Банк клиенттері бірыңғай банкаралық жүйеге қатысушы банктердің QR-кодтары арқылы төлем жасай алады, ал кәсіпкерлер әртүрлі банктердің клиенттерінен төлемдерді қабылдай алады.
Home Credit Bank ҚР Ұлттық Банкінің қолдауымен Ұлттық төлем корпорациясы әзірлеген Бірыңғай QR ұлттық төлем сервисі аясында банкаралық QR төлемдерін дамытуды жалғастыруда.
Home Credit Bank 2025 жылғы қыркүйекте банкаралық QR — төлемдерінің пилоттық жобасына қосылған Қазақстандағы алғашқы банктердің бірі болды. Қазір жүйе дамып, еліміздегі банктердің барлығы оған қосылған сайын, Бірыңғай QR клиенттер мен кәсіпкерлер үшін ыңғайлы әрі әмбебап төлем құралына айналып келеді.
Бұл сервис Home Credit Bank клиенттеріне Home.kz қосымшасында жүйеге қатысушы банктердің QR-кодтарын сканерлеп, тауарлар мен қызметтер үшін төлем жасауға мүмкіндік береді. Сатып алушыға енді басқа банктің картасына ақша аударудың немесе басқа банк қосымшасые пайдаланудың қажеті жоқ: төлем тікелей таңдалған Home Credit Bank картасынан жасалынады.
Төлем жасау үшін қажетті әрекеттер:
- Home.kz қосымшасын ашу.
- Басты бетте «QR-төлем» бөлімін таңдау.
- Сатушының QR-кодын сканерлеу.
- Соманы тексеріп, картаны таңдау және операцияны растау.
Біріңғай QR арқылы Home Credit Bank дебет карталарымен және Özen бөліп төлеу картасымен төлем жасауға болады. Жүргізілген операция туралы ақпарат және электрондық чек Home.kz қосымшасының транзакциялар тарихында сақталады.
Бірыңғай QR кәсіпкерлерге де жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Home Credit Business клиенттері банкаралық QR-ды «Сату кабинеті» арқылы қосып, жүйеге қатысушы банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлемдерді қабылдай алады. Ол үшін бизнес нақты сома жасалған динамикалық QR-кодты немесе кассада, витринада, сайтта не әлеуметтік желілерде орналастырылатын тұрақты QR-кодты пайдалана алады.
Барлық операциялар мен қайтарымдар автоматты түрде Сату кабинетінің аналитикасында көрсетіледі. Сервисті қосу үшін бөлек төлем терминалы қажет емес, ол смартфон мен Home Credit Business қосымшасы ғана жеткілікті.
Банктік нарық көлемінде Бірыңғай QR жүйесіне көшу ашық және ыңғайлы төлем инфрақұрылымын құру жолындағы маңызды қадам болып табылады. Бірыңғай QR-ды дамыту әртүрлі банктердің төлем сервистерінің үйлесімді жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп, қолма-қол ақшасыз төлемдердің қолжетімділігін арттырады және Қазақстанның қаржы нарығында бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастырады. Клиенттер төлем тәсілін еркін таңдай алады, ал кәсіпкерлер әртүрлі банктердің клиенттерінен бірыңғай құрал арқылы төлем қабылдау мүмкіндігіне ие болады.
Home Credit Bank клиенттер мен кәсіпкерлер үшін күнделікті қаржылық операцияларды оңай, жылдам әрі ыңғайлы ететін заманауи төлем шешімдерін енгізуді жалғастырады.
Анықтамалық ақпарат
Банкаралық QR-төлемдер сервисі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясының Банкаралық мобильді төлемдер жүйесі негізінде жұмыс істейді.
Төлем жасау мүмкіндігі нақты банктің және сауда нүктесінің банкаралық QR-сервисіне қосылуына байланысты болады.
QR арқылы төлеу туралы толық ақпарат Home.kz қосымшасында қолжетімді.