Құрметті клиенттер!
Осы арқылы «Банк Хоум Кредит» Акционерлік қоғамының Еншілес банкі 2021 жылғы 1 наурызынан
бастап жеке тұлғалардың жаңадан тартылған теңгелік депозиттері бойынша сыйақының жылдық мөлшерлемесі өзгеретінін және төменде көрсетілгендей болатынын хабарлайды:
Оффлайн - банк бөлімшелері
Депозит атауы | Номиналды мөлшерлемесі (%) | Жылдық тиімді мөлшерлемесі (%) |
«Простой» | 8,61 | 9,0 |
«Почтовый Хоум» | 8,61 | 9,0 |
«Сберегательный Хоум+» 6 мес. | 9,53 | 10,0 |
«Сберегательный Хоум+» 12 ай | 10,79 | 11,4 |
«Сберегательный Хоум+» 24 ай | 8,98 | 9,4 |
«Сберегательный Хоум» 6 ай | 9,98 | 10,5 |
«Сберегательный Хоум» 12 ай | 12,48 | 13,3 |
«Сберегательный Хоум» 24 ай | 10,88 | 11,5 |
Онлайн - Банктің мобильді қосымшасы
Депозит атауы | Номиналды мөлшерлемесі (%) | Жылдық тиімді мөлшерлемесі (%) |
«Простой» 12 ай | 8,61 | 9,0 |
«Сберегательный Хоум+» 6 ай | 9,53 | 10,0 |
«Сберегательный Хоум+» 12 ай | 11,24 | 11,9 |
«Сберегательный Хоум» 12 ай | 12,92 | 13,8 |
«Сберегательный Хоум» 24 ай | 11,33 | 12,0 |
Салымның өзге шарттары, сондай-ақ шетел валютасындағы салым шарттары өзгеріссіз қалады.
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар:
1. Менің ағымдағы депозитім бойынша сыйақы мөлшерлемесі өзгереді ме?
Жауабы: Жоқ. 2021 жылғы 1 наурызға дейін ашылған салымдар бойынша мөлшерлеме банктік салым шартына сәйкес депозит мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.
2. Егер депозитімнің мерзімі аяқталса, автоматты түрде ұзарту кезінде мөлшерлемесі қандай болады?
Жауабы: салым мерзімі 2021 жылғы 1 наурызынан кейін аяқталған жағдайда, егер салымның осы түрі бойынша мерзімін ұзарту опциясы көзделсе, Сіздің депозитіңіз мерзімін ұзарту күніне қолданыстағы мөлшерлеме бойынша ұзартылады.