Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

«Home Credit Bank» АҚ OZEN кредит карточкалары бойынша «Home Credit Bank & HT.kz»Жарнамалық акцияны өткізу шарттары

  1. ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ
    1. «Home Credit Bank & HT.kz» Жарнамалық акция (бұдан әрі – Жарнамалық акция) Ұйымдастырушысы «Home Credit Bank» АҚ (бұдан әрі – Банк) болып табылады;
    2. Жарнамалық акцияны өткізудің мақсаты Банктің қазіргі клиенттері арасында Банктің OZEN кредит карточкаларын белсендіру, сондай-ақ транзакцияларды жүргізуге ынталандыру болып табылады; 

Жарнамалық акция аясында келесі мақсаттар қойылады: 

  1.  OZEN бөліп төлеу карталары бойынша клиенттер пулынан 5% мөлшеріндегі клиенттерді белсендіру. Банк Жарнамалық акцияға қатысушылардың тізімін қалыптастыру тәртібін дербес түрде айқындайды.

 

  1. ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
    1. Жарнамалық акцияс қатысушылары – Қатысушылар пулын әзірлеу кезінде жарнамалық акцияны өткізу кезінде келесі критерийлерге сәйкес келетін кредит карточкасына қолданыстағы және/немесе қол қойылған шарты (бұдан әрі – шарт) бар Банктің клиенттері болып табылатын, жеке тұлғалар - ҚР азаматтары, сондай-ақ тұруға ықтиярхаты бар бейрезиденттер:
      • OZEN өнімі бар шарт.
      • Белсенді, қол қойылған мәртебесіндегі шарт.
  2. Жарнамалық акция кезеңінде Банкпен жасалған кез келген шарт бойынша Банк алдындағы міндеттемелерді орындауда бұзушылықтары бар клиенттер жарнамалық акцияға қатыса алмайды.
  3. Банк қызметкерлері жарнамалық акцияға қатыса алмайды.
  4. Жарнамалық акция кезінде Банкпен шарт бұзылған немесе шарттық қатынастар тоқтатылған жағдайда Банк кредит карточкасының иесін қатысушылар тізімінен алып тастайды.

 

  1. ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ МЕН ОРНЫ
    1. Жарнамалық акция 2024 жылғы 28 маусымнан бастап 2024 жылғы 15 тамызды (қоса алғанда) аралығында (бұдан әрі – жарнамалық акцияны өткізу кезеңі) өткізіледі.
    2. Акция шарттарына сәйкес келетін барлық клиенттерге HT.kz турагенттігінен 20 000 тг сомасына промокод ұсынылады. Бұл промокод 2024 ж. 31 тамызға дейін OZEN бөліп төлеу картасын белсендіріп, кез келген сомаға транзакцияны жасау кезінде жарамды болады.
  2. Жарнамалық акцияны өткізу орны (аумағы) – Қазақстан Республикасы.

 

 

  1. ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫМЕН КОММУНИКАЦИЯ ТӘРТІБІ
    1. Жарнамалық акция туралы хабарлау Өнімдер блогының ресурстары арқылы PUSH және/немесе SMS хабарламалар арқылы жүргізілетін болады.

 

  1. ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯҒА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ.
    1. Жарнамалық акцияға қатысу үшін клиенттер хабарламада көрсетілген карточканы белсендіріп, кез келген сомаға операция жасауы тиіс. Сонда клиенттер HT.kz турагенттігінен саяхатты сатып алуға 20 000 теңге сомасына бір реттік кепілдендірілген промокод алады.
    2. Акцияға Банк жіберген PUSH және/немесе SMS хабарламаларды алған күннен бастап 30 күн ішінде жасалған операциялар есепке алынады. 
    3. Клиенттің акцияға қатысу туралы PUSH және/немесе SMS хабарлама алу фактісі (6.2-тармақ) Жарнамалық акцияға қатысуға келісімді растау болып табылады.
    4. Акцияның шарттарын орындау үшін HT.kz турагенттігінде саяхатты сатып алуға 20 000 тг сомасына промокод түріндегі сыйақы Клиентке хабарлама арқылы жіберіледі.
    5. Турагенттік ұсынатын промокодтардың саны 73 000 дана. Егер акцияға қатысушылар барлық промокодтарды колданбаса, Банк акцияға қатысушыларды қосымша хабардар етпей, қалған промокодтарды өз қалауы бойынша қолдану құқығын өзіне қалдырады.

 

 

  1. ШАҒЫМДАРДЫ ҚАРАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
    1. Қатысушылар жарнамалық акцияны өткізуді ұйымдастыруға байланысты шағымдарды келесі мекенжайға жібере алады: client@homecredit.kz немесе ақпараттық желі телефонына +7 (727) 244 54 77 хабарласа алады. 
    2. Банк Қатысушылардың талаптарына қатысты осындай талаптарды алғаннан кейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей шешім шығарады.

 

  1. ӨЗГЕ ШАРТТАР
    1. Жарнамалық акцияға қатысу фактісі Қатысушының осы Шарттармен толық танысқанын және келісетінін растайды.
    2. Банк кез келген уақытта жарнамалық акцияны жою немесе ұзарту, жүлде қорының мөлшері мен құрамын өзгерту, сондай-ақ осы Шарттарды қажеттілік туындаған жағдайда өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Банк қатысушыларға Банктің мобильдік қосымшасындағы Жарнамалық акция шарттарының өзгерісі туралы ақпаратты уақтылы хабарлайды.
    3. Банк жарнамалық акцияның Қатысушыларын хабардар ету бойынша жүргізілетін мобильдік байланыс операторларының жұмысы, мобильдік байланыстың кез келген қателері, интернет желісі жұмысының іркілістері үшін жауапты болмайды.
    4. Банк промокодтар бойынша шарттарды орындау және HT.kz туристік агенттіктегі тауарлардың сапасы үшін жауап бермейді.