Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Home Credit Bank Kazakhstan бейрезиденттер үшін төлем карталарын шығаруды уақытша тоқтатады

Бөлісу

Алматы, Қазақстан, 2025 жылғы 22 қаңтар. 

Home Credit Bank Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін 2025 жылғы 28 ақпанға дейін төлем карталарын шығаруды  уақытша тоқтататынын хабарлайды. Бұл шешім 2025 жылғы 19 қаңтардан бастап қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы бағытталған жаңа талаптардың күшіне енуіне байланысты қабылданды. Талаптарды Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бекітті. Жаңа талаптарға сәйкес Қазақстан бейрезиденттері үшін шығарылған банк карталарының қолданылу мерзімі 12 айды құрайды.

2025 жылғы 1 наурыздан бастап бейрезиденттер төлем карталарын қайта ресімдей алады, алайда олардың қолданылу мерзімі бір жылды құрайтын болады. 2025 жылдың 19 қаңтарына дейін берілген барлық карталар бастапқы белгіленген мерзім аяқталғанға дейін жарамды болады.

Home Credit Bank клиенттерге жоғары деңгейде қауіпсіз және ыңғайлы қызмет көрсету үшін ішкі жүйелерін жаңартуда. Біз барынша ашық болуға және реттеушілердің талаптарын толық орындап, ықтимал тәуекелдерді азайтуға ұмтыламыз.

Біз клиенттерімізге түсіністік үшін алғысымызды білдіреміз және уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз

21.01.2025

Бөлісу

Басқа мақалалар

Банк бейрезиденттер үшін дебет карталарын қайта шығара бастады

2025 жылдың 26 ақпанынан бастап Home Credit Bank Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты жоқ

Home Credit Bank PCI DSS қауіпсіздік стандартына сәйкестігін растады және Visa Жаһандық тізіліміне енгізілді

Home Credit Bank төлем карталары деректерінің қауіпсіздігі бойынша PCI DSS халықаралық стандартына

Home Credit Bank Kazakhstan бейрезиденттер үшін төлем карталарын шығаруды уақытша тоқтатады

Алматы, Қазақстан, 2025 жылғы 22 қаңтар. Home Credit Bank Қазақстан Республикасының