Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған
Инвестициялар және жинақ ақша

Ақша үнемдеуді қалай үйренуге болады: кеңестер мен лайфхактар

Ақша үнемдеуді қалай үйренуге болады: кеңестер мен лайфхактар

Шығындарды үлестіру қаржылық сауаттылықтың негізі болып табылады. Ақша үнемдеу үшін ең алдымен ақша қайда кететінін түсіну қажет. Содан кейін ғана келесі қадамға көшуге болады.

Ақшаны не үшін үнемдеу керек?

Ақшаны қарыздардан құтылу, қаржылық мақсаттарға жету, күтпеген жағдайларда тәуекелдерді азайту үшін үнемдеу керек.

Мәселен, келесі жағдайды елестетіп көріңіз:

  • Сіз жұмыстан айырылдыңыз. Ал ақша тек бір жарым айға ғана жетеді. Сондықтан бұл уақыт өткеннен кейін достардан ақшаны қарызға сұрау немесе кредит алу қажет болады.
  • Кір жуғыш машина кенеттен сынып немесе тоңазытқыш өртеніп кетті деп айтайық. Жаңа техниканы сатып алуға ақша жоқ.
  • 3 күннен кейін кредит төлеу керек, ал сіз артық ақша жұмсап, енді оны төлеуге қаржыңыз жетіспей жатыр.

Бірақ сіз бұл туралы алдын ала ойласаңыз, мұндай жағдайларға тап болмайсыз. Ол үшін ақша жинап, қауіпсіздік қорын жасау қажет.

Ақшаны депозитке салуға, биржада бір компанияның акцияларын сатып алуға немесе асыл металдарды алып, пассивті табысқа шығуға болады. Сонда жинақ ақша инвестициялардың бастамасы да болуы мүмкін.

Негізгі ережелер

Ақша жинаудың негізгі ережелері бар. Бір қарағанда, олар өте қарапайым болып көрінуі мүмкін. Бірақ іс жүзінде олар өте пайдалы болып табылады. 

  1. Бюджетті жүргізуді бастаңыз

Кірістер мен шығындарды жазып, ыңғайлы болу үшін оны кесте түрінде жасаңыз. Ол үшін Excel немесе арнайы қосымшаны пайдалануға болады. Бір банктің шоттары бойынша шығындарды банктік қосымшада бақылау ыңғайлы.

Бюджетті үнемі жүргізіп, кірістер мен шығындарды айына кемінде бір рет жазып отыру керек. Бір нәрсені ұмытып қалсаңыз, статистика бұзылып, нәтиже де болмайды.

Сарапшылардың айтуы бойынша инфляция әсеріне түспеу үшін ақшаны дұрыс инвестициялау қажет. Мысалы, Home Credit Bank-те жылдық 17,8% мөлшерлемесі бар депозит ашуға болады. Сонымен қатар ақша алу және толықтыру мүмкіндігі бар депозит ашуға болады.

 

  1. Ақшаны жүйелі түрде жинаңыз

Қаржыны басқару қай сабаққа ұқсас? Көбісі математикаға ұқсас деп жауап береді. Бір жағынан, бұл шынымен де солай, бірақ дұрыс жауап — дене шынықтыру. Ақша жинаудың негізі формуласы дұрыс есептеу емес, бұл бір жаттығуды үнемі қайталау болып табылады. Бұл кез келген спорттың негізгі заңы. 

Сондықтан өзіңізді ақшаны жүйелі түрде жинауға үйрету маңызды. Шамамен табыстың 10%-ын жинау дұрыс деп саналады. Бірақ өзіңізге ыңғайлы болатын кез келген соманы таңдауға болады. 

Жеке қаржы жөніндегі сарапшы Василий Мещеряковтың айтуы бойынша: «Менің бір клиентім ақша жинауды бастай алмай жүрді. Оның табысы жоғары болған жоқ және ол барлық ақшаны жұмсап жүрді. Бірақ өзі күтпеген жағдайлар үшін ақша жинау керек деп ойлай беретін. Мысалы, 50 мың ₸. Мен оның маңыздылығын түсініп тұрмын, бірақ кейде ұмытып қалам да, ақша біткен кезде ғана есіме түседі, - деп айтатын.

Мен оған өзіңе ыңғайлы болатын соманы, мысалы 5 мың теңгені, әрбір сенбі күні жинауды ұсындым. 

Бұл балаларға арналған жаттығу. Бұл жаттығу арқылы біз жүйелілікті жаттықтырамыз.

Ақша жинау процесі екі бөліктен тұрады: біріншісі, ол ақша жинау әдеті, ал екіншісі, ақша сомасы. Бұл екі түрлі әрекет, сондықтан оларды бөлек қарастыру керек.

Ақшаңыз көп болмаса да, біріншіден, әдетті қалыптастыру керек. Ол мақсатқа жету жолында қатты көмектеседі.

 

  1. Ақша үнемдеу мүмкіндіктерін іздеңіз

Ақшаны сақтау үшін оның қайда кететінін бақылау керек. Ол үшін шығындарды жоспарлап, қандай да бір мақсаттарға қанша ақша жұмсауға болатындығын анықтау қажет. Жоспарды анықтағаннан кейін оны осы айда болған нақты шығындармен салыстыру қажет. Ол арқылы шығындардың қалай өзгеретінін және келесі айда қандай санаттарда ақша үнемдеуге болатынын көруге болады. 

 

Арланның мақсаты бар деп елестетіп көрейік: ол жұмысты жоғалту туралы алаңдамау үшін 1 миллион 800 мың ₸ жинағысы келеді. Оның жалақысы шамамен 600 мың теңгені құрайды, одан 60 мың теңгені ол жинақ шотына салуды жоспарлап отыр.

Шығындар жоспары:

  1. Тамақтану: 85 мың ₸
  2. Коммуналдық төлемдер: 60 мың ₸
  3. Көлік: 25 мың ₸
  4. Бассейн: 15 мың ₸
  5. Киім: 60 мың ₸
  6. Хобби: 30 мың ₸
  7. Ойын-сауық: 90 мың ₸
  8. Үйге арналған тауарлар: 100 мың ₸

Барлығы: 465 мың

Қыркүйек айындағы нақты шығындар:

  1. Тамақтану: 100 мың ₸
  2. Коммуналдық төлемдер: 60 мың ₸
  3. Көлік: 25 мың ₸
  4. Бассейн: 15 мың ₸
  5. Киім: 80 мың ₸
  6. Хобби: 30 мың ₸ 
  7. Ойын-сауық: 130 мың ₸
  8. Үйге арналған тауарлар: 120 мың ₸

Барлығы: 560 мың

 


Кестеге қарап, біз Арланның жоспарлағаннан көп ақша жұмсағанын көріп отырмыз. Сондықтан ол жинақ шотына 40 мың ₸ ғана салды. Ал жоспарда 60 мың ₸ болды. 

Бірақ бұл жағдайларда өз-өзіне ашуланбау қажет. Оның орнына ақша үнемдеу жолдарын іздеген дұрыс. Тұрақты шығындарды өзгерту қиын, бірақ Арлан келесі айда жаңа киімге ақша жұмсамай, ойын-сауық шығындарын қысқартуы мүмкін. Сонда ол қазан айында 60 мың ₸ емес, 80 мың ₸ сақтай алады. 

  1. Сатып алуларды эмоцияларға негізделіп жасамаңыз

Импульсивті және қажетсіз шығындарды қадағалап, оларды азайтуға тырысыңыз. Адамдар қажетсіз сатып алулар жасауға бейім, өйткені сатып алулар бізге ләззат әкеледі. Бірақ бұл қуаныш ұзаққа созылмайды. 

Сол себепті қаржылық мақсаттарды жүзеге асыру үшін басқа заттардан ләззат алу жөн.

Бірақ егер өзіңізді қуантқыңыз келсе ше? Жеке қаржы жөніндегі сарапшы Василий Мещеряковтың кеңесі:

 

«Бюджетті жүргізіп, барлық шығындарды қадағалайтын адамдарда да дағдарыс сәттері болады. Сонда олар: "Ол маған не үшін қажет?" деген сұраққа тап болады.

 

Ал мен оларға ойын ойнауды ұсынамын. Оның басты мақсаты: шығындарды ірі және шағын, маңызды және маңызды емес деп қана бөлмей, оған қоса оларды қуаныш деңгейі бойынша бөлу болып табылады.

 

Мысалы,
 

  1. Өткен айда мен киімге осындай соманы жұмсадым. Мен осы шығындарға қандай баға беремін? Бұл қысқа мерзімді қуаныш, бұл жай ғана киім ғой.

     
  2. Мен бірнеше күнге Алматыға бардым. Достармен кездесіп, демалып келдім. Оған 10 деген баға қоямын.

     

Яғни, маған саяхаттау үлкен қуаныш әкеледі деген сөз. Өзіңізге келесі сұрақ қойыңыз: «Мүмкін келесі айда «киімге» бөлінген шығындардың бір бөлігін «Саяхатқа» бағыттау керек?».

 

Бұны түсіну өте маңызды болып табылады. Ақша табу жолдарын іздемей, қолда бар ақшаны үлестіру арқылы өмірден ләззат алуға болады. Ол үшін сізге позитивті эмоциялар сыйлайтын және рахат әкелетін нәрселерді анықтап алу қажет. Сонда өміріңіз одан да мол қуанышқа толы болады.

 

  1. Кредиттерді өтеңіз

Ақша жинауды бастау үшін ешқандай қарыз болмау керек. Пайыздар бойынша артық төлем жасау тиімсіз. Егер қарызды бір төлеммен өтей алмасаңыз, кредитті тиімді пайызбен қайта қаржыландыруға болады.

  1. Жеңілдік карталары мен кешбэкті пайдаланыңыз

Иә, көбінесе жеңілдік картасын тіркеуге уақыт болмайды немесе оны өзіңізбен бірге алып жүру ыңғайсыз. Бірақ жиі баратын дүкендерде картаны пайдаланбасаңыз, шығынға ұшырайсыз: біраз уақыттан кейін аз мөлшердегі артық төлемдер үлкен сомаға айналуы мүмкін. Өзіңізбен бірге визитницаны алып жүрмес үшін жеңілдік карталарын сақтауға арналған қосымшаны орнатқан жөн.

Көптеген банктер банк картасымен жасалған төлемдер үшін бонус қайтарады. Бұл функция кешбэк деп аталады. Мысалы, Home Credit Bank клиенттері супермаркеттерде, жанармай құю станцияларында және коммуналдық қызметтер үшін жасалған төлемдерден 10%-ға дейін кешбэк ала алады. 

Ақшаны қалай үнемдеуге болады? 

  • Ақша жинап, қандай да бір қаржылық мақсатқа жету үшін ақша санауды және бюджетті жоспарлауды үйрену керек: ол үшін Excel кестесінде немесе арнайы қосымшаларда нақты кірістер мен шығындарды жазып отыру керек.

     
  • Осылайша ақша айналымын бақылап, шығындарды азайтуға болады. Мысалы, егер сіз өткен айда киімге көп ақша жұмсаған болсаңыз, осы айда бұл шығындарды қайта қарастыру жөн. Мұндай талдауды үнемі жасап тұру маңызды.
  • Кішкентай сома болса да, ақша жинауды әдетке айналдырыңыз. 
image
Елизавета Степанова
Сарапшылар:

Танымал өнімдер мен қызметтер