Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Home Credit Bank 2022 жылғы дивидендтерді Қазақстанда өз бизнесін дамытуға бағыттайды

Бөлісу

2024 жылғы 5 ақпанда өткен «Home Credit Bank» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы «Home Credit Bank» АҚ-ның 17 005 851 000 теңге көлеміндегі 2022 жылғы таза кірісін бөлмей, оны өткен жылдардағы бөлінбеген таза пайда ретінде толық көлемде қалдыру туралы шешім қабылдады.

«Home Credit Bank» АҚ Басқарма төрағасы Кирил Бачваровтың айтуынша, банк акционерлері 2022 жылғы дивидендтерді бизнесті дамытуға және цифрлық өнімдерді қаржыландыруға, сондай-ақ Қазақстан бойынша филиалдық желіні кеңейтуге бағыттау туралы шешім қабылдады.

Банктің 2023 жылғы пайдасына келетін болсақ, банк басшысы «Бұл мәселе бойынша шешімді акционерлер 2023 жылғы қаржылық есептілікке аудит жүргізу аяқталғаннан кейін қабылдайды. Оның нәтижелері жақын арада күтілуде» деп айтты.

 

Home Credit Bank – штаб-пәтері Прагада (Чехия) орналасқан PPF халықаралық қаржы тобына кіретін Қазақстандағы жалғыз Еуропалық банк. Банк Қазақстан нарығында 2005 жылдан бастап жұмыс істейді.

2024 жылғы 1 қаңтарда банктің активтері 803 млрд теңгені, ал меншікті капиталы 157 млрд теңгені құрады. Меншікті капитал мөлшері бойынша Home Credit Bank ҚР-дағы он ең ірі банктердің қатарына кіреді. 2023 жылдың шілде айында банк шағын және орта бизнеске арналған HCB Business онлайн платформасын және Қазақстанның қаржы нарығында баламасы жоқ бірқатар бірегей өнімдерін іске қосты. Оның арқасында банкке шағын және орта бизнес саласынан жаңа клиенттер мен кәсіпкерлер келді.

05.02.2024

Бөлісу

Басқа мақалалар

2025 жылғы 9 мамырдан бастап депозиттер бойынша өзгерістер енгізіледі

2025 жылғы 9 мамырдан бастап депозиттер бойынша мөлшерлемелер өзгереді:АтауыМерзімі (ай)Номиналды

2025 жылдың 6 мамырынан бастап жаңа АҚШ долларлық дисконттық облигацияларын сату

2025 жылдың 6 мамырынан бастап  жаңа АҚШ долларлық дисконттық облигациялары сатыла

Тек тексерілген және ресми ақпаратқа ғана сеніңіз

Home Credit Bank банк сатылымы туралы тарап жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді.