Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындарына маңызды жаңалық!

Бөлісу

Құрметті клиенттер, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындарына маңызды жаңалық!

Коронавирустың таралуын қысқарту мақсатында Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия 2020 жылғы 30 наурыздан 5 сәуірге дейін барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады.

Осы қаулыға байланысты Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы барлық филиалдар, бөлімшелер, микро-кеңселер мен сату нүктелерінің жұмысының сол мерзімге уақытша тоқтатылатынын хабарлаймыз.

Көптеген қызметтер клиенттеріміз үшін Home Credit Bank Kazakhstan мобильді қосымшасында онлайн режимде қолжетімді екендігін еске саламыз.

Қосымшада төмендегі мүмкіндіктер қолжетімді:

— ҚР кез келген банктерінің карточкалары арасында ақша қаражатын комиссиясыз аудару;

— ҚР кез келген банктерінің карточкаларынан депозитті комиссиясыз ашу/толықтыру;

— Ақшаны ағымдағы шотқа алу жолымен 100% онлайн режимде кредитті ресімдеу (Банктің ағымдағы клиенттері үшін);

— ҚР кез келген банктерінің карточкаларынан кредит өтеу;

— Тегін жеткізумен «Home Card» дебет карточкасына тапсырыс беру;

— Ұялы байланыс, коммуналдық төлемдер және +500 басқа қызметтерді төлеу;

— Тиімді бағам бойынша нақты уақыт режимінде валютаны айырбастау;

— Берешектің жоқтығы туралы анықтамаға тапсырыс беру;

— Кредитті мерзімінен бұрын өтеу;

— Депозиттік сертификат ашу;

— Картаны бұғаттау және бұғаттан шығару;

— Ағымдағы шотты ашу;

— Күнделікті депозит бойынша сыйақыны қадағалау.

Терминалдар мен банкоматтар жұмысымен мына сілтемеден танысуға болады: https://homecredit.kz/branches

Сондай-ақ, қажетті төлемдерді «Kassa 24» (20 наурыздан бастап «Банк Хоум Кредит» төлемдері бойынша комиссиялар тоқтатылды: https://homecredit.kz/press-center/novosti/otmena-komisi), «Cyberplat» және «Halyk Bank» терминалдары арқылы жүргізуге болады.

Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Сіз қашықтан байланыс арналарын пайдалана аласыз. +7 771 724 1240 нөмірі арқылы WhatsApp-қа немесе банк сайтындағы және мобильді қосымшадағы онлайн тілдесу жүйесіне кез келген уақытта жазуға, сондай-ақ, Telegram-боттан (Telegram-ға кіріп, «HomeCreditBank» іздеңіз) ақпаратты дербес көруге болады.

Банктің байланыс орталығы бұрынғыдай тәулік бойы жұмыс істейді.

Кредит, депозит және т.б. мәселелер бойынша тегін қоңырау шалу нөмірі - 7979. Жұмыс тәртібі: 08:00−22: 00.

Карточкалық қызмет бойынша — 7373. Жұмыс тәртібі: тәулік бойы.

Банк қызметіндегі барлық өзгерістер туралы қосымша хабарлаймыз.

Өзіңіз бен жақындарыңызды қорғаңыз!

 

28.02.2024

Бөлісу

Басқа мақалалар

2025 жылғы 9 қыркүйектен бастап Home.kz қосымшасында Arna жаңа дебет картасы қолжетімді

2025 жылғы 9 қыркүйектен бастап Home.kz қосымшасында күнделікті сатып алуларға арналған

Картамен және оның деректемелерімен сақ болыңыз

Карталарды пайдаланған кезде, деректемелерді енгізген немесе біреуге жіберген кезде — сақ

Кредит шартының жалпы талаптарының жаңартылуы

Осы Шартқа № 22 Өзгерістер мен толықтырулар.29.08.2025 ж. № 19/2025 хаттамаға сәйкес Кредит