Жарияланды 02.04.2024
Жаңартылды 14.05.2026
10 минут
18 (кейбір жағдайларда — 16) жасқа толған Қазақстан Республикасының кез келген азаматы.
Бейрезиденттер де Қазақстан банктерінде депозиттер аша алады. Алайда, резиденттерге қарағанда, олар депозиттер бойынша ай сайынғы есептелген сыйақыдан салық төлеуге міндетті болады:
Банктік салымның кірістілігі пайыздық мөлшерлемеге байланысты болады. Ол келесі параметрлердің жиынтығынан қалыптасады: салымның жарамдылық мерзімі, оны толықтыру/одан ақша алу мүмкіндігі, таңдалған валюта.
Салым мөлшерлемесі белгіленген, яғни тұрақты немесе өзгермелі болуы мүмкін. Белгіленген мөлшерлеме салым мерзімі ішінде өзгермейді. Ал өзгермелі мөлшерлеме әртүрлі факторларға, мысалы, ҚР Ұлттық Банкінің негізгі мөлшерлемесіне байланысты болуы мүмкін. Оны өзгерту талаптары Шартта көрсетілген.
Белгіленген мөлшерлеме бойынша банктер пайызды екі түрлі жолмен есептейді: қарапайым және күрделі пайызбен (капиталдандырумен). Біз бұл туралы толық ақпаратты және есептеулерді біздің басқа мақаламызда талқыладық.
Қарапайым пайыз бойынша сыйақы сомасы тек салымның өзіне есептеледі. Бірақ бұл ретте есептелген пайыздарды алуға болады. Мұндай тәсіл қосымша табысты немесе тұрақты пассивті кірісті қалайтын тұлғалар үшін ыңғайлы болады.
Капиталдандырылған салымдар бойынша сыйақы салымның өзіне де, пайыздарға да есептеледі.
Мерзімдер. Банктік салымдар белгілі бір мерзімге, мысалы 3, 6, 9 немесе 12 айға, екі-үш жылға ашылады немесе мерзімсіз болады.
Мерзім неғұрлым ұзақ болса, мөлшерлеме соғұрлым тиімді болады деп саналады. Бірақ әдетте мөлшерлеме сомасы белгілі бір банктің шарттарына байланысты болады. Сондықтан салымды таңдау кезінде шарттарды нақтылаған жөн. Бізде Home Credit Bank-те салым бойынша кірісті есептеуге көмектесетін арнайы депозиттік калькулятор бар.
Кейбір салымдардың шарттары бойынша салым мерзімін ұзарту мүмкіндігі бар. Мерзім әртүрлі болуы мүмкін. Мерзімді ұзарту туралы толығырақ біздің басқа мақаламыздан оқыңыз.
Ақшаны басқару мүмкіндігі. Әртүрлі шарттары мен кірістілігі бар депозиттердің үш түрі бар:
Әртүрлі салымдардың барлық айырмашылықтары бір кестеде көрсетілген.
| Салым түрі | Мерзімсіз | Мерзімді | Сберегательный |
| Шарттар | Икемді | Орташа икемділік | Икемсіз |
| Кірістілік | Төмен кірістілік | Орташа кірістілік | Жоғары кірістілік |
| Мерзімінен бұрын алу | Шектеулер жоқ, кез келген соманы төмендетілмейтін қалдыққа дейін алуға болады | Ішінара және толығымен алу | Тек толығымен алу |
| Сыйақы | Сақталады | Ішінара жойылады | Толығымен жойылады |
| Толықтыру | Шектеусіз | Шектеусіз | Мүмкін емес |
| Егер сізге ақша алу мүмкіндігі жоқ қорды жасау және максималды кіріс алу қажет болса, жинақ салымы ыңғайлы болады. Мерзімді салым тұрмыстық техника немесе смартфон сияқты қымбат тауарларды сатып алуға ақша жинауға көмектеседі. Ал мерзімсіз салым қосымша ақша жинап сақтау үшін тиімді шешім болып табылады. Төтенше жағдайда мерзімсіз салым иесі салымды кез келген уақытта қолдана алады және ақшаны құнсызданудан қорғайды. |
Валюта. Банктік салымды теңгемен немесе шетел валютасымен ашуға болады. Сонымен қатар ақшаны бірден бірнеше валютада сақтауға болады. Мұндай салымдар мультивалюталық салымдар деп аталады.
Егер сіз жоғары пайда тапқыңыз келсе, теңгелік салымдарды ашқаныңыз жөн болады. Валюталық депозиттер бойынша максималды жылдық мөлшерлеме 1%-ды құрайды.
Банкті таңдау. Банкті таңдағанда оның депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысатындығын тексеру қажет. Егер мұндай жүйеге қатысушы банк банкроттыққа ұшыраса немесе лицензиясынан айырылса, салымшылар ҚДКБҚ мемлекеттік қорынан салым бойынша кепілдендірілген өтемақы алады. Бұл жүйеге қатыспайтын банктердің салымшылары тәуекелдерден сақтандырылмаған.
Сонымен қатар халықаралық рейтинг агенттігі беретін банктің тұрақтылық рейтингіне назар аудару қажет. Бұл кредиттік ұйымның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді. Рейтингті ҚДКБҚ сайтында тексеруге болады.
Банк клиенттерінің бұл қызмет туралы пікірлерін білу де пайдалы. Бірнеше сайттағы пікірлерді оқыңыз, форумдарды тексеріңіз және таңдалған банктің жақсы беделге ие екеніне көз жеткізіңіз. Бірақ ескеру қажет: клиенттер көбінесе жағымсыз пікірлер қалдырады.
Банкте салымды ашу үшін Қазақстан Республикасының азаматына төлқұжаттың түпнұсқасы немесе ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) бар жеке куәлік қажет болады.
Шетелдік азаматтар келесі құжаттарды ұсынуы керек:
Кейбір банктерде депозиттерді тек филиалға барып ашу керек, бірақ қазіргі заманғы банктердің көпшілігінде депозиттерді сайт немесе банк қосымшасы арқылы қашықтан ресімдеуге болады. Салымды қашықтан ашу өте ыңғайлы, өйткені шартты бірнеше минут ішінде ресімдеуге болады.
Home Credit Bank қосымшасында депозитті оңай әрі ыңғайлы түрде ашуға, сондай-ақ оны кез келген банктердің карталарынан толықтыруға, одан ақша аударуға, валюталарды тиімді бағаммен айырбастауға және өз салымыңызды онлайн түрде толық басқаруға болады.