Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Home Card Lite 10% кешбэк: супермаркеттерде, ЖҚС-да және коммуналдық қызметтерді мобильді қосымшада төлегенде

main image

Қоңырауға тапсырыс беріңіз

Карточка бойынша шарттар:

Кешбэк90 күнге дейін90 күн өткен соң
Супермаркеттерде, ЖҚС-да, мобильді қосымшада коммуналдық төлемдерді төлегенде10%5%
Өзге төлемдерге1%1%
   
Қолма-қол ақша алудың ай сайынғы лимиттері200 мың ₸ дейін200 мың ₸ асқанда
Басқа банктердің банкоматтарынан (ATM) қолма-қол ақша алғандакомиссиясызалу сомасынан 2%, кемінде 100 ₸ алынады

 

Карточка бойынша лимиттер 
Бонустардың айлық максималды соммасы20 000 ₸
Бір клиентке ресімделетін карточка саны 1 карта
Бонустардың әрекет ету мерзімі6 ай
1 транзакция (сатып алу/төлем) үшін максималды кешбэк1000 бонус

 

Home Card Lite картасымен 10% қандай сатып алуларға есептеледі?

Кешбэк қарастырылмаған операциялардың түрлерімен танысыңыз.

 

Пайдалы ақпарат

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар мен маңызды құжаттар

Картаға өтінім сайт арқылы берілді, оператор қашан қайта қоңырау шалып, карта жеткізіледі?

Оператор сізге өтінім қабылданғаннан кейін бір сағат ішінде хабарласады. Жұмыс уақыты: жұмыс күндері 9:00–21:00, демалыс және мереке күндері 10:00–20:00

Карталар күнде, сондай-ақ мереке күндері де жеткізіледі. Жеткізу уақыты: жұмыс күндері 9:00-21:00, демалыс және мереке күндері 10:00-20:00

Қай жағдайда Home Card Lite виртуалды картасын ашу мүмкін емес?

Келесі жағдайдарда картаны ашу мүмкін емес:

  1. Клиентте Home Card Lite пластикалық картасы болса;
  2. Салық берешегі бар болса;
  3. Шоттарға тыйым салынса;
  4. Ұсынылатын құжаттың қолданылу мерзімі аяқталса;
  5. Техникалық ақау: қарастыруды қажет ететін жеке жағдайлар 

Картаны қалай белсендіруге болады?

Home.kz мобильді қосымшасында Home Card Lite картасын таңдаңыз да, «Картаны белсендіру» батырмасын басыңыз

Картаны толықтырудың қандай жолдары бар?

Комиссиясыз:

  1. Мобильді қосымшада өз шоттарыңыз арасындағы аударым жасаңыз;
  2. Home Credit Bank банкоматтары мен терминалдары арқылы;
  3. Home Credit Bank бөлімшелеріндегі кассалар арқылы;
  4. Qiwi терминалдары арқылы.

Комиссиямен:

  1. «Astana–Plat» ЖШС;
  2. «КиберПлат Казахстан» ЖШС;
  3. Касса24.

Картаны депозиттен толықтыру:

• Home.kz мобильді қосымшасында: Home Card Lite картасын таңдау → Аударым жасау → Өнімді толықтыру → Қажетті шотты таңдау → Аударым сомасын енгізу → Аудару;

 

Картаны толықтырудың максималды сомасы: 

• Банк бөлімшелеріндегі кассалар арқылы толықтыру кезінде шектеулер жоқ.
• Home Credit Bank терминалы арқылы — бір уақытта 2 000 000 ₸ дейін.
• Басқа банктердің карталарынан — 1 000 000 ₸ дейін.
• «Astana-Plat» ЖШС, «Касса 24» немесе «Киберплат-Қазақстан» ЖШС серіктестік желілері арқылы толықтыру кезінде шектеулер болуы мүмкін

Комиссияның мөлшері мен төлемдердің түсу мерзімі банкке байланысты емес себептер бойынша өзгеруі мүмкін. Комиссияның ағымдағы мөлшерін картаны толықтыру кезінде тексеріңіз

Home Card Lite виртуалды картасынан ақшаны қалай алуға болады және ол үшін комиссия бар ма?

Ақшаны Home Credit Bank немесе басқа банктердің NFC функциясы бар банкоматтары арқылы алуға болады. 

NFC (Near Field Communication) — бұл құрылғыларға қысқа қашықтықта байланысуға мүмкіндік беретін технология. NFC функциясы арқылы байланыссыз төлемдерді жасауға болады. Home Credit Bank барлық банкоматтарында осы функция бар.

Міндетті шарт: сіздің Home Card Lite картаңыз ApplePay, SamsungPay, GooglePay-ге қосулы болуы тиіс. 

Ақша алу жолдары:

  1. ApplePay, SamsungPay, GooglePay ашыңыз → Осы қосымшаларды ашып, телефонды NFC функциясының аймағына жақындатыңыз. Онда «Картаны жақындатыңыз» деген жазу болуы тиіс → PIN кодты енгізіңіз → Операцияны таңдаңыз. 
  2. Банкомат экранында: Жеке тұлғалар → Ақша алу батырмасын басыңыз → Деректеріңізді енгізіңіз: ЖСН, шарт немесе жеке куәлік нөмірін → Сәйкестендіруден өтіңіз → СМС–кодты енгізіңіз → Карталар → Виртуалды картаны таңдаңыз → Ақша алу сомасын енгізіңіз.

Home Card Lite картасынан басқа банктердің банкоматтарынан ақша алу үшін комиссия:

• айына 200 000 ₸ дейін — комиссиясыз;
• айына 200 000 ₸ артық — ақша алу сомасынан 2%, минимум 100 ₸ + басқа банктің комиссиясы

Шетелдегі супермаркеттерде карта арқылы төлем жасау кезінде кешбэк есептеле ме?

Иә, өйткені МСС кодтар халықаралық болып табылады

Жанармай құю станциясында мен сусындар мен басқа заттарды сатып алсам кешбэк есептеле ме?

Иә, егер сатушының POS–терминалдың МСС коды жанармай құю станциясына сәйкес келетін болса, кешбэк есептеледі

Неліктен кешбэк есептелмейді?

Егер сатушының POS–терминалдың МСС коды дүкен санатына немесе жанармай құю станциясына сәйкес келмесе кешбэк есептелмейді.

MCC немесе Merchant Category Code — дүкен, жанармай құю станциялары және басқа да сауда нүктелерінің қызметін жіктейтін төрт таңбалы нөмір. MCC код сатушыға POS-терминалды алған кезде банкпен белгіленеді. Кешбэк есептелмейтін MCC кодтардың тізімі Банк сайтында қолжетімді  

Magnum, Arbuz, Galmart және т.б. интернет-дүкендерінде Home Card Lite картасымен төлесем, кешбэк есептеле ме?

Иә, есептеледі

Сатушының МCC коды жоғары кешбэк есептелетін санаттарға сәйкес келсе, есептеледі

Мен қанша бонус жинай аламын?

Бір күнтізбелік айда максимум 20 000 бонус алуға болады. Ол 20 000 ₸ тең