№ | жүгіну себебі | құжаттар |
1 | Аурумен байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық | 1. Клиенттің жазбаша өтініші 2. Шығару эпикризінің көшірмесі және/немесе еңбекке жарамсыздық парағы және/немесе медициналық қорытынды және/немесе Ashyq-тың скрині |
2 | Мүгедектікті тағайындау | 1. Клиенттің жазбаша өтініші 2. Зейнетақы куәлігінің көшірмесі/мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі. |
3 | Еңбек шартын бұзу | 1. Клиенттің жазбаша өтініші 2. Клиенттің еңбек кітапшасының көшірмесі/ЕШ бұзу туралы жұмыс орнынан анықтама/ Клиентті жұмыссыз ретінде тіркеу туралы ХҚКО анықтамасы. 3. ЗТМО/БЖЗҚ анықтамасы; |
4 | Клиенттің жүктілікке және босануға байланысты демалысқа/бала күтімі бойынша демалысқа шығуына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық | 1. Клиенттің жазбаша өтініші 2. Жүктілік туралы анықтама/баланың туу туралы куәлігі 3. Декреттік демалыс кезеңі көрсетілген жұмыс орнынан анықтама (егер Клиент жұмыс жасаса) |
5 | Клиентке материалдық залал келтірілсе (ұрлық, өрт, су басу және т.б.) | 1. Клиенттің жазбаша өтініші 2. Тұрғылықты жері бойынша әкімдіктен анықтама/Төтенше жағдайдың басталғаны туралы анықтама |
6 | Клиент қаржылық қиындықтарға тап болса (табысының төмендеуі, жалақыны кешіктіру және т.б.) | 1. Клиенттің жазбаша өтініші 2. ЗТМО/ БЖЗҚ/БКБ анықтамасы/ Клиенттің табысы туралы анықтама |
7 | Асыраушысынан айрылу (Клиенттің жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) ауруына, қайтыс болуына байланысты отбасылық мән-жайлар) | 1. Клиенттің жазбаша өтініші 2. Қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі/негізгі асыраушысының, жақын туыстарының мүгедектігі туралы куәліктің көшірмесі/шығару эпикризінің көшірмесі және/немесе еңбекке жарамсыздық парағы және/немесе медициналық қорытынды 3. ЗТМО/ БЖЗҚ анықтамасы/Клиенттің табысы туралы анықтама |
8 | Клиент мүгедектің қамқоршысы болып табылады (негізгі асыраушысы/жақын туыстары мүгедек болса) | 1. Клиенттің жазбаша өтініші 2. Негізгі асыраушысының, жақын туыстарының мүгедектігі туралы куәліктің көшірмесі 3. ЗТМО/ БЖЗҚ анықтамасы/Клиенттің табысы туралы анықтама |
9 | ХӘОТ/Атаулы әлеуметтік көмек | 1. Клиенттің жазбаша өтініші 2. ЗТМО/БЖЗҚ анықтамасы/Клиенттің табысы туралы анықтама/ХӘОТ мәртебесін алғандығын растайтын құжат/бірге тұратындығын растайтын құжат |
10 | Клиентті мерзімді әскери қызметке шақыру | 1. Клиенттің жазбаша өтініші 2. ЗТМО/БЖЗҚ анықтамасы/Клиенттің табысы туралы анықтама/Клиенттің қызметте болғанын растайтын құжат/ командирдің анықтамасы |
11 | Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан клиенттер | 1. Клиенттің жазбаша өтініші 2. ЗТМО/БЖЗҚ анықтамасы/Клиенттің табысы туралы анықтама/Клиенттің бас бостандығынан айыру орындарында болғанын растайтын құжат/сот шешімінің көшірмесі |