OLZHA жеңілдіктері
Денсаулыққа, спортқа, саяхатқа және оқу курстарына 100% кешбэк
Икемді жұмыс кестесі
Үйден және ыңғайлы кеңселерде жұмыс жасау мүмкіндігі
Даму және оқу
Компания есебінен
Merch Store
Корпоративтік брендтелген тауарлар
Өнім бойынша арнайы шарттар
Қызметкелерге арналған кредиттер мен депозиттер тиімді шарттармен
Қызықты іс-шаралар
Пикниктер, жүгіру, киберспорт, шахмат, үстел теннисі клубтары
Home Credit Bank - PPF халықаралық қаржы тобына кіретін Қазақстандағы жалғыз еуропалық банк. Штаб-пәтері Прагада (Чехия) орналасқан. Банк Қазақстан нарығында 2005 жылдан бастап жұмыс істейді.
2024 жылғы 1 қаңтарда банктің активтері 803 млрд теңгені, меншікті капиталы 157 млрд теңгені құрады. Меншікті капитал мөлшері бойынша Home Credit Bank Қазақстан Республикасының ең ірі 10 банкінің қатарына кіреді.
2023 жылдың қазан айында Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі қазақстандық «Home Credit Bank» АҚ-ға «ВB-» деңгейінде шетел және ұлттық валюталардағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін растады. Рейтинг бойынша болжам «Тұрақты».
Қаржы институтында 3,2 мың қызметкер жұмыс істейді.
Банктің ірі акционері - Чех кәсіпкері, PPF холдингінің басқарма төрағасы Иржи Шмейц. Ол 34,7% үлесін иемденеді. Қалған акциялар холдингтің топ-менеджменті арасында бөлінген.
PPF Group 24 елде жұмыс жасап, қаржы секторына, телекоммуникация, медиа, e-commerce, биотехнология, жылжымайтын мүлік және көлік инженериясына инвестиция салады. Холдинг 43,5 миллиард еуро активтерге иелік етеді және онда Қазақстан Республикасын қоса алғанда, бүкіл әлем бойынша 50 000-нан астам қызметкер жұмыс жасайды.