Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Кредиттер

Дебеттік карталар

Кредит карталар

Депозиттер мен инвестициялар

Сақтандыру

Қызметтер

Басқа өнімдер

Архивтік өнімдер

HCB Business

Бөлімдерге қайта оралу
Басқа банктің картасынан жасалынатын кіріс аударымдарға қандай лимит қолданылады?

Дебет және кредит картасына:

  • күніне — 2 000 000 ₸
  • айына — 5 000 000 ₸

 

Кредитке:

  • кредит шарты бойынша жалпы берешек сомасынан артық емес соманы қабылдауға болады

 

Депозитке:

  • күніне — 2 000 000 ₸
  • айына — 10 000 000 ₸
Бейрезидент кредит немесе дебет карточкасын аша ала ма?

Жоқ. Кредит немесе дебет картасын тек Қазақстан азаматтары және тұруға ықтиярхаттары бар шетелдіктер ғана аша алады

Шотты комиссиясыз қайда толықтыруға болады?

Шотты комиссиясыз:

  • Home.kz қосымшасында
  • Home Credit Bank бөлімшелерінің кассаларында және терминалдарында толықтыруға болады
Сайтта қандай валюта бағамдары бар?

Сайтта және қосымшада Home Credit Bank-те доллар, еуро және рубльді сатып алу және сату бағамдары бар

Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын қалай және қайдан алуға болады?

Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын алу үшін емханаңыздағы емдеуші дәрігерге жүгініңіз. Комиссияны емхананың өзі құрайды. 

Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы еңбекке жарамсыздық парағы 21 күн немесе одан көп уақытқа ашылса немесе мүгедектік белгіленсе ресімделеді

Home.kz қосымшасында мемлекеттік қызметтерді қалай алуға болады?
  1. Home.kz қосымшасын жүктеп, тіркеуден өтіңіз
  2. «Мен үшін» бөліміне өтіңіз
  3. «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде қажетті қызметті таңдаңыз
Банктік депозиттік сертификат дегеніміз не?

Банктік депозиттік сертификат — бұл банк сіздің атыңызға ресімдейтін электрондық бағалы қағаз. Сертификат бойынша сіз күнделікті сыйақы аласыз және ол:

  • ағымдағы шотыңызға
  • немесе банктегі дебет картаңызға түседі
Долларлық облигациялар дегеніміз не?

Облигациялар — бұл банк шығаратын бағалы қағаздар. Облигация өтелген кезде банк салынған ақша сомасын қайтаруға және кірісті белгіленген мерзімде төлеуге кепілдік береді

Онлайн кредит дегеніміз не және оны ресімдеу үшін не қажет?

Онлайн кредит - бұл банк бөлімшесіне баруды қажет етпейтін, интернет арқылы ресімделетін салым. Кредитті:

  • 10 000 ₸ бастап 8 650 000 ₸ дейінгі сомаға
  • және 6 айдан бастап 60 айға немесе 5 жылға дейінгі мерзімге алуға болады

 

Кредитті ресімдеу үшін:

  • Қазақстан азаматы немесе тұруға ықтиярхаты бар шетелдік болу және ЖСН қажет
  • Соңғы 3 ай үшін зейнетақы аударымдары болуы тиіс.
  • Жасыңыз 23-75 аралығында болуы қажет
Қалай HCB Prime клиенті болуға болады?

Жалпы сомасы 15 000 000 ₸ немесе оның $ не € баламасына тең және одан артық соманы депозиттерге, депозиттік сертификаттарға немесе облигацияларға салыңыз