Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Астана қаласының жедел жәрдем қызметкерлері жаңа жазғы форма алды. Барлығы 1750 жиынтық берілді, оның 1300 жиынтығы дәрігерлерге және 450 жинақ жүргізушілерге тапсырылды. Осылайша Home Credit Bank елордалық жедел жәрдем қызметкерлеріне қазақстандықтардың өмірлеріне қамқор болу жолында қосқан үлестері үшін өз алғыстарын білдірді.
«Қыс мезгілінде біз елордалық дәрігерлер мен жедел жәрдем жүргізушілеріне қысқы форманы сыйға тарттық, ал бүгін жазғы жиынтықтарды табыстап отырмыз. Біз оны арнайы киімге қойылатын барлық талаптарды мұқият сақтап, үлкен қамқорлықпен жасадық. Home Credit Bank осы бастаманы 2022 жылы бастады. Сол кезде алғыс ретінде жедел жәрдем қызметкерлеріне күнделікті қиын жұмысты орындау үшін қолдау көрсету мақсатында біз осы дәстүрді бастаған болатынбыз. Қазір Астана мен Алматы дәрігерлері мен жүргізушілеріне жалпы сомасы 197 млн теңгеге 8000-ға жуық жиынтық тапсырылды.
Мен барлық медицина қызметкерлеріне өз құрметімді білдіріп, осы кәсіби мереке қарсаңында құттықтап, күш, шыдамдылық, денсаулық тілегім келіп отыр. Өйткені қазақстандықтардың денсаулығы мен өмірі оларға байланысты», - деп атап өтті Банк Басқармасы Төрағасының орынбасары Виктор Батрак.
Home Credit Bank-тің арнайы жиынтықтарында дәрігерлерге арналған блузкалар мен жейделер, шалбар, футболкалар мен жилеттер, ал жүргізушілер үшін курткалар, шалбар және поло футболкалары бар. Енді жедел жәрдем қызметкерлері ауа-райының жағдайларына байланысты қажетті жазғы немесе қысқы киімді таңдай алады.
«Жедел жәрдем қызметкерлерінің формасы мамандықтың барлық ерекшеліктерін есепке ала отырып, барлық талаптарға сай болуы тиіс. Жұмыс киімі жеңіл, ыңғайлы және функционалды болуы керек, өйткені олар өз жұмыстарын кез келген ауа-райы кезінде атқарады. Сонымен қатар ол тозуға төзімді, су өткізбейтін және қозғалысқа кедергі келтірмейтіндей болуы тиіс. Осы сипаттамалардың барлығы Home Credit Bank сыйлаған формаға сәйкес келеді. Жарық щағылыстыратын жолақтардың арқасында жұмысшыларды қараңғы уақытта да көруге болады. Біз Home Credit Bank-ке Астана қаласының жедел жәрдем қызметкерлерінің жұмысына көрсеткен қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз», - деді станция директорының м.а. Арман Баянбаев.
2022 жылы Home Credit Bank халықтың денсаулығы мен өміріне қамқор болатын жедел жәрдем қызметкерлерін қолдауға бағытталған демеушілік жобаны бастады. Банктің «Көмектесуге қуаныштымыз» стратегиясы аясындағы бұл қайырымдылық бастама қоғамға, клиенттерге, серіктестерге пайдалы болу идеясына негізделген. Осы уақыт ішінде Home Credit Bank екі мегаполистің жедел жәрдем қызметкерлеріне 8000-ға жуық форма жиынтығын сыйға тартты. Алматы қаласының жедел жәрдем қызметкерлеріне 5000-нан астам дана, ал елордаға 2850 дана жиынтық берілді.