Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

HCB Business цифрлық Банкі World Business Outlook-тен марапатқа ие болды

Бөлісу

HCB Business цифрлық банкі World Business Outlook халықаралық қаржы басылымында «The fastest app development for entrepreneurs in Kazakhstan 2024» («Қазақстандағы кәсіпкерлерге арналған қосымшаның ең жылдам әзірленуі 2024») номинациясы бойынша марапатқа ие болды. Қазылар алқасы жыл сайын бизнестің инновациялық технологиялық шешімдерін әзірлеу мен енгізуде керемет нәтиже көрсететін компаниялар мен командаларды таңдайды.

World Business Outlook басылымы небәрі алты айдың ішінде Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған цифрлық банкті жасаған HCB Business командасының инновациялық тәсілдері мен жоғары жұмыс жылдамдығын атап өтті.

«ШОБ-қа арналған қосымшаны әзірлеу кезінде біздің алдымызда қысқа мерзімде ыңғайлы, түсінікті және шын мәнінде пайдалы банк жасау міндеті тұрды. Біз кәсіпкерлердің сұранысы мен қажеттіліктерін ескеріп, түсінікті интерфейс жасай отырып, дұрыс шешімдер мен қызметтерді енгізіп қана қоймай, оған қоса кәсіпкерлерге күнделікті қаржылық операцияларды тез әрі ыңғайлы түрде жүргізуге мүмкіндік беруді мақсат еттік. Мұндай марапатқа ие болу HCB Business командасының техникалық біліктілігін ғана емес, сонымен қатар оның нарықтың өзгеруіне тез бейімделу, күрделі тапсырмаларды тиімді түрде шешу және қойылған мақсаттарға тез жету қабілетін растайды. Біз оны жарты жыл ішінде жасадық. Кейбір компанияларға мұндай нәтижеге жету үшін бірнеше жыл қажет болуы мүмкін», - деп айтты HCB Business командасының басшысы Дамир Какиев.

2023 жылдың қаңтар айында Home Credit Bank ШОБ үшін цифрлық Банктің әзірленуін жариялап, тамыз айында оны іске қосты. Бастапқыда қызмет тек жеке кәсіпкерлерге ғана қолжетімді болды, ал қазір оны ЖШС де қоса алады. Сонымен қатар HCB Business қосымшасында онлайн-бухгалтерия, валюталық келісімшарттар, тауарды мерчант кабинетінде қайтару және басқа да қызметтер пайда болды.

Home Credit Bank-тің шағын және орта бизнеске арналған цифрлық банкі кәсіпкерлерге Қазақстан бойынша жұмыс істеу үшін daily-banking операцияларын ғана емес, оған қоса шетелдік әріптестермен ынтымақтастық үшін сыртқы экономикалық қызметті (СЭҚ) жүргізуді ұсынады. Банк СЭҚ процестерін жеңілдетті, сондықтан барлық операцияларды онлайн жасауға болады. HCB Business пайдаланушыларына жаңа валюталық келісімшартты тіркеу немесе басқа банктен келісімшартты ауыстыру қызметі қолжетімді. Қазір доллар мен еуро операцияларынан басқа, қосымшада рубльдер де қолжетімді.

02.04.2024

Бөлісу

Басқа мақалалар

Fitch агенттігі Home Credit Bank рейтингтерін «BB–» деңгейінде растады. Болжам «Тұрақты» болып табылады

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Home Credit Bank эмитентінің шетел және ұлттық

Банк бейрезиденттер үшін дебет карталарын қайта шығара бастады

2025 жылдың 26 ақпанынан бастап Home Credit Bank Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты жоқ

Home Credit Bank PCI DSS қауіпсіздік стандартына сәйкестігін растады және Visa Жаһандық тізіліміне енгізілді

Home Credit Bank төлем карталары деректерінің қауіпсіздігі бойынша PCI DSS халықаралық стандартына