Home Credit Bank «Collaborate, Innovate, Elevate» форумын өткізді. Қатысушылар еркін форматта бизнесті дамыту бойынша идеялармен алмасып, Home Credit Bank және HCB Business цифрлық банкінің топ-менеджерлерімен сөйлесті, бизнестегі жаңалықтар мен трендтер туралы танымал сарапшылардың пікірлерін тыңдады.
«Өткен жылдың қаңтар айында біз Банктің ШОБ нарығына шығатынын жарияладық. Жарты жылдан кейін жеке кәсіпкерлерге арналған цифрлық банкті іске қостық, ал бүгін кәсіпкерлермен екінші ауқымды кездесуді өткізіп жатырмыз. Бұл кездесуде ЖШС үшін онлайн сервисті таныстыратын боламыз. Біз бизнес тарапынан ыңғайлы цифрлық шешімдер мен банктермен ынтымақтастық форматына үлкен сұранысты байқап отырмыз. Сондықтан бүгінгі форумда біз банкіміз туралы, мақсаттарымыз туралы айтқымыз келеді. Сонымен қатар біз үшін клиенттеріміз бен серіктестеріміздің ойларын тыңдау, олармен танысу және пікірлес адамдарды табу маңызды болып табылады», - деді Home Credit Bank төрағасы Кирил Бачваров.
ШОБ үшін цифрлық банк Home Credit Bank дамуының жаңа кезеңі болды. Бұл цифрлық банкті жасау үшін Дамир Какиев бастаған HCB Business командасы елеулі жұмыс атқарды. Дамир HCB Business идеясы, жаңа қызметтер және болашақ жоспарларымен бөлісті.
«Цифрлық банкті құрмас бұрын біз келесі миссияны анықтадық: «өз өнімдерін бірінші орынға қоятын банк болудан гөрі кәсіпкерлерге бизнесті дамытуға көмектесу». Сондықтан біз кәсіпкерлердің сұраныстарына назар аударып, олардың онлайн банктен не қалайтынын сұрадық. Олар банкті таңдау туралы емес, қызметкерлерге жалақы төлеу, жаңа серіктестер табу, кірісті ұлғайту, шығындарды азайту туралы ойлайтыны анық болды. Нәтижесінде біз цифрлық банк жасадық. Ол қазақстандық кәсіпкерлер үшін күнделікті банк операцияларын жасауға және оларға бизнесті дамытуға көмектеседі», - деп атап өтті Дамир Какиев.
«Біз өз клиенттеріміз бен серіктестерімізге форумға қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз. Біз мұндай іс-шараларды жарты жылда бір рет өткізуді жоспарлап отырмыз. Басты идея – клиенттерімізбен әрдайым тығыз байланыста болу. Біз үнемі өз клиенттерімізбен сессиялар өткізіп, инновациялық шешімдерді жетілдіріп енгіземіз. Әлі де бағындыратын шыңдарымыз көп», - деп қосты HCB Business цифрлық әзірлеу директоры Арина Лепихова.
Форумда банк HCB Business цифрлық арналарының жаңа мүмкіндіктерін ұсынды. Оларға салықтарды автоматты түрде төлейтін онлайн бухгалтерия және 910 жеке кәсіпкер нысандары, төлемдерді қайталау, бірнеше аударымдарға қол қою және оларды жіберу қызметтері, сату кабинеті және т.б жатады.
Форумда заңды тұлғалар, яғни ЖШС үшін онлайн банктің іске қосылуы жарияланды. Бұған дейін онлайн банк жеке кәсіпкерлік үшін ғана қолжетімді болды. Енді ЖШС үшін шоттарды онлайн ашу, ұлттық валютада транзакциялар жүргізу және сыртқы экономикалық қызмет (СЭҚ) бойынша қаржыны басқару қызметтері қолжетімді. Home Credit Bank заңды клиенттеріне жеке сату кабинеті қолжетімді. Сату кабинетінде QR арқылы бөліп төлеу мүмкіндігі бар. Бұл кәсіпкерлер үшін сатылымдар санын арттыруға көмектеседі. Енді HCB Business клиенттерінде осы қызметтерді тек мобильді қосымшада ғана емес, сондай-ақ вебсайтта алу мүмкіндігі бар. Онда жеке кәсіпкерлер мен ЖШС үшін барлық қажетті қызметтер бар:
банкпен WhatsApp чаты, клиенттің профилі және мобильді қосымшада логин/құпия сөз + бір реттік құпия сөзді (OTP) пайдалана отырып авторландыру, қосымша шоттарды ашу (теңгемен, рубльмен, доллармен, еуромен), Daily banking: деректемелер бойынша төлемдер, аударымдар, салықтарды төлеу, сондай-ақ СЭҚ: валюта айырбастау, шығыс төлемдер және т.б.
