Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Home Credit Bank Астана қаласының 1 110 жедел жәрдем қызметкерін жылы формамен қамтамасыз етті

Бөлісу

Home Credit Bank Қазақстандағы жедел жәрдем қызметкерлеріне қайырымдылық көмек көрсетуді жалғастыруда. 1 ақпанда банк Астананың 809 дәрігері мен 301 жедел жәрдем жүргізушісіне 1110 қысқы киім жиынтығын сыйға тартты. Енді банк жедел жәрдем қызметкерлеріне күзгі және жазғы форманы ұсынуды жоспарлауда.

«Елордалық дәрігерлерді, фельдшерлерді, жедел жәрдем жүргізушілерін жаңа формамен қамтамасыз ету - қаңтар оқиғаларынан кейін 2022 жылы қолға алған қайырымдылық бастамамыздың жалғасы. Осылайша біз Алматының жедел жәрдем қызметкерлеріне өз алғысымызды білдірдік. Қазір осы жоба аясында елордалық дәрігерлерге қысқы киім табысталды. Бұл бастама біздің «Көмектесуге қуаныштымыз» стратегиямызға сәйкес келеді. Өйткені дәрігерлердің саулығы - бұл бүкіл ұлттың саулығы. Біз заманауи жылы форманы ұсына отырып, дәрігерлердің күнделікті жұмысын жақсартуға үлес қоса алатынымызға қуаныштымыз. Бұл бастама ESG стратегиясының бөлігі болып табылады және біз үшін бірінші орында болып қала береді», - деді «Home Credit Bank» АҚ Басқарма төрағасы Кирил Бачваров.

Астана жедел жәрдем қызметі директордың медицина жұмысы жөніндегі орынбасары Бота Сәдетхан елорданың қысқы жағдайын ескере отырып, қызметкерлердің формасы маңызды рөл атқаратынын және ол жеңіл әрі жылы болуы тиіс екенін атап өтті.

«Жедел жәрдем бригадасының заманауи формасы тек ыңғайлы және функционалды болып қана қоймай, ол бірқатар талаптарға сәйкес келуі де тиіс. Медициналық қызметкерлерді форманың жарқырайтын жолақтары және су мен қаннан қорғау үшін су өткізбейтін қабаты болуы керек. Сондай-ақ жиі дезинфекциялау кезінде форма тозуға төзімді болуы керек. Home Credit Bank ұсынған жаңа форма осы параметрлердің барлығына сәйкес келеді. Астана қаласының жедел жәрдем дәрігерлерінің атынан Home Credit Bank командасына алғыс айтамын».

Елордалық жедел жәрдем қызметкерлеріне арнайы форманы табыстау – 2022 жылғы демеушілік көмектің үшінші бөлігі. Home Credit Bank Алматының жедел жәрдем қызметкерлеріне 2 мың жазғы және 3 мың қысқы жиынтықты тапсырды.

Дәрігерлерді қолдау қазақстандық «еншілес банк» мүшесі болып табылатын Home Credit халықаралық қаржы тобының ESG-стратегиясының бір бөлігіне айналды. Банк өз қызметінде экологиялық, әлеуметтік және басқару принциптерін (ESG) қолданып, олардың келесі негізгі бағыттарына көңіл бөлуде: азаматтарға және қоршаған ортаға қамқорлық жасау, қызметкерлерге әділ қарым-қатынас көрсету және жауапты кредиттеу мен қаржылық қолжетімділікті қамтамасыз ету.

01.02.2024

Бөлісу

Басқа мақалалар

Fitch агенттігі Home Credit Bank рейтингтерін «BB–» деңгейінде растады. Болжам «Тұрақты» болып табылады

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Home Credit Bank эмитентінің шетел және ұлттық

Банк бейрезиденттер үшін дебет карталарын қайта шығара бастады

2025 жылдың 26 ақпанынан бастап Home Credit Bank Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты жоқ

Home Credit Bank PCI DSS қауіпсіздік стандартына сәйкестігін растады және Visa Жаһандық тізіліміне енгізілді

Home Credit Bank төлем карталары деректерінің қауіпсіздігі бойынша PCI DSS халықаралық стандартына