Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Fitch Home Credit Bank рейтингін «BB-» деңгейінде растады. Болжам «Тұрақты» болып табылады

Бөлісу

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Home Credit Bank» АҚ эмитентінің шетел және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді дефолт рейтингін «BB-» деңгейінде растады. Рейтинг бойынша болжам «Тұрақты» болып табылады. Банктің тұрақтылық рейтингі де «bb-» деңгейінде расталды.

Эмитенттің «bb-» ұзақ мерзімді дефолт рейтингі Банктің дербес кредит қабілеттілігімен сипатталады. Fitch сарапшыларының пікірінше, қорландыру мен тұтынушылық кредиттеудің шектеулі болуына қарамастан Банктің капитализациясы мен жақсы кірістілігі өте жоғары деңгейде болып тұр.

Агенттіктің берген бағасы тәуекелді ескере отырып өлшенген активтердің жоғары тығыздығымен және банкті дамыту жөніндегі жоспарларды бірге қарастыру негізінде жасалған. Fitch әдіснамасы бойынша негізгі капитал көрсеткіші 2023 жылдың үшінші тоқсанының соңында 16,4%-ды құрады. Бұл көрсеткіш тәуекелді ескере отырып өлшенген активтердің өсуіне байланысты сәл төмендеді. Шығындардың тиімділігі мен жоғары пайыздық маржа Банкке жоғары пайда әкелді.

«Өткен жыл біз үшін табысты болды. Бұл біздің Банк рейтингінің Fitch агенттігінің бұрынғы деңгейде сақталуымен расталады. Таңдалған стратегия мен бизнес-модельдің арқасында өткен жылы біздің негізгі көрсеткіштеріміз (банк активтері, несие портфелі және депозиттік база) 40%-ға өсті. Біз 21 банктің арасында меншікті капитал деңгейі бойынша бірінші ондыққа кіреміз. Бұл Банктің жоғары капиталдандырылуын растайды.

Home Credit Bank – жеке тұлғаларды кредиттеу нарығындағы көшбасшылардың бірі. Күнделікті операцияларды жасау үшін біздің банкті таңдайтын клиенттер саны өсуде: өткен жылы біздің карталарымыздың 100 млрд теңгеден астам сомаға төлем жасалынды, яғни 2022 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2,2 есе өсті. Бұл көрсеткіш біздің банктің тек кредиттер берумен ғана айналыспайтынын көрсетіп, қазақстандықтар үшін сенімді қаржылық серіктес болатынымызды айғақтайды. Жаңа сегменттерді дамытудың арқасында өткен жылы шағын және орта бизнеске арналған цифрлық Банк іске қосылды. Бұл бізге жаңа нарыққа шығып қана қоймай, бизнесімізді әртараптандыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Home Credit Bank басқарма төрағасы Кирил Бачваров.

Банк 2023 жылдың сәуір айында Fitch Ratings агенттігінің алғашқы рейтингін 2022 жылдың желтоқсанында акционерлер ауысқаннан кейін тәуелсіз институт ретінде алды. Рейтинг банктің тұрақты қаржылық жағдайын, оның республиканың бөлшек кредиттеу нарығындағы мықты позициясын көрсетеді.

Home Credit Bank Қазақстанда 2005 жылдан бастап жұмыс істейді. Банк бөлшек кредиттеумен айланысып қана қоймай, сонымен қатар ШОБ үшін қызмет көрсету саласында да дамып жатыр.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық Банктің деректеріне сәйкес банктің активтері 45,5%-ға өсіп, 800 млрд теңгеден асты, ал несие портфелі - 39%-ға, яғни 614 млрд теңгеге дейін өсті. Клиенттердің салымдары 44%-ға, яғни 365 млрд теңгеге дейін ұлғайды. 2023 жылы меншікті капитал 27 млрд теңгеден артық сомаға өсті.

29.03.2024

Бөлісу

Басқа мақалалар

ЕҰ ВТБ Қазақстан АҚ-мен өзара әрекетті тоқтату

Құрметті клиенттер,ЕҰ ВТБ Қазақстан АҚ-ға (бұдан әрі – ВТБ Қазақстан) қатысты енгізілген

“Home Credit Bank” АҚ Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер

"Home credit Bank" АҚ Акционерлердің жалпы жиналысының отырысы өткенін хабарлайды. Директорлар

Астанада қала тұрғындары мен ШОБ үшін Home Credit Bank-тің екі жаңа бөлімшесі ашылды

Home Credit Bank Астанада екі жаңа бөлімше ашты. Нәтижесінде елордадағы бөлімшелер мен шағын