Цифрлық банктің жасаушылары бұл қызметтермен шектелуді жоспарлап отырған жоқ. Сондықтан кәсіпкерлер үшін жаңа қызметтерді әзірлеуді, сондай-ақ ағымдағы өнімдерді жетілдіруді жоспарлап отыр. Жақын арада
цифрлық экономикаға интеграциялау үшін интернет – эквайринг; қосымша арқылы басқару мүмкіндігі бар есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету және төлем карталары бойынша кешенді жиынтықтарды іске қосу; маркетплейстерімен жұмысты жеңілдету үшін онлайн қайтарымдар мен талдау мүмкіндіктері бар мерчант кабинеті; қаржылық емес қызметтерді кеңейту, оның ішінде мемлекеттік департаменттерге онлайн-декларацияларды тапсыру, электрондық шот-фактуралар, электрондық құжат айналымы және контрагенттерді тексеру қызметтері пайда болады. Бұның барлығы бизнес үшін бухгалтерлік және құқықтық есеп жүргізуді айтарлықтай жеңілдетеді.
Форумда шақырылған спикерлер сөз сөйледі. Цифрлық трансформация дәуіріндегі қаржылық емес қызметтер туралы IT компаниясының Басқарма төрағасы Агиис Конкабаева сөз айтты. Neo AI компаниясының негізін қалаған Айдын Маутхан жасанды интеллектті қолдану жолдары туралы айтты. Eco Network жобасының авторы Евгений Мухамеджанов ESG тәжірибесінің маңыздылығын атап көрсетті. Ал бизнес тәлімгер Руслан Хайруллаев жеке брендтің бизнестің дамуына қандай ықпал әкелетіні туралы айтты. ҚР ҰБ «ҰТК» АҚ Басқарма төрағасы Асель Марченко цифрлық теңге туралы айтып, ҚР ҰБ «ҰТК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жанар Самаева open API тақырыбын қозғады.
Іс-шара кезінде шоу-бағдарлама, бағалы сыйлықтар мен HCB Business мобильді қосымшасының әрбір өнімін бағалауға мүмкіндік беретін Customer Journey Map ұтыс ойыны өткізілді.
Форумның «Collaborate, Innovate, Elevate» ұраны HCB Business цифрлық банкінің серіктестерін марапаттауда көрініс тапты. «Collaborate» номинациясы бойынша Payda жобасын бастаған Ердос Алибек пен Visa Kazakhstan Басқарма төрағасы Кристина Дорош жүлделерге ие болды.
Сәтті әрі шығармашыл жаңартулар үшін «red_mad_robot Central Asia» компаниясының басшысы Агиис Конкабаева «Innovate» номинациясында марапатталды.
«Elevate» номинациясындағы жүлделерге бірнеше серіктес ие болды: Жеке кәсіпкерлерге арналған шоттарды және сату кабинетін онлайн ашу бойынша жүргізілген жобаға қатыстан Александр Сысоев, Жанар Суханбердиева және Жулдыз Узакбаева, және оған қоса бірінше ЖШС клиенті Камила Кайратова.
Home Credit Bank – Қазақстанда өз қызметтерін тек жеке тұлғаларға ғана емес, сондай-ақ енді ШОБ қызметтерін де ұсынатын жалғыз еуропалық банк. 6 ай ішінде банк заңды тұлғаларға арналған цифрлық банкингті іске қосты. Бұл жобаға салынған инвестициялар келесі екі жылда 20 млн-ға дейін жетеді деп болжанып отыр. Жаңа жоба 400-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
HCB Business мобильді қосымшасындағы барлық операциялар ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін нөлдік комиссия бойынша жүргізіледі. Оны Play Market және AppStore дүкендерінен жүктеуге болады.