Депозиттік калькулятор

Кредиттер

Дебеттік карталар

Кредит карталар

Депозиттер мен инвестициялар

Сақтандыру

Қызметтер

Басқа өнімдер

Архивтік өнімдер

HCB Business

Бөлімдерге қайта оралу
Депозиттік калькулятор дегеніміз не?

Депозиттік калькулятор депозиттік кірісті алдын ала есептеуге және мерзімнің соңында депозитте қанша ақша болатынын көруге көмектеседі.
 

Депозит бойынша кірісті қалай есептеуге болады?

Соманы, мерзімді, валютаны және ай сайынғы толықтыру сомасын енгізіңіз. Калькулятор бүкіл мерзім ішіндегі болжамды кірісті және мерзімнің соңында болатын соманы көрсетеді.

Депозит бойынша СЖТМ дегеніміз не?

СЖТМ -бұл сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі. Ол капиталдандыруды ескере отырып есептелетін табысты көрсетеді.

Пайыздарды капиталдандыру дегеніміз не?

Капиталдандыру - бұл депозит сомасына есептелген пайыздарды қосу. Пайыздар күн сайын есептеледі және депозит сомасына қосылады. Осыдан кейін кіріс ұлғайған сомаға есептеледі.

Депозитті толықтырумен есептеуге бола ма?

Иә, болады. Калькуляторда ай сайынғы толықтыру сомасын ензігуге болады. Егер сіз депозитті толықтыруды жоспарламасаңыз, «Толықтыру» өрісіне 0 ₸ деп жазыңыз.

Депозитті доллармен немесе еуромен есептеуге бола ма?

Иә, болады. Калькуляторда депозит валютасын таңдауға болады: теңге, доллар немесе еуро.

Неліктен калькулятордағы есептеу шамамен көрсетіледі?

Калькулятор алдын ала есептеуді көрсетеді. Депозит мөлшерлемесі мен валюта бағамы өзгеруі мүмкін.

Қай депозитті таңдаған жөн: толықтыру мүмкіндігі бар ма, әлде толықтыру мүмкіндігі жоқ па?

Егер депозитті толықтырып, ақшаны кез келген уақытта алғыңыз келсе, «Оңай» депозитін таңдауға болады.
Егер ақшаны депозит мерзімі аяқталғанға дейін алмайтын болсаңыз, «Жинақ Хоум+» депозитін таңдауға болады. Оны 3 айдан 12 айға дейінгі мерзімге ашып, толықтыруға болады.

Депозитті онлайн ашуға бола ма?

Иә, болады. Депозитті Home.kz қосымшасында ашуға болады: «Мен үшін» → «Депозиттер» бөліміне өтіп, өзіңізге қолайлы депозитті таңдаңыз.

Home Credit Bank депозиттері сақтандырылған ба?

Депозит сомасы мен ол бойынша сыйақының төленуіне Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры кепілдік береді.
Кепілдіктің максималды сомасы:

  • Теңгелік депозиттер үшін — 10 000 000 ₸
  • Доллардағы және еуродағы депозиттер үшін — 5 000 000 ₸
  • Жинақ депозиттері үшін — 20 000 000 ₸