Жарияланды 10.03.2024
Жаңартылды 14.05.2026
5 минут
Табыс деңгейі әр кезде әртүрлі болуы мүмкін. Табыс тұрақты болған кезде оны сауатты түрде үлестіріп, ақша жинауға үйрену керек. Ақшаны қалай жинауға болады және ол не үшін қажет? Қандай ережелер ақша жинауда көмектеседі? Осы сұрақтарға бұл мақалада жауап беруге тырысамыз.
Инвестициялар және тәуекелдер жөніндегі сарапшы Жангир Бектемиссов: «Табыстарымызды кисық, парабола ретінде елестетіп көрейік. Онда үш маңызды нүкте бар. Бірінші нүкте — оқу аяқталғаннан кейін жұмысты бастау. Ең басында кіріс деңгейі шығындардан төмен болады. Екінші нүкте — бұл кірістің максималды деңгейі. Үшінші нүкте — зейнетке шығу. Осы кезде біздің шығындарымыз қайтадан кірістерден асып түсе бастайды. Осы кезеңде өмір сүру деңгейі айтарлықтай төмендемеуі үшін жинақ ақшамыз жеткілікті болуы тиіс. |
Табысты болжау өте қиын. Бүгін сіз өте табысты компанияда жұмыс істеп жатсаңыз да, кез келген уақытта жұмыстан айырылып, басқа жұмыс іздеуге мәжбүр болуыңыз мүмкін. Немесе сізде зейнетақы жарналары болмаса, зейнетақыңыз төмен болуы мүмкін. Шығындар кез келген уақытта кірістен асып кетуі мүмкін. Өйткені қандай да бір күтпеген жағдайорын алса, қосымша ақша қажет болады. Сондықтан ақша жинау өте маңызды.
Жинақ ақша арқылы пассивті табысқа ие болуға болады. Жинақ ақшаңызды инвестициялауға болады. Инвестициялауды ертерек бастасаңыз, тәуекел деңгейі төмен активтерге де, акциялар мен қор нарығы сияқты тәуекел деңгейі жоғары құралдарға да ақша салуға болады. Оның нәтижесінде пайдаңыз да тұрақты әрі жоғары болады.
Ақша жинау дағдысы ақша үнемдеумен тығыз байланысты. Ақша үнемдеу қағидалары туралы толығырақ осы мақалада оқуға болады.
Ақшаны жүйелі түрде жинау үшін бюджетті жүргізу және шығындарды жоспарлау жеткіліксіз. Оған қоса қажетсіз сатып алулардан бас тартып, келесі қарапайым ережелерді сақтау керек.
1. Қаржылық мақсаттарды қою: қысқа және ұзақ мерзімді.
Бұл тәртіпті сақтауға көмектеседі: егер сіз өзіңізге маңызды мақсат қойсаңыз, ол сізді ақшаны жұмсаудан сақтап, оны жинауға ынталандырады.
Қысқа мерзімді мақсаттың мысалы — ипотека бойынша алғашқы жарнаны жинақтау: бұл үшін 2-3 жыл қажет болады. Ал ұзақ мерзімді мақсаттың мысалына келетін болсақ, зейнетке шығу үшін ақша жинауды қарастыруға болады: ол үшін көбінесе 10 жыл немесе одан да көп уақыт қажет. Мақсаттар әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ өз қауіпсіздігіңіз үшін ақша жинау өте маңызды. Ол үшін «50/20/30» ережесін сақтау жөн. Сіз алатын таза пайдадан 50%-ын қажеттіліктерге, 30%-ын қалауыңыз бойынша жұмсаңыз және 20%-ын жинаңыз.
Мысалы, Арлан 550 мың теңге жалақы алады:
50%-ын (шамамен 270 мың ₸) маңызды шығындарға: коммуналдық қызметтерге, азық-түлікке, жолға және кредит бойынша төлемге жұмсайды; 30%-ын (шамамен 170 мың ₸) бассейн, хобби, жаңа киім сатып алуға, кафеге бару сияқты нәрселерге жұмсайды; 20%-ын (қалған 110 мың ₸) жинап отырады. |
Қауіпсіздік қорын қалыптастырғаннан кейін келесі мақсаттарды қоюға болады.
2. Ақшаны банктік депозиттерге салу— себебі қолма-қол ақша құнсызданады.
Әлемде ондаған жылдар бойы болған нөлдік инфляция кезеңі аяқталды. Қазір дамыған елдерде инфляция деңгейі 2-2,5%-ды құрайды. Әлемдік экономика үшін бұл пайдалы, өйткені нөлдік инфляция экономикадағы тоқырауды білдіреді. Ал қарапайым адам үшін бұл тиімді емес. Өйткені уақыт өте келе жинақталған ақша құнсызданады. Сондықтан қаржы сарапшыларының айтуы бойынша ақшаны 10%-дан артық мөлшерде қолма-қол ақша түрінде ұстамау жөн.
Жинақ ақша құнсызданбау үшін оны жинақ шотына немесе толықтыру және ақша алу мүмкіндігі бар депозитке салу жөн. Мөлшерлеме тиімді болса, пайда табуға болады.
| 12 ай ішінде Home Credit Bank-те күнделікті капиталдандырумен 500 000 ₸ мөлшеріндегі салым сізге 83 706,55 ₸ пайда әкеледі — мөлшерлеме 16,7%-ды құрайды. Пайыздар күн сайын есептеледі, сондықтан сіз максималды пайда табасыз. |
3. Инвестициялау
400-500$ ақша жиналған кезде (~шамамен 25 мың ₸) кірістілігі жоғары өнімдерге инвестициялауға болады. Оларға облигациялар мен акциялар жатады.
Инвестициялау туралы біздің басқа мақаламызда оқыңыз.
Инвестициялар және тәуекелдер жөніндегі сарапшы Жангир Бектемисов: «Егер сіз инвестиция жасамайтын болсаңыз, онда қор нарығына ақша салудан түсетін пайда алу мүмкіндігін жіберіп отырсыз. Оны мысал негізінде көру үшін S&P 500 америкалық ақцияларды қарастырайық. Осы портфельді 1980-2022 жылдар аралығында сатып алсаңыз, онда орташа пайда шамамен жылдық 10%-ды құрайтын еді. Күрделі пайызды есепке алатын болсақ, бұл өте үлкен сома. Күрделі пайыз кезінде пайда пайыздарға да, инвестициялау сомасына да есептеледі. Ол дегеніміз, 7 жылда сіздің алғашқы салымыңыз екі есе өседі. Ал сіз ақшаны үнемі толықтыратын болсаңыз, онда сіздің портфеліңіз геометриялық прогрессияда өседі. 10–15 жылда бұл 10% капиталға айналып, сіз ірі ұзақ мерзімді қаржылық мақсаттарға жетесіз. Сонда зейнетке еш уайымсыз шығып, тіпті немелеріңізге де ақша қалдырасыз. |
4. Қосымша табыс көздерін іздеу
Көбінесе қосымша табыс қажеттілік болып табылады, өйткені жалақы әдетте жеткіліксіз болады. Қосымша табыс көзін таңдау тек өзіңізге байланысты болады. Сіздің қолыңыздан не келеді? Шабыт алу үшін бірнеше мысал келтірейік.
Қосымша табыс көздері өте көп. Кәсіби дағдыларды пайдаланып, қосымша пайда алуға болады. Сондай-ақ хоббиден де ақша табуға болады.
Үлкен бір сома жиналған кезде адам оны әдетте жұмсағысы келеді. Онда ақшаны қалай жинауға болады?
Есіңізде болсын, бір рет қана емес, ай сайын инвестициялау қажет. Мысалы, егер сіз бағалы қағаздарды үнемі сатып алып отырсаңыз, сіз ақшаңызды әртүрлі бағамен саласыз. Сондықтан жоғары пайда алу мүмкіндігі артады.
| Дегенмен, ақшаны өз қалауыңыз бойынша да жұмсау керек. Бірақ ол үшін өзіңізге шектеу қою қажет. |
Кейбір жағдайларда өзіңізге «жоқ» деп айту керек. Сонда қаржылық еркіндікке тезірек жетесіз.
Бір қарағанда, ол мүмкін емес сияқты. Бірақ біздің кеңестерімізді қолданып, біртіндеп ақша жинауды бастауға болады.
Алдымен