Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған
Қаржылық сауаттылық
5 минут

Сальдо: анықтамасы, түрлері және есептеу жолдары

Сальдо: анықтамасы, түрлері және есептеу жолдары

Бухгалтерлік есептегі сальдоның анықтамасы

Компаниялар ақша қозғалысын тіркеп, осы деректердің негізінде бухгалтерлік баланс, кірістер туралы есеп және т.б. қаржылық есептерді жасайды. Есеп арқылы бизнес иелері және басшылары компанияның кіріс деңгейін көреді. Сондай-ақ болашақ серіктестер, тапсырыс берушілер және клиенттер де компанияның есептеріне назар аударуы мүмкін.

 

Бухгалтерлік есепте «дебет» және «кредит» деген терминдер бар. Дебетке ақша түсімдері, мысалы, компанияның сатылымдары жазылады. Ал кредитке шикізатты, бөлшектерді, жалақы және т.б. шығындар енгізіледі. 

 

Сальдо — бұл дебет пен кредит арасындағы айырма. Кірістер шығындардан артық болса, бұл дебеттік сальдо болып табылады. Ол активтерде көрсетіледі. Ал егер шығындар кірістерден асып түссе, кредиттік сальдо пайда болады. Ол пассивтерге жазылады.

 

Сальдо шот түріне байланысты белгілі бір уақыт аралығында талданады. Сальдоның үш негізгі түрі бар:

 

  • бастапқы немесе кіріс сальдо — компанияның айдың, тоқсанның, жылдың басында қанша ақшасы бар екенін көрсетеді;
  • ағымдағы — қазіргі уақытта компания қаражатының сомасы;
  • ақырғы немесе шығыс сальдо — ай, тоқсан, жылдың соңындағы қалдық.

Экономикадағы сальдо дегеніміз не?

Мемлекет те компаниялар сияқты қаржылық есепті жасайды. Онда кіріс және шығыс экономикалық ағындардың көлемі жазылады. 

 

Мысалы, кіріс ағындары — бұл елге валютаның келуіне ықпал ететін операциялар. Оларға тауарлар мен қызметтерді шетелге сату (экспорт) жатады. Оларға негізінен металл, мұнай және газ жатады. Сонымен қатар ҚР азаматтарының шетелдік компаниялардан түсетін табыстарды да осы есепте көрсетіледі. 

 

Шығыс ағындар — бұл Қазақстаннан ақшаның кетуіне әсер ететін операциялар. Оларға шетелдік тауарлар мен қызметтерді сатып алу (импорт), қазақстандық компаниялардың шетел азаматтарына төлейтін ақша сомалары жатады. Мысалы, автокөліктер, түрлі жабдықтар мен басқа да техника Қазақстанға жиі импортталады.

 

Төлем балансының сальдосы басқа елдерден қаражат ағыны мен шетелге ақша ағыны арасындағы айырмасы болып табылады. Егер сальдо теріс болса, ел басқа мемлекеттерден алатын сома, шетелге кететін сомалардан артық екенін білдіреді. Ал сальдо оң болса, мемлекетке сырттан көп ақша келеді. 

 

Төлем балансының сальдосы инвесторлар үшін маңызды болып табылады. Оң сальдо мемлекет халықаралық нарықтарға көп тауарлар мен ресурстарды сататынын білдіреді. Оған қарап, мемлекеттің экономикалық жағдайына баға беруге болады. 

 

Елдің негізгі ақша ағындары тауарлардың импорты мен экспортына байланысты болғандықтан, инвесторлар көбінесе төлем балансына емес, оның сауда балансына назар аударады. 

Қорытынды:

  • Қарапайым сөзбен айтқанда, сальдо — шоттағы қалдық, яғни кірістер мен шығындардың арасындағы айырма.
     
  • Қазір бұл термин жиі кездеседі. Отбасылық бюджетті жоспарлау, банктік шотты жүргізу, коммуналдық төлемдерді есептеу және т.б. жағдайларда сальдо қолданылады.

     
  • Бухгалтерияда сальдо — дебет пен кредит, актив және пассив арасындағы сомалардың айырмасы.

     
  • Экономикада «төлем балансының сальдосы» және «сауда балансының сальдосы» терминдері қолданылады. Төлем балансының сальдосы — бұл шетелден келетін ақша ағыны мен шет мемлекеттерге кететін төлемдер арасындағы айырма. Ал төлем балансының сальдосы  экспорт пен импорт арасындағы айырма болып табылады. 
image
Ксения Гамзулина

Танымал өнімдер мен қызметтер