Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

QIWI кобрендтік картасы

Кредиттер

Дебеттік карталар

Кредит карталар

Депозиттер мен инвестициялар

Сақтандыру

Қызметтер

Басқа өнімдер

Архивтік өнімдер

HCB Business

Бөлімдерге қайта оралу
QIWI картасын қалай толықтыруға болады?

QIWI картасын комиссиясыз келесі жолдармен толықтыруға болады:

  • Home Credit Bank банкоматтары мен терминалдары арқылы
  • Home Credit Bank бөлімшелерінің кассалары арқылы
  • QIWI әмиян арқылы
  • Home.kz қосымшасында басқа карталардан аударым жасау арқылы
  • QIWI терминалдары арқылы

 

QIWI картасын комиссиямен келесі жолдармен толықтыруға болады:

  • «Astana–Plat» ЖШС немесе «Касса 24» арқылы
  • «КиберПлат–Қазақстан» ЖШС арқылы

Төлемнің түсу мерзімі мен комиссия мөлшері әртүрлі болуы мүмкін. Комиссияның нақты мөлшерін төлем кезінде қызмет жеткізушісінен білуге болады

Картаны толықтырудың максималды сомасы қандай?
  • Home Credit Bank кассасы арқылы толықтыру — шектеусіз
  • Home Credit Bank терминалы арқылы бір реттік толықтыру — 2 000 000 ₸ дейін
  • «Astana–Plat», «Касса 24» немесе «КиберПлат–Казахстан» ЖШС арқылы толықтыру — шектеулер жөнінде қызмет жеткізушісінен нақтылаңыз
  • Басқа банктердің карталарынан толықтыру — 1 000 000 ₸ дейін
Ақша алу үшін қандай комиссия есептеледі?

Home Credit Bank терминалдары арқылы ақша алу комиссиясы — сомадан 2%, мин. 200 ₸.

Басқа банктердің банкоматтары арқылы ақша алу комиссиясы — сомадан 2%, мин. 200 ₸, және егер бар болса, басқа банктің комиссиясы

Шетелде картадан ақша алуға бола ма?

Иә, Қазақстанда және шетелде QIWI картасынан ақша алуға болады.

Ақша алу үшін комиссия — сомадан 2%, мин. 200 ₸, және егер бар болса, басқа банктің комиссиясы

Қосымшада аударым және төлем жасау үшін комиссия қандай?

Шоттар арасында және Банктің басқа клиентінің картасына аударым жасау — аударым сомасынан 2%, мин. 200 ₸.

Басқа банктердің карталарына аударым жасау — сомадан 2%, мин. 200 ₸, және егер бар болса, басқа банктің комиссиясы

Картаға қызмет көрсету құны қандай?

QIWI кобрендтік картасына қызмет көрсету — 0 ₸

QIWI көмегімен Home Credit Bank депозитін қалай толықтыруға болады?

Home.kz қосымшасында «Аударымдар» бөлімін таңдаңыз → Депозит пен QIWI картасын таңдаңыз → Аударым сомасын енгізіңіз. 

Комиссия — толықтыру сомасынан 2%, мин. 200 ₸

Ақшаны халықаралық банк карталарына қалай аударуға болады?

Халықаралық банк карталарына ақша аударуға болмайды

QIWI картасынан ақша алу немесе онымен төлем жасау лимиттері қандай?

Тәулігіне:

  • Басқа банктердің банкоматтарында — 1 000 000 ₸ дейін, 99 операцияға дейін
  • Банк бөлімшелерінің кассаларынан ақша алу — 2 000 000 ₸, 10 операцияға дейін
  • Қолма-қол ақшасыз төлемдер — 2 000 000 ₸, 99 операцияға дейін
  • Интернеттегі операциялар — 1 000 000 ₸, 99 операцияға дейін

 

Лимитті 3 тәулікке дейін арттыруға болады: Home.kz қосымшасында QIWI картасын таңдаңыз → Төмендегі «Әрекеттер» бөлімінде «Карта бойынша лимиттер» батырмасын басыңыз → Қажетті лимитті өзгертіңіз

Интернет дүкендердегі сатып алулар үшін бонус есептеле ме?

Иә, 1% есептеледі