Құрметті клиенттер!
Осы арқылы «Банк Хоум Кредит» Акционерлік қоғамының Еншілес банкі 2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалардың жаңадан тартылған теңгелік депозиттері бойынша сыйақының жылдық мөлшерлемесі өзгеретінін және төменде көрсетілгендей болатынын хабарлайды:
Депозит атауы | Номиналды мөлшерлемесі (%) | Жылдық тиімді мөлшерлемесі (%) |
«Простой» 6 ай, 12 ай | 8,61 | 9,0 |
«Почтовый Хоум» | 8,61 | 9,0 |
«Сберегательный Хоум+» 6 ай | 9,53 | 10,0 |
«Сберегательный Хоум+» 12 ай | 11,33 | 12,0 |
«Сберегательный Хоум+» 24 ай | 10,34 | 10,9 |
«Сберегательный Хоум» 6 ай | 9,98 | 10,5 |
«Сберегательный Хоум» 12 ай | 13,01 | 13,9 |
«Сберегательный Хоум» 24 ай | 11,42 | 12,1 |
Салымның өзге шарттары, сондай-ақ шетел валютасындағы салым шарттары өзгеріссіз қалады.
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар:
1. Менің ағымдағы депозитім бойынша сыйақы мөлшерлемесі өзгереді ме?
Жауабы: Жоқ. 2021 жылғы 1 қаңтарына дейін ашылған салымдар бойынша мөлшерлеме банктік салым шартына сәйкес депозит мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.
2. Егер депозитімнің мерзімі аяқталса, автоматты түрде ұзарту кезінде мөлшерлемесі қандай болады?
Жауабы: салым мерзімі 2021 жылғы 1 қаңтарынан кейін аяқталған жағдайда, егер салымның осы түрі бойынша мерзімін ұзарту опциясы көзделсе, Сіздің депозитіңіз мерзімін ұзарту күніне қолданыстағы мөлшерлеме бойынша ұзартылады.