Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Home Credit Bank жеке тұлғаларға арналған Home.kz жаңа мобильді қосымшасын іске қосты

Бөлісу

Home Credit Bank Home.kz жеке тұлғаларға арналған жаңа мобильді банкін іске қосты. Қосымшаның басты ерекшелігі: ол банк клиенттерінің қатысуымен, олардың қажеттіліктеріне сәйкес әзірленген болатын. Енді Home Credit Bank мобильді қосымшасымен қаржыны басқару, қаражатты қауіпсіз түрде аудару, тауарлар мен қызметтер үшін төлем жасау, сондай-ақ тауарларды бөліп төлеуге сатып алу; депозиттерде ақша жинау, кредит ресімдеу, валюта айырбастау және үйден шықпай-ақ анықтама алу қызметтері одан да ыңғайлы болды.

«Біздің мобильді қосымшамызды пайдаланатын адамдар саны үнемі өсуде. Сондықтан күнделікті операцияларды смартфон арқылы жасау одан да тез әрі ыңғайлы болу үшін Home.kz жаңа мобильді банкін әзірледік. Клиенттерге тек стандартты қаржылық қызметтер ғана емес, оған қоса өнімдер бойынша жеке ұсыныстар, инвестициялау туралы кеңестер, кредиттерді мақұлдау және қаржылық сауаттылық туралы ақпарат қолжетімді болады. Енді салымдарды ашу және аударым жасау процесі одан да тез болады. Сонымен қатар қосымшада клиент мақұлданған кредит сомасын бірден көре алады. Ал клиентке кредит беруден бас тартылса, ол кредиттік тарихты жақсарту жөнінде кеңес алады. Біз Home.kz қосымшасы клиенттеріміз үшін пайдалы әрі сенімді қаржы құралы болады деп үміттенеміз. 2024 жылдың 12 маусымынан бастап мобильді қосымша Android және iOS платформаларында қолжетімді. Біз клиенттеріміз үшін пайдалы сервисті жасауға тырыстық. Сондықтан клиенттерімізді барлық заманауи қаржылық шешімдерді, жаңа мобильді қосымшаның ыңғайлылығы мен артықшылықтарын бағалауға шақырамыз», - деп айтты Home Credit Bank басқарма төрағасы Кирил Бачваров.

Home.kz бұл:

  • Түсінікті және заманауи интерфейс 
  • Басты бетті өзіңізге сәйкес келетіндей етіп баптау мүмкіндігі және қарапайым навигация
  • Өнімдер бойынша жеке ұсыныстар
  • Цифрлық құжаттар
  • Ақшалай кредит алудың бірегей процесі
  • Ескі құрылғыларда да қосымшаның жылдам жұмысы
  • Банктің ең үздік шешімдеріне қолжетімділік 
  • Тауарлар мен қызметтерге төлем жасау үшін жеткізушілердің кеңейтілген саны

«Home.kz жаңа мобильді қосымшасын банк әзірледі. Сондықтан біз оны клиенттеріміздің пікірлері мен қызметкерлеріміздің идеялары негізінде жасадық. Ол үшін біз 9 мың пайдаланушының пікірлері мен қажеттіліктерін зерттедік. Осы ақпараттың негізінде біз ыңғайлы, сенімді әрі клиенттердің қажеттіліктеріне сәйкес келетін мобильді қосымшаны жасауға бар күшімізді салдық. Енді қосымша одан да тез жұмыс істеп, қажет болған кезде бізге жаңартуларды, жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізуге мүмкіндік береді», - деп айтты цифрлық арналардың басшысы Алексей Серков.

Home.kz мобильді қосымшасының жаңалықтары:

Жаңа қосымшада навигация, негізгі экран және шоттарды басқару функциялары толығымен жаңартылды. Енді клиенттерге басты экранды өз қажеттіліктеріне сәйкес баптау мүмкіндігі қолжетімді болады. Сонымен қатар қажетсіз ұсыныстарды жасыру функциясы пайда болды. Ал банк әрбір клиентке жеке ұсыныстарды жасайды.

Операциялар тарихы өзгереді: енді клиент толық есеп алып, кез келген уақытта оған қажетті чекті тауып, онымен бөлісе алады. Бұл функция бұрын тек транзакция кезінде қолжетімді болатын. Мұнда жойылған операциялар, қайтарымдар, есептелген бонустар көрсетіледі. Сонымен қатар енді MCC-код көрсетілетін болады. 

Банк өнімдері бір-екі кликпен қолжетімді болады. Home.kz әзірлеушілері депозиттерді ашу, ақшалай кредит алу және аударым жасау процесін одан да ыңғайлы етті. Енді депозитті ашу немесе банктік депозиттік сертификатты сатып алуды үш кликпен жасауға болады. Калькулятор болашақ кірістерді есептеуге және ең қолайлы депозитті немесе БДС-ты таңдауға мүмкіндік береді. 

Home.kz қосымшасында ақшалай кредит алудың бірегей процесі іске қосылады. Енді кредит те бірнеше минут ішінде үш кликпен қолжетімді болады. Оның басты ерекшелігі - клиент оған банк мақұлдайтын соманы бірден көре алады. Банк кредит беруден бас тартса, оның себебі мен кредиттік тарихты жақсарту жөніндегі ұсыныстар беріледі.

Ақша аудару процесі одан да тез болады: ол бес қадамнан үш қадамға дейін қыстартылды. Басты бет клиенттің қажеттіліктеріне сәйкес бапталып, онда тек жиі қолданылатын функциялар мен аударымдар көрсетілетін болады. Қауіпсіздік сертификаты мен жаңа инфрақұрылымның арқасында пайдаланушыға басқа банкке аударым жасаған кезде карта нөмірін енгізудің қажеті жоқ.

OZEN бөліп төлеу картасының ұстаушылары жаңа дизайннан басқа кең функционалдылыққа ие болды. Енді олар бөліп төлеу бойынша барлық ақпаратты, оның ішінде белсенді бөліп төлеу, төлем сомаларын және қарыздың қалдығын қосымшада қарай алады.

Home.kz қосымшасында ұялы байланыс операторлары, коммуналдық қызмет провайдерлері, салықтар мен айыппұлдарды төлеуге арналған мемлекеттік және басқа да қызметтер сияқты 400-ден астам жеткізушілердің қызметтері үшін төлем жасауға болады. Іздеу жүйесі компания атауының бір немесе бірнеше әріптерін енгізу арқылы жеткізушіні жылдам табуға көмектеседі. Сондай-ақ квитанцияға есептеуіштердің көрсеткіштерін енгізуге және төлем алдында шоттарды өңдеу арқылы коммуналдық қызметтерді төлеуге болады.

Енді банктің қосымшасында зейнетақы жинақтары, кірістер, отбасылық жағдай, білімі бойынша әртүрлі анықтамалар, сондай-ақ пайдаланушы мен оның отбасының паспорт, жүргізуші куәлігі сияқты цифрлық құжаттары қолжетімді.

Мобильді қосымшаға тіркелу өте оңай. Біріншіден, құпия сөзді енгізудің қажеті жоқ. Екіншіден, сәйкестендіру кезінде құжаттарыңызды суретке түсірудің қажеті жоқ, олардың цифрлық көшірмелері мемлекеттік базада болған жағдайда олар автоматты түрде анықталады. 

Home.kz қосымшасын Банктің клиенті ғана емес, клиент болып табылмайтын тұлға да, ҚР бейрезиденті де пайдалана алады.

12 маусымнан бастап Home.kz қосымшасы Android Және iOS пайдаланушылары үшін қолжетімді болады. Ескі қосымша осы жылдың соңына дейін жұмыс істейді. 

 

12.06.2024

Бөлісу

Басқа мақалалар

ЕҰ ВТБ Қазақстан АҚ-мен өзара әрекетті тоқтату

Құрметті клиенттер,ЕҰ ВТБ Қазақстан АҚ-ға (бұдан әрі – ВТБ Қазақстан) қатысты енгізілген

“Home Credit Bank” АҚ Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер

"Home credit Bank" АҚ Акционерлердің жалпы жиналысының отырысы өткенін хабарлайды. Директорлар

Астанада қала тұрғындары мен ШОБ үшін Home Credit Bank-тің екі жаңа бөлімшесі ашылды

Home Credit Bank Астанада екі жаңа бөлімше ашты. Нәтижесінде елордадағы бөлімшелер мен шағын