Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

«HOME CREDIT BANK» АҚ OZEN БӨЛІП ТӨЛЕУ КАРТАСЫ БОЙЫНША «BACK TO SCHOOL» ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ

  1. ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ
    1. «Back to School» жарнамалық акциясының (бұдан әрі – «Жарнамалық акция») ұйымдастырушысы «Home Credit Bank» АҚ (бұдан әрі – «Банк») болып табылады
    2. Жарнамалық акция кезінде клиент келесі жүлделердің ұтыс ойындарына қатысады: 
Атауы Саны, дана.
1.MARWIN дүкенінен 20 000 (жиырма мың) теңге сомасына сертификат30
2.Apple MacBook12

 

  1. ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
    1. Жарнамалық акция қатысушылары – Банктің клиенттері болып табылатын, Жарнамалық акцияны өткізу кезеңінде төлем карточкасына қолданыстағы және/немесе OZEN өнім түрі бар кредит картасына қол қойылған шартты (бұдан әрі – шарт) ресімдеген және Банктің төлем карточкасының нақты ұстаушылары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ бейрезидент жеке тұлғалар.
    2. Соңғы 3 айда DeCLIP (Credit limit decrease process – кредит карточкасының кредиттік лимитін азайту процесі) пулында бар клиенттер жарнамалық акция қатысушылары бола алмайды
    3. Жарнамалық акция кезеңінде Банкпен жасалған кез келген шарт бойынша Банк алдындағы міндеттемелерді орындауда бұзушылықтары бар тұлғалар жарнамалық акцияға қатыса алмайды.
    4. Жарнамалық акция кезінде Банкпен шарт бұзылған немесе шарттық қатынастар тоқтатылған жағдайда Банк Клиентті қатысушылар тізімінен алып тастайды.
    5. Шартты жарнамалық акция кезеңінде ресімдеген жағдайда Клиент 2.1-тармаққа сәйкес жарнамалық акцияға қатысушы бола алады 
    6. Банктің қызметкерлері жарнамалық акция бойынша ұтыс ойындарына қатыса алмайды.
  2. ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ МЕН ОРНЫ
    1. Жарнамалық акция 2024 жылғы 15 тамыздан бастап2024 жылғы 25 қыркүйекке (қоса алғанда) дейін (бұдан әрі – «Жарнамалық акцияны өткізу кезеңі») өткізіледі.
    2. Жарнамалық акцияны өткізу орны (аумағы) – Қазақстан Республикасы.
    3. 2024 жылғы 15 тамызда сағат 00:00-ге дейін немесе 2024 жылғы 25 қыркүйекте сағат 23:59-дан кейін (Астана уақыты бойынша) жасалған төлем операциялары Жарнамалық акция нәтижелерін есептеу кезінде есепке алынбайды.
  3. ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯҒА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
    1. Жарнамалық акцияға қатысу үшін апта ішінде (апта кестесін 6.4-тармақтан қараңыз) 10 000 (он мың) теңгеден басталатын 1 (бір) шығыс транзакциясын, атап айтқанда банкоматтары (транзакция түрі – ATM) немесе Банк кассалары (транзакция түрі – CWCD) немесе терминалдары (транзакция түрі – CWKI) немесе басқа ұйымдардың кассалары (транзакция түрі – CSD) арқылы кредит карточкасынан 10 000 (он мың) теңгеден басталатын соманы алу немесе қолма-қол ақшаға айналдыру немесе немесе соманы кредит (төлем) карточкасынан ҚР кез келген басқа ЕДБ төлем карточкасына аудару (транзакция түрі – AFT) немесе кредит (төлем) карточкасынан дебет карточкасына ішкі аударым (транзакция түрі – IDTO_OUT) жасау және/немесе тауарлар мен қызметтерді сатып алуға арналған кредит (төлем) карточкасын пайдалана отырып сатып алу жасау (транзакция түрі – RTL), сонымен қатар құмар ойындар бойынша транзакцияларды қоспағанда (Merchant Category Code – 7801 и 7995) банктің мобильді қосымшасында төлем жасау (транзакция түрі-OTSE) қажет 
    2. INIT және RCD типті транзакциялар есепке алынбайды.
    3. Клиент 6.1-тармаққа сәйкес неғұрлым көп транзакция жасаса, жеңіске жету мүмкіндігі соғұрлым артады. 
  4. Жарнамалық акция бойынша ұтыс ойындарын өткізу кестесі (аптасына бір рет):
Ұтыс ойын нөміріШығыс транзакцияларын жасау кезеңіҰтыс ойын күніОйнатылатын сыйлықтар
115.08.2024-21.08.202427.08.2024Сертификаттар, Apple MacBook
222.08.2024-28.08.202403.09.2024Сертификаттар, Apple MacBook
329.08.2024-04.09.202410.09.2024Сертификаттар, Apple MacBook
405.09.2024-11.09.202417.09.2024Сертификаттар, Apple MacBook
512.09.2024-18.09.202424.09.2024Сертификаттар, Apple MacBook
619.09.2024-25.09.202401.10.2024Сертификаттар, Apple MacBook
  1. Клиент бір ұтыс ойынында 1.3-тармақта көрсетілген жүлдені жеңіп алған жағдайда, ол келесі апталарда ұтыс ойындарына қатысуды жалғастырады. 6.1-тармақтың шарттарын орындаған барлық Клиенттер 6.5-тармақтағы кестеге сәйкес ұтыс ойындарына қатысады.

 

 

  1. ҰТЫС ОЙЫНЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
    1. Өнім блогының (бұдан әрі – «ӨБ») жауапты қызметкері әр апта аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Жарнамалық акцияның 6.5-тармағына сәйкес ұтыс ойынына қатысатын Клиенттердің тізімін жасап, оны Кездейсоқ сандарды генерациялау алгоритмі бар бағдарламалық жасақтамаға (бұдан әрі – «БЖ») жүктейді. 
    2. Содан кейін Банктің жауапты қызметкері бұл бағдарламаны іске қосып, Клиенттің шарт нөмірін кездейсоқ түрде таңдап, жеңімпаздарды анықтайды. Таңдалған Шарттар экранға шығып, xls-файлына жазылады.
    3. Ұтыс ойынын өткізу үшін ӨБ жауапты қызметкері Банк Басқармасы Төрағасының бұйрығымен бекітілген, Қауіпсіздік департаментінің, Өнім блогының және Маркетинг департаментінің кемінде 3 (үш) мүшесінен тұратын комиссия қалыптастырады. Осы комиссияның функцияларына келесі міндеттер кіреді:
      • Жарнамалық акция бойынша ұтыс ойындарын өткізу;
      • 3 (үш) жұмыс күні ішінде жеңімпаздарды көрсете отырып, тиісті хаттамаға қол қою арқылы ұтыс ойынын өткізу нәтижелерін растау.
  2. Жеңімпаздар ұтыс ойынын өткізу нәтижесі бойынша Қызметкерлермен жұмыс жасау жөніндегі департаменттің жауапты қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде Банк және Банктің қауіпсіздік департаменті қызметкерлерінің бар-жоғын қосымша тексереді. Егер Клиент тексеруден өтпеген жағдайда, Банк жүлдені бермеуге және оны Банкте қалдыруға құқылы.
  3. Ұтыс ойындары ашық түрде Банк аумағында онлайн трансляция арқылы ( Алматы қ., Назарбаев даңғылы, 248, «Сарканд» БО) және комиссия мүшелерінің қатысуымен өткізіледі.
  4. Ұтыс ойындарын өткізу нәтижелерін комиссия ұтыс қорытындыларының тиісті хаттамасына енгізеді де, оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
  5. Жеңімпаздар анықталғаннан кейін ӨБ қызметкері Клиентті осы Шарттың 5-тармағында көрсетілген коммуникациялық арналардың көмегімен 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
  6. Жүлдені алу үшін Клиент жеке куәліктің көшірмесін және толтырылған жүлде алу актісін (1-Қосымша) ұсынуы қажет.
  7. 8.8-тармақта көрсетілген қажетті құжаттар 8.7-тармақта көрсетілген хабарлама жіберілгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылмаған немесе осы Шарттардың 1.3-тармағында көрсетілген жүлдеден бас тартылған жағдайда (2-Қосымша), Банк мұндай Қатысушыға жүлдені бермеуге және оны Банктің иелігінде қалдыруға құқылы. Жүлде алу құқығын үшінші тұлғаларға тапсыру мүмкін емес. Бұл жағдайда жеңімпаздан қосымша өтініштер мен құжаттар талап етілмейді.

 

 

  1. ШАҒЫМДАРДЫ ҚАРАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
    1. Қатысушылар Жарнамалық акцияны өткізуді ұйымдастыруға байланысты шағымдарды client@homecredit.kzz мекенжайына жібере алады немесе +7 (727) 244 54 77 ақпараттық желі телефонына хабарласа алады. 
    2. Банк Қатысушылардың наразылықтарына қатысты шешімді оларды қабылдағаннан кейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей шығарады.

 

  1. ӨЗГЕ ШАРТТАР
    1. Жарнамалық акцияға қатысу фактісі оның қатысушылары олардың аты-жөндері және фотосуреттері Банктің қалауы бойынша жарнамалық мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін екендігімен келісетінін білдіреді.
    2. Жарнамалық акцияға қатысу фактісі Клиенттің осы Шарттармен толық танысқанын және келісетінін растайды.
    3. Банк кез келген уақытта жарнамалық акцияны жою немесе ұзарту, жүлде қорының мөлшері мен құрамын өзгерту, сондай-ақ осы Шарттарды қажеттілік туындаған жағдайда өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Банк қатысушыларға Банктің мобильдік қосымшасындағы Жарнамалық акция шарттарының өзгерісі туралы ақпаратты уақтылы хабарлайды.
    4. Банк Жарнамалық акцияның қатысушыларын хабардар ету бойынша жүргізілетін мобильдік байланыс операторларының жұмысы, мобильдік байланыстың кез келген қателері, интернет желісі жұмысының іркілістері үшін жауапты болмайды.