Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Банк Хоум Кредит Арыс қаласының тұрғындарына төлем демалыстарын береді

Бөлісу

Арыс қаласында болған төтенше жағдайға байланысты «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ басшылығы зардап шеккен қаланың банк клиенттеріне бір айға дейін төлем демалыстарын беруге шешім қабылдады.

1. Төлем демалыстары кімге беріледі?

Банктің ішкі шарттарына сәйкес, төлем демалыстары Арыс қаласының тұрғындарына несие шарттары бойынша 1 (бір) айға беріледі.

2. Төлем демалыстарын алу үшін не істеу керек?

Банктің ішкі шарттарына сәйкес, Арыс тұрғындарының несие шарттары бойынша бір айға айыппұл және өсімдерді есептеуді тоқтатты.

3. Егер несие Арыс қаласының аумағынан тыс жерде рәсімделсе, төлем демалыстарын алу үшін не істеу керек?

Егер клиент Арыс қаласының тұрғыны болса, бірақ несие рәсімдеген кезде басқа байланыс мекен-жайын көрсеткен жағдайда, төлем демалыстарын алу үшін немесе айыппұлды жою үшін банкке жазбаша өтініш және Арыс қ тұрғыны екенін растайтын құжатты (тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы) жіберу керек. Құжаттарды банк бөлімшелеріне және электронды түрде client@homecredit.kz поштасына жіберуге болады, құжаттырды қабылдауда шектеулер жоқ.

4. Төлем демалыстары берілген уақытта айыппұл/өсім өндіріле ме?

Төтенше жағдай орналасқан уақыттан бастап қазіргі уақытқа дейін айыппұл/өсім өндірілмейді.

5. Туындаған сұрақтар бойынша қайда хабарласуға болады?

Клиенттер байланыс орталығына тегін 7979 номеріне, client@homecredit.kz электронды поштасына және банктің ресми әлеуметтік желілеріне Instagram, Facebook, Vk.com хабарласа алады.

28.06.2019

Бөлісу

Басқа мақалалар

Мамырдағы техникалық жұмыстар

16 мамырда 00:00–04:00 аралығында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі.Бұл уақытта келесі

2025 жылғы 9 мамырдан бастап депозиттер бойынша өзгерістер енгізіледі

2025 жылғы 9 мамырдан бастап депозиттер бойынша мөлшерлемелер өзгереді:АтауыМерзімі (ай)Номиналды

2025 жылдың 6 мамырынан бастап жаңа АҚШ долларлық дисконттық облигацияларын сату

2025 жылдың 6 мамырынан бастап  жаңа АҚШ долларлық дисконттық облигациялары сатыла