Құрметті клиенттер, борыш жүктемесін азайту бойынша бағдарламаға қатысу статусыңызды тексеру үшін банк кеңсесіне келу қажет емес екендігіне назар аударыңыздар. Сіз бағдарламаға қатысу статусыңызды өзіңіз тексере аласыз. Ол үшін nws6.enbek.kz сілтемесі бойынша өтіп, ашылған парақшада өзіңіздің ЖСН енгізіп, сұрау жіберу жеткілікті. Сұрауды өңдеу нәтижесі сол мезетте көрсетіледі.
Қазақстан Президентінің жарғысы бойынша кредиттерді өтеуге қаражат азаматтардың қандай санатына бөлінеді?
Кредитті өтеуге қаражат келесі санаттағы тұлғаларға бөлінеді:
- көпбалалы отбасылар — 4 және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалар;
- асыраушысынан айырылу себебінен төлем алатын отбасылар;
- мүгедек балалары, 18 жастан асқан бала кезінен мүгедек балалары бар отбасылар;
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
- жетім балалар;
- ата-ананың қамқорынсыз қалған, 29 жасқа толмаған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар
Egov.kz сайтындағы жеке кабинетіңіз арқылы статусыңызды тексере аласыз және мемлекет кредиттеріңізді өтейтіндігін/өтемейтіндігін біле аласыз.
Маған Қазақстан Президентінің жарлығына сәйкес кредитті өтеу үшін шотыма ақша түскені жөнінде хабарлама келді. Бұл нені білдіреді?
Мемлекет азаматтардың борыштық жүктемесін азайту жөніндегі бағдарламаны іске қосты. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарға кредитті өтеу үшін 300 000 теңгеге дейін қаражат бөлінді. Бағдарлама 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша барлық ағымдағы кредиттерге қатысты қолданылады. Мұндай кредиттер бойынша берешектің жалпы сомасы 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 млн. теңгеден аспауы тиіс.
300 000 теңге — бұл бір клиентке бөлінген максималды сома. Ол клиенттің барлық банктердегі кредиттеріне бөлінеді, сол себепті Банк Хоум Кредитте өтеу сомасы одан аз болуы мүмкін.
Банк бөлімшелеріне Президенттің Жарғысы бойынша кредиттерді өтеу туралы сұрақтармен көптеген адамдар келуде. Сізге ең жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды ұсынамыз:
Мемлекет есебінен өтеу келесідей жүзеге асырылады:
- егер қаражат жеткілікті болса, кредит мерзімінен бұрын өтеледі;
- егер қарызды толық өтеуге қаражат жеткіліксіз болса, онда кредит ішінара өтеледі.
Тиісінше сіздің ай сайынғы төлем сомаңыз азаяды, ал мерзімі өзгеріссіз қалады - егер сіз берешекті өзіңіз жеке өтесіз, қаражат:
- Банкте өзге берешек (басқа қарыздар, тұрақсыздық төлемі) болған жағдайда, оны өтеуге
- сіздің ағымдағы шотыңызға/депозитіңізге/дебеттік немесе кредит карточкаңызға аударылатын болады
Егер сізде Банк Хоум Кредитте ағымдағы шотыңыз/депозитіңіз/дебеттік/кредит карточкаңыз болмаса, алайда артық төлем сомасы болса, Сіз үйден шықпастан Мобильді қосымша арқылы ағымдағы шотты аша аласыз.
Қазақстан Президентінің жарлығына сәйкес Банк Хоум Кредитте қандай кредиттер өтеледі?
Мемлекет Ақшалай кредит, Тауарлық кредит, «ДОС» кредит карточкасы секілді тұтынушылық кепілсіз кредиттер бойынша берешекті өтейді.
Мен өтеуден кейін қалған ақша қалдығын алғым келеді. Ол үшін мен қайда және қашан жүгіне аламын?
Егер сіздің ағымдағы шотыңыз/депозитіңіз, дебеттік немесе кредит карточкаңыз болса, Банк аталған соманы автоматты түрде аударады. Сіз қаражатты қажет болған кезде өзіңізге ыңғайлы уақытта ала аласыз.
Егер сізде ағымдағы шот/депозит/дебеттік немесе кредит карточка болмаса, Сіз Банк Хоум Кредиттің кез келген бөлімшесіне келіп, өтініш қалдыру арқылы ақшаны ала аласыз. Өтінішті сізге ыңғайлы уақытта жазуға болатындығын назарға аударуды өтінеміз. Біздің бөлімшелеріміздің жұмыс кестесі: жұмыс күндері - 9.00−20.00, сенбі - 9.00−18.00. Қаражатты алу мерзімі шектелмеген.
Қазақстан Президентінің жарғысына сәйкес менің кредиттерім жабылды. Мен болашақта Банк Хоум Кредиттен кредит ала аламын ба?
Иә, Сіз кредит алуға өтінішті бере аласыз. Әрбір нақты жағдайда шешім жеке қабылданады және шешім сіздің кредиттік тарихыңызға және төлемге қабілеттіліңізге байланысты болады.