Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Депозиттер

Кредиттер

Дебеттік карталар

Кредит карталар

Депозиттер мен инвестициялар

Сақтандыру

Қызметтер

Басқа өнімдер

Архивтік өнімдер

HCB Business

Бөлімдерге қайта оралу
Депозитті ашу үшін қандай құжаттар қажет?

Қазақстан азаматтары үшін:

  • Жеке куәлік немесе паспорт
  • ЖСН

 

Шетел азаматтары үшін:

  • Нотариалды куәландырылған аудармасы бар тұруға ықтиярхат немесе паспорт
  • ЖСН
Бір клиент қанша депозит аша алады?

Депозиттер санына шектеу жоқ

Депозитті қайда ашуға болады?

Депозитті:

  • Home.kz қосымшасында ашуға болады: «Мен үшін» бөлімі → «Депозиттер» → Сізге қажетті нұсқаны таңдаңыз
  • Home Credit Bank бөлімшелерінде және терминалдарында ашуға болады
  • QazPost бөлімшелерінде ашуға болады
Депозитті қалай толықтыруға болады?

Комиссиясыз:

  • Home.kz қосымшасы арқылы Home Credit картасынан немесе Қазақстанның басқа банкінің картасынан
  • Банк бөлімшелерінде, терминалдарында және кассаларында
  • QazPost бөлімшелерінде
  • QIWI терминалдары арқылы

 

Комиссиямен:

  • Серіктес терминалдары арқылы: Касса 24, Yurta, Pay Dala

Төлемдердің түсу мерзімі мен комиссия мөлшері Банкке байланысты емес себептер бойынша өзгеруі мүмкін. Комиссияның нақты мөлшерін төлем жасау кезінде тексеріңіз

Депозитті толықтыру кезінде лимиттер бар ма?

Егер сіз өзіңіздің шоттарыңыз арасында ақша аударсаңыз, онда шектеу жоқ.

Басқа банктердің карталарынан толықтырған кезде: күніне 2 000 000 ₸ дейін, айына 10 000 000 ₸ дейін

Депозит бойынша сыйақы қалай есептеледі?

Сыйақы күн сайын есептеледі және капиталдандырылады.

Есептеу формуласы: күнделікті сыйақы = депозиттегі сома * % номиналды мөлшерлеме / 365

Капиталдандыру дегеніміз не?

Капиталдандыру - бұл депозит сомасына есептелген пайыздарды қосу.

Home Credit Bank-те пайыздар күн сайын есептеледі және келесі күні оларға да пайыздар есептеледі

Есептелген сыйақы сомасын қалай білуге болады?

Мұны бірнеше тәсілмен білуге болады:

№1 тәсіл: Home.kz қосымшасында өз депозитіңізді ашыңыз → депозит туралы ақпарат бар жерде «Депозиттен келген пайда» блогы бар. Кесте деген батырмасын бассаңыз, айлар бойынша есептелген пайыздар туралы толық ақпаратты көре аласыз.

№2 тәсіл: Home.kz қосымшасында Менің қаржым бөлімін ашыңыз → Операциялардың бірыңғай тарихы → сүзгілерде есептелген пайыздар тарихын көргіңіз келетін шотты таңдаңыз, содан кейін «Депозиттер мен инвестициялар бойынша есептелген сыйақы» операция түрін таңдаңыз. Сізде депозит бойынша есептелген сыйақы тарихы ашылады.

№3 тәсіл: Әр айдың басында есептелген сыйақы сомасы туралы хабарлама келеді. Оны күтіңіз

Home Credit Bank депозиттерді міндетті кепілдендіру жүйесінің қатысушысы болып табыла ма?

Иә. Барлық салымдар Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорымен 20 000 000 ₸ дейінгі сомаға сақтандырылған.

Қатысушылар тізімі kdif.kz сайтында қолжетімді

Депозит мерзімін ұзарту дегеніміз не?

Депозит мерзімін ұзарту - бұл депозит мерзімін сол мөлшерлемемен сол кезеңге автоматты түрде ұзарту.

Егер шартта депозит мерзімі автоматты түрде ұзартылады деп жазылса, онда ол үшін сізден растау талап етілмейді.

Егер сіз депозит мерзімінің автоматты түрде ұзартылуынан бас тартқыңыз келсе, оны қосымшада немесе банк бөлімшесінде өшіруге болады