлғаймайды.
Келесі төлемді қашан төлеу қажет?
Х айдан кейін төлем кестесіне сәйкес жоспарлы өтеу күні.
Төлем мерзімі ұзартылған кезеңнен кейін ағымдағы кредит бойынша шарттар өзгереді ме?
Ай сайынғы төлем сомасы қалады, кредит мерзімі/ай сайынғы төлемдер саны артады.
Кредит бойынша артық төлем ұлғаяды ма?
Иә, кредит бойынша артық төлем мөлшері артады, өйткені төлем мерзімін ұзарту кезеңінде Банк тарапынан кредитті пайдаланғаны үшін сыйақы (шарт бойынша номиналды мөлшерлемеге сәйкес есептеледі) ұсталады.
Кредит бойынша артық төлемді азайтуға болады ма?
Иә, Сіз кредитті алдын ала өтей отырып, артық төлемді азайта аласыз.
Төлем мерзімін ұзарту кезеңінде сыйақы есептеледі ме?
Иә, Банк тарапынан кредитті пайдаланғаны үшін сыйақы (шарт бойынша номиналды мөлшерлемеге сәйкес есептеледі) ұсталады. Бірақ төлем мерзімін ұзарту кезеңінде ай сайынғы төлемді енгізудің қажеті жоқМаңызды жаңалық!

Иә, Банк тарапынан кредитті пайдаланғаны үшін сыйақы (шарт бойынша номиналды мөлшерлемеге сәйкес есептеледі) ұсталады. Бірақ төлем мерзімін ұзарту кезеңінде ай сайынғы төлемді енгізудің қажеті жоқ.
Кредит бойынша сыйақы сомасын қалай білуге болады?
Өтінімді берер алдында Банк менеджері немесе оператор тиісті соманы клиентке айтады, сондай-ақ ақпаратты мобильді қосымшадан білуге болады.
Сыйақы сомасын қалай есептеуге болады?
Сыйақы сомасы төмендегідей есептеледі:
Кредит бойынша номиналды мөлшерлеме * өтелмеген мерзімі өтпеген негізгі борыш * төлем мерзімі ұзартылған айлар саны
Төлем мерзімін ұзарту кезеңінде өсімпұл есептеледі ме?
Жоқ, себебі клиент төлем мерзімін ұзартады.
Жаңа өтеу кестесін қайдан көруге болады?
1/06/2020 жылдан кейін банктің мобильді қосымшасында
Өтеу кестесінің қағаз нұсқасын қайдан алуға болады?
1/06/2020 жылдан кейін Банктің кез келген бөлімшесінде немесе микро-кеңсесінде
Кредит шартына қосымша келісімге қол қою қажет пе?
Жоқ, қосымша ештеңеге қол қоюдың қажеті жоқ.
Төлем мерзімін ұзарту кредит тарихына әсер етеді ме?
Төлем мерзімін ұзарту кредит тарихына теріс әсер етпейді.
Төлем мерзімін ұзарту жеңілдікті шарттарға қалай әсер етеді (акциялық төлемдер және т. б.)?
Егер клиент жеңілдікті өтеудің барлық шарттарын (төменде) орындаған болса, төлем мерзімін ұзарту кезінде жеңілдікті шарттар (акциялық төлемдер және т.б.) сақталады:
Жеңілдікті өтеу кезеңі қарастырылған өнімдер: жеңілдікті өтеу күніне дейін (+ төлем демалысы берілген ай) кредитті өтеу үшін өтініште көрсетілген төлем және есептелген сыйақы сомасын (бар болса) енгізсе
Акциялық төлемдер қарастырылған өнімдер: акциялық төлемнің алдындағы күнге дейін ай сайынғы төлем мен есептелген сыйақы сомасын (бар болса) енгізсе
Қандай кредит түрлері бойынша төлем мерзімін ұзартуға болады?
2020 жылғы 18 наурызға дейін ресімделген барлық кредиттер мен кредит карталары бойынша төлем мерзімін ұзартуға болады.
Төлем мерзімін ұзарту кезеңінде кредитті алдын ала өтеуге болады ма?