Сіздерге «Бақыт депозитін» ұсынамыз

Бөлісу

Ай сайын 100 жүлде + әр тоқсан сайын пәтер.

25 маусымда үшінші пәтердің ұтыс ойыны өтті!

Ай сайын «Бақыт депозиті» салымшылары арасында ақшалай сыйлықтар ойнатылады, ал әр тоқсан сайын 1 пәтерден ақшалай баламада 10 млн.теңге ойнатылады.

2016 ж. 25 маусымда «Бақыт депозиті» салымшылары арасында пәтердің кезекті үшінші ұтыс ойыны өтті. 100 қазақстандық 10 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды. Ал бас жүлде 10 миллион теңге ақшалай ұтыс ойынының жеңімпазы Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының тұрғыны 76 жастағы зейнеткер атанды.

«Мен әлі күнге дейін, тіпті 10 млн. теңгенің сертификаты қолымда болса да, жеңіске жеткеніме сене алмай жүрмін. Қартайған шағымда осындай үлкен көлемде ақша ұтып алғаныма сену мүмкін емес. Өз ақшамды «Бақыт депозитіне» сақтау үшін салып едім, осындай ғажайып сыйлыққа ие болдым. Барлық қатысушыларға ұтыс шынайы екендігіне сеніп, ұтыс ойындарында сәттілікке жетуді тілеймін», - деп «Бақыт депозиті» пәтерінің екінші ұтыс ойынының жеңімпазы Валентина Васильевна өз әсерімен бөлісті.

Ұтыс алаяқтықты болдырмайтын банктің арнайы бағдарламасының көмегімен өткізіледі. Бағдарлама механизмі деректер базасында тіркелген Шарттың нөмірін кездейсоқ анықтау қағидатына негізделген. Үлкен экранда жеңімпаздардың шарт нөмірлері көрсетілді, барлығы ұтыс ойыны шеңберінде шарт нөмірлері қалай таңдалғанын өз көзімен көрді.

2016 жылдың қаңтар айында Алматыда өткен алғашқы пәтер ұтыс ойынының жеңімпазы — Жезқазған қаласының тұрғыны 23 жастағы Медет.

«Депозит ашқан кезде ұтып алатыныма аса сенбедім. Алайда, ұтып алам-ау деген үміт болды. Ұтып алғаныма таң қалдым десем, ештеңе айтпағаным! Таңғалысымда шек болмады! Банк Хоум Кредит сыйлығымен отбасын құруға да болады. Әйтпесе, пәтерге ұзақ ақша жинап, үйлене алмас едім. Енді қыз табу ғана қалды!» — дейді бақытты жеңімпаз.

2016 жылдың наурыз айында Алматыда өткен пәтердің екінші ұтыс ойынының жеңімпазы — Қазығұрт ауылының зейнеткері.

«Пәтер сатып алу үшін 10 миллион теңге ұтып алғанымды естігенде, не жауап берерімді білмедім! Әлі сене алмай жүрмін. Бұл жеңіс мен үшін дер кезінде болды, кіші ұлымды үйлендіруге ақша жинап жүрген едім. Енді біз үйлену тойын маусым айында өткіземіз. Ананың арманы басқа не болушы еді? Барлығына Банк Хоум Кредитте  «Бақыт депозитіне» ақша салуға кеңес беремін" — деп Тамарахон Бүркітқызы өз әсерімен бөлісті.

Қазақстан үшін бұл бірегей салым Банк Хоум Кредит клиенттері үшін 2015 жылғы маусымнан бастап қолжетімді болды. Оның ерекшелігі - 1000 тг. бастап депозитке ақша салған кез келген клиент үшін пәтер ұтып алу мүмкіндігі. Сома неғұрлым көп болса, жеңіске жету мүмкіндігі де соғұрлым жоғары, ал әрбір 1 000 теңге 100 ақшалай жүлде мен пәтер ұтыс ойынына қатысады. Салымшылар алдыңғы ұтыс ойынының жеңімпазы болса да, ұтысқа қатысып әрі қарай ұта береді.

Банк Хоум Кредит стратегиясының негізгі бағыты «Назардағы адамдар» болып табылады. Банк клиенттері арасында жүргізілген сауалнамалардың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың ең басты қалауы жеке тұрғын үй сатып алу екендігі анықталды. Сондықтан Бақыт депозиті бойынша басты жүлде ретінде ПӘТЕР ойнату керек деп шештік. Бас жүлде 10 миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай баламада беріледі.

Бұл ұтыс ойынына «Бақыт депозитін» ашқан кез келген адам қатыса алады.

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ қоғаммен байланыс қызметі: PR@homecredit.kz; Тел.: +7 (727) 244 55 06 (ішкі 1520).

Банк Хоум Кредит - тұрақты, қарқынды дамып келе жатқан бөлшек банк. Әлемдегі 10 елде ұсынылған, бас кеңсесі Чехияда орналасқан халықаралық Хоум Кредит тобының құрамына кіреді. Топ әлемнің 10 елінде 45 миллионнан астам клиентке қызмет көрсетеді. Хоум Кредит Қазақстан аумағында өз қызметін 2005 жылы бастады, Банк Хоум Кредит — Қазақстандағы бөлшек кредит беру көшбасшыларының бірі, кредиттерді тек теңгемен және жеке тұлғаларға ғана береді. 10 жыл ішінде 2 млн. астам адам Банк клиенті болды. Клиенттердің 30%-дан астамы Банкке 2 реттен артық жүгінген. Хоум Кредит тобының стратегиялық бағыты жауапты және қауіпсіз кредит беру болып табылады. Банк Қазақстан халқының қаржылық сауаттылығын арттыруға үлкен көңіл бөледі.

(459.68 кб)

 

26.03.2016

Бөлісу

Басқа мақалалар

Welcome Bonus: жаңа депозитті немесе депозиттік сертификатты ашу үшін бонус алыңыз

2026 жылғы 16 ақпаннан 30 сәуірге дейін депозитті немесе депозиттік сертификатты ашу үшін Welcome

2026 жылғы 31 қаңтардан бастап депозиттік сертификатқа енгізілетін өзгерістер

2025 жылғы 31 қаңтардан бастап депозиттік сертификат бойынша сыйақы мөлшерлемелері

Қаңтардағы техникалық жұмыстар

2026 жылғы 30 қаңтарда сағат 00.00 - 04.00 аралығында жоспарланған техникалық жұмыстар жүргізілетін