Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Депозиттік сертификат

Бөлісу

Соңғы бірнеше шығарылымдар барысында FinClass айдарының сарапшылары алаяқтардың «арбауына» түспеу үшін не істеу керектігі, олардың қандай амал-тәсілдерді қолданатыны және сіз жинаған қаражатты жоғалтып алмау үшін не істеу қажеттігі және қажет еместігі жөнінде кеңестер берген.

Дегенмен, жоқ нәрсені жоғалту мүмкін емес. Келісесіз бе?

Сондықтан бүгін біз сіздермен бірге ақша қаражатын тек сақтау ғана емес, сонымен бірге оны тиімді түрде көбейту жолдарын талдаймыз. Өйткені қаражатты тиімді салу мәселесі ең өзекті мәселелердің бірі болып қалуда.

Жылжымайтын мүлікке, депозиттерге немесе валютаға ақша салу сияқты бүкіл жұртқа белгілі инвестициялардан басқа да инвестициялау көздері нарықта бар. Солардың бірі – депозиттік сертификат, оның мақсаты –  қаражатыңызды сақтау және оны көбейту болып табылады.

Бұл өнім банктік қызметтер нарығында жақында ғана 2016 жылы пайда болған және оны барлық қаржы институттары ұсына алмайды.

Депозиттік сертификат дегеніміз не және оның тиімділігі неде?

Зерттеп көрейік.

Депозиттік сертификат – бұл бағалы қағаз, бұл қағаз оның иесі банкке белгілі бір ақша сомасын сақтауға енгізгенін растайды. Сертификатта құжаттың қолданылу мерзімі, сақтау және өтеу шарттары мен пайыздық мөлшерлемесі көрсетіледі.

Салымның мұндай түрі әдеттегі депозиттерге қарағанда жоғары кірістілік алуға мүмкіндік береді.

Нарықтағы осы бағалы қағаздың құны 500 мың теңгеден басталады және одан жоғары соманы құрайды. Сертификат 12 ай айналыс мерзімін, жылына 14.5% дейін сыйақы мөлшерлемесін көздейді.

Қарапайым депозиттер 9%-дан 13,4%-ға дейінгі мөлшерлемені ұсынатынын ескерсек, бұл өте тиімді ұсыныс екеніне келісесіз бе?

Бұл ретте депозиттік сертификатқа салынған ақша қаражатына Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры кепілдік бермейтінін атап өту керек, сондықтан сарапшылар банкті оның сенімділігі бойынша мұқият таңдауға кеңес береді. 

Депозиттік сертификатты өзге тұлғаға беруге, мұраға қалдыруға, мысалы, 8 наурызда сыйлауға болады. Болашаққа ұзақ мерзімді инвестиция көзделген өте ерекше әрі пайдалы сыйлық болмақ.

10.09.2021

Бөлісу

Басқа мақалалар

«Стандартты 2.0» депозиттік сертификаты мөлшерлемесінің өзгеруі

2025 жылғы 19 сәуірден бастапPrime клиенттері үшін «Стандартты 2.0» депозиттік сертификатының

Prime клиенттеріне арналған «Икемді» депозиттік сертификатының іске қосылуы

2025 жылғы 19 сәуірден бастап Prime клиенттері үшін «Икемді» депозиттік сертификаты іске

2025 жылғы 17 сәуірден бастап «Жинақтаушы Хоум Плюс», «Оңай» және «Пошталық» депозиттері бойынша өзгерістер енгізіледі

2025 жылғы 17 сәуірден бастап «Жинақтаушы Хоум Плюс», «Оңай» және «Пошталық» депозиттері бойынша