Саяхатшыларды қорғау

Кредиттер

Дебеттік карталар

Кредит карталар

Депозиттер мен инвестициялар

Сақтандыру

Қызметтер

Басқа өнімдер

Архивтік өнімдер

HCB Business

Бөлімдерге қайта оралу
«Саяхатшыларды қорғау» қызметі қанша тұрады?

Жылына 5 800 ₸

Сақтандыру жағдайына не жатады?

Сақтандыру жағдайына келесілер жатады: 

  • Жазатайым оқиға — ұшу мен сапарға дейін, ұшу кезінде және одан кейін 
  • Сапар болмай қалса
  • Визадан бас тартылса
  • Рейстің немесе пойыздың кешіктірілуі
  • Багаждың жоғалуы
  • Құжаттардың жоғалуы
Сақтандыру жағдайында қандай сома төленеді?

Төлемдердің максималды сомасы — 1 470 000 ₸:

  • Жазатайым оқиға: ұшқан кезде 1 000 000 ₸ дейін, пойызбен барған кезде 200 000 ₸ дейін 
  • Сапар болмай қалған кезде: 200 000 ₸ дейін
  • Рейс кешіктірілсе: ұшқан кезде 150 000 ₸ дейін және пойызбен барған кезде 50 000 ₸ дейін
  • Багаж жоғалса: 100 000 ₸ дейін 
  • Құжаттар жоғалса: 20 000 ₸ дейін
Сақтандыру компаниясымен қалай байланысуға болады?

Келесі нөмірлер бойынша қоңырау шалыңыз:

+7 (707) 003 77 55 — Tele2
+7 (771) 932 77 55 — Beeline
+7 (778) 003 77 55 — Active
+7 (727) 259 77 55 — қалалық телефон

Жазатайым оқиға кезінде төлемді қалай алуға болады?

Жазатайым оқиға кезінде:

  1. Қонуға дейін және одан кейін: медициналық анықтаманы ресімдеңіз
    Ұшу немесе сапар кезінде: Жазатайым оқиға туралы акт, Денсаулыққа зиян келтірілгені туралы құжат
  2. Оларды 3 жұмыс күні ішінде сақтандыру компаниясына жіберіңіз
  3. Әуе сапары кезінде 1 000 000 ₸ дейін және пойызбен барған кезде 200 000 ₸ дейін алыңыз
Сапар болмай қалса, төлемді қалай алуға болады?

Сапар болмай қалса:

  1. Құжаттардың түпнұсқаларын жинаңыз: Медициналық анықтама, Мүліктің зақымдануы туралы құжат немесе Визадан бас тартылғаны туралы құжат 
  2. Оларды 3 жұмыс күні ішінде сақтандыру компаниясына жіберіңіз 
  3. 200 000 ₸ дейін төлем алыңыз
Рейс немесе пойыз кешіктірілген кезде төлемді қалай алуға болады?

Рейс немесе пойыз кешіктірілген кезде:

  1. Отырғызу талонын және тамақтану мен қонақ үй чектерін сақтаңыз
  2. Оларды 3 жұмыс күні ішінде сақтандыру компаниясына жіберіңіз
  3. Әуе сапары кезінде 150 000 ₸ дейін және пойызбен барған кезде 50 000 ₸ дейін алыңыз
Багажды жоғалтқан кезде төлемді қалай алуға болады?

Багажды жоғалтқан кезде:

  1. Багажды жоғалту туралы актіні алып, тасымалдаушыға жазбаша шағым жасаңыз
  2. Оларды 3 жұмыс күні ішінде сақтандыру компаниясына жіберіңіз 
  3. Бір килограмм үшін 5 $ немесе 5 000 ₸, бірақ 100 000 ₸ артық емес мөлшердегі соманы алыңыз
Құжаттарды жоғалтқан кезде төлемді қалай алуға болады?

Құжаттарды жоғалтқан кезде:

  1. Құжаттарды қалпына келтіру туралы чектер мен түбіртектерді сақтаңыз
  2. Оларды 3 жұмыс күні ішінде сақтандыру компаниясына жіберіңіз
  3. 20 000 ₸ дейін алыңыз
Пойызбен жүру кезінде қандай қандай сома төленеді?

Пойызбен жүру кезінде төленетін сома: 

  • Жазатайым оқиға — 200 000 ₸ дейін 
  • Пойыздың кешігуі — 50 000 ₸ дейін