Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Asiamoney журналының нұсқасы бойынша Home Credit Bank «2022 жылы цифрлық шешімдер үшін ең үздік банк» деп танылды

Бөлісу

Беделді британдық Euromoney іскерлік журналының азиялық бөлімшесі жыл сайынғы Asiamoney Best Bank Awards халықаралық сыйлық нәтижелерін қорытындылады.

«The Best Bank for Digital Solutions 2022» - «2022 жылы цифрлық шешімдер үшін ең үздік банк» номинациясы бойынша аттас мобильді қосымшасы бар Home Credit Bank Kazakhstan жеңімпаз атанды.

Басылым сарапшыларының айтуынша, Home Credit Bank өз қызметтерін цифрландыруда сапалы серпіліс жасады – банктің барлық өнімдері мен қызметтері оның мобильді қосымшасында қолжетімді.

«Ең алдымен біз мобильді қосымша клиенттің банкпен негізгі байланыс нүктесі және онда барлық қызметтерімізді онлайн алуға ыңғайлы болу керек деген ұстанымды таңдадық. COVID цифрландыруды едәуір жеделдетті. Қазір банкпен тек қашықтан байланысатын клиенттер санаты бар: олар қосымшаны жүктеп алды, карталарының балансын терминалдардың көмегімен толықтырады, сұрақтар туындаған жағдайда WhatsApp арқылы байланысады, банкке оффлайн түрде мүлдем бармайды. Мұндай клиенттердің саны күн сайын өсуде. Біздің барлық өнімдер, тіпті банктік депозиттік сертификатты ашу және жабу сияқты қызметтер де мобильді қосымшада қолжетімді», - дейді«Home Credit Bank» АҚ Басқарма төрағасы Кирил Бачваров.

Қосымшаның жетістігі оның 2022 жылдың 1 желтоқсанында 150 мың тұтынушыны құрайтын күнделікті белсенді пайдаланушылардың өсіп келе жатқан базасымен расталады. Home Credit Bank қосымшасында Andriod жүйесінде 5 миллионнан астам, ал IOS-та 800 мыңнан астам жүктеу бар. Бүгінгі таңда қосымшаның ай сайынғы белсенді пайдаланушыларының саны 1,3 миллионнан асты. Өткен жылы бір пайдаланушыға транзакциялар санының өсуі 20%-ды құрағанын атап өтуге болады, егер әр айды бөлек салыстыратын болсақ, 2022 жылғы қарашадағы өсім 2021 жылғы қарашаға қарай 56%-дан асты.

«Home Credit Bank» АҚ транзакциялық бизнес және экожүйе департаментінің директоры Станислав Тянның айтуынша «мобильді қосымшамен жұмыс үздіксіз жүргізілуде. Біз өз клиенттеріміздің ескертулері мен ұсыныстарына ашықпыз. Неліктен біз өз қосымшамызды ең үздік қосымшалардың бірі деп санаймыз? Мысалы, бірнеше факт: мобильді қосымшада виртуалды дебет картасын бірнеше секунд ішінде ашып, оны бірден пайдалануға болады. Сондай-ақ, қосымшада басқа банктердің карталарына комиссиясыз аударымдар жасау қолжетімді, ал виртуалды карта және жоғары кешбэктермен бірге – бұл басқа банктер арасындағы нарықтағы ең үздік ұсыныстардың бірі. Сонымен қатар біздің мобильді қосымшамызда ақшалай кредитті бөлімшеге немесе банкоматқа бармай-ақ 5 минут ішінде алуға болады. Бұл Қазақстандағы ең жылдам кредит беру процесі».

Жыл сайын Euromoney халықаралық медиа тобының сарапшылары Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ең үздік қаржы институттарына Asiamoney Best Banks Awards сыйлығын ұсынады. Home Credit Bank мобильді қосымшасы үшін бұл Asiamoney сарапшыларының екінші құрметі. 

Естеріңізге сала кетейік, Home Credit Bank мобильді қосымшасы да өз орнын күшейтті және Intervale Kazakhstan компаниясы мен Қазақстандық интернет бизнес және мобильді коммерция қауымдастығының (ҚИБҚ) жыл сайынғы мобильді қосымшалар рейтингінде Қазақстандағы топ-3 мобильді қосымшалар қатарына енді.

12.12.2022

Бөлісу

Басқа мақалалар

Fitch агенттігі Home Credit Bank рейтингтерін «BB–» деңгейінде растады. Болжам «Тұрақты» болып табылады

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Home Credit Bank эмитентінің шетел және ұлттық

Банк бейрезиденттер үшін дебет карталарын қайта шығара бастады

2025 жылдың 26 ақпанынан бастап Home Credit Bank Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты жоқ

Home Credit Bank PCI DSS қауіпсіздік стандартына сәйкестігін растады және Visa Жаһандық тізіліміне енгізілді

Home Credit Bank төлем карталары деректерінің қауіпсіздігі бойынша PCI DSS халықаралық стандартына