«Home Credit Bank» АҚ дебет карточкалары бойынша «КК бар клиенттер үшін ДК бойынша кешбэк» жарнамалық акциясын өткізу шарттары
ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ
«КК бар клиенттер үшін ДК бойынша кешбэк