Жарияланды 19.02.2024
Жаңартылды 14.05.2026
10 минут
Егер сізде жер, тұрғын үй немесе басқа ғимарат болса, онда сіз мүлік салығын төлеуіңіз керек. Бұл мақалада біз мүлік салығының қолданылуын, ол қалай есептелетінін, қашан төленетінін және оны қалай төлеу керектігін қарастыратын боламыз.
Мүлік салығы — бұл жер немесе ғимарат үшін төленетін мемлекетке жарна. Ол салық мөлшерлемесі мен салық базасы негізінде есептеледі. Төлемнің барлық мөлшерлемелері, шарттары мен ережелері ҚР Салық кодексінің 15-бөлімінде келтірілген.
Салық төленетін мүлік салық салу объектісі болып табылады. Оны объект деп тану оның иесі жеке тұлға немесе компания екендігіне байланысты болады. Сіз Қазақстан азаматы болмасаңыз да салық төлеуіңіз керек болады.
Жеке тұлғалар үшін. Егер сіз мүлік иесі болсаңыз, онда салық келесі объектілерге салынады:
Заңды тұлғалар үшін. Егер мүлік сіздің компанияңызға немесе сізге жеке кәсіпкер ретінде тиесілі болса, онда төмендегі басқа барлық ғимараттар мен құрылыстарға салық салынады.
Егер сізде келесі объектілер бар болса, онда салық төлеудің қажеті жоқ
:
Біз меншіктегі мүлік деп айтамыз, бірақ іс жүзінде лизинг немесе концессиядағы объектілер үшін де салық төленуі тиіс.
Лизинг кредитке ұқсайды, бірақ қарыз төленгенге дейін мүлік банкке тиесілі болады. Бірақ бұл мүлік салығын оны сатып алған тұлға төлейді.
Концессия — бұл инвестор мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас: адам немесе компания ақшаны мемлекетке тиесілі объектіге салады және оны пайда табу үшін пайдалануға рұқсат алады. |
Кейбір тұлғалар мен ұйымдар мүлік салығын төлемейді. Бұл жағдайлар заңда келтірілген.
Жеке тұлғалар үшін салықтан босату және салық базасы төмендейтін сома бар. Ол салық сияқты жыл сайын есептеледі және АЕК-ке (айлық есептік көрсеткішке) байланысты болады.
Салық базасы келесі жағдайларда төмендейді:
Жетім балалар мен 18 жасқа дейінгі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және бала кезінен мүгедектігі бар баланың ата-анасының біреуі мүлік салығын төлемейді.
Заңды тұлғалар үшін 0% мөлшерлеме және мүлік салығынан толық босату жағдайлары бар.
Келесі компаниялар мүлік салығынан босатылады:
Сонымен қатар мектептер сияқты мемлекеттік мекемелер мүлік салығынан босатылады.
Жеке тұлғалар үшін. Жеке тұлғаларға салықты дербес түрде есептеудің қажеті жоқ — бәрі автоматты түрде есептеледі. Салықты келесі ақпарат көздерінен көруге болады:
Жеке тұлғалар үшін мүлік салығының мөлшерлемесі салық базасына, яғни меншіктегі объектінің кадастрлық құнына байланысты болады. Мысалы, құны 2 млн теңгеге дейінгі объект үшін салық 0,5% мөлшерлемесі бойынша есептеледі. Ал құны 2 млн теңгеден артық объект үшін салық 1 000 теңгені + 2 000 000 теңгені шегергенде объект құнының 0,08%-ын құрайды.
Мысалы, егер салық базасы — 3 000 000 ₸ болса, онда 1000 + (3 000 000 − 2 000 000) × 0,08% = 1000 + 800 = 1800 ₸ төлеу керек.
Мөлшерлемелердің толық тізімі Электрондық үкімет сайтында қолжетімді.
Home Credit Bank клиенттеріне төлемдерді іздеп, соманы есептеудің қажеті жоқ. Қарыз туралы ақпарат қосымшада автоматты түрде пайда болады. Оны картамен төлеу жеткілікті. Ол үшін «Менің төлемдерім» бөліміндегі «Айыппұлдар мен салықтар» қойындысына өту керек. Содан кейін қарызды басып, қажетті картаны таңдау қажет.
Заңды тұлғалар үшін. Егер сіздің компанияңыз бухгалтерлік есепті жүргізсе, онда салық базасы баланстық құн немесе дебиторлық берешек негізінде есептеледі.
Егер ғимарат немесе құрылыс сыныптауыш бойынша дебиторлық берешекке, оның ішінде ұзақ мерзімді дебиторлық берешекке жататын болса, онда салық базасы орташа жылдық дебиторлық берешек (жылдың басындағы және аяғындағы 2-ге бөлінген сома) болып табылады.
Егер ғимарат немесе құрылыс дебиторлық берешекке жатпайтын болса, онда салық базасы осы объектілердің орташа жылдық баланстық құны ретінде есептеледі (әр айдың басы мен аяғындағы қалдық құнының 1/13 бөлігі).
Егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз және бухгалтерлік есепті жүргізбесеңіз, онда салық базасында жылжымайтын мүлікті сатып алуға, өндіріске, құрылыс пен модернизацияға кететін барлық шығындар есепке алынады.
Заңды тұлғаларға арналған мүлік салық мөлшерлемесі ұйымның нысанына байланысты болады:
Мүлік салығы жыл сайын төленеді. Айыппұл есептелмеуі үшін оны есеп жылынан кейінгі жылдың 1 қазанына дейін төлеу керек. Яғни, 2023 жылғы салықты 2024 жылдың 1 қазанына дейін төлеу керек.
Жеке тұлғаларға салықты дербес түрде есептеудің қажеті жоқ — оны банктердің ресми сайттары мен қосымшаларынан көруге болады. Оны банк картасымен де онлайн төлеуге болады.
Заңды тұлғаларға келетін болсақ, бұл процесс күрделірек болып келеді. Ең алдымен бәрін түсіндірейік. Кейін оны мысал ретінде қарастырамыз.
Заңды тұлға мүлік салығын жыл ішінде төлейді, бұл «ағымдағы төлемдер» деп аталады. 701.01 салық есептілік нысанын 15 ақпанға дейін есептеп және көрсетіп, 25 ақпанға дейін, 25 мамырға дейін, 25 тамызға дейін және 25 қарашаға дейін төлеу керек. Келесі жылдың 31 наурызына дейін 700.00 нысанын тапсыру қажет.
Егер компания жыл ішінде салық салынатын мүлікті сатып алса, онда оның баланстық құны сатып алудан кейінгі ағымдағы төлемдер сомасына бөлінеді.
Мысалы, егер салық салу объектісі наурыз айында сатып алынған болса, онда баланстық құн наурыздан желтоқсанға дейін 10 айға есептеледі, ал бұл объект үшін салық сомасы мамыр, тамыз және қараша айларында жасалынатын үш төлемге тең бөлінеді.
Заңды тұлғалар үшін мүлік салығын салық төлеушінің кабинетінде немесе бизнеске арналған банктің қосымшасында төлеуге болады. Бірақ мұндай қызмет кейбір банктерде жоқ.
Жеке тұлғалар мүлік салығын келесідей төлейді:
Заңды тұлғалар мүлік салығын келесідей төлейді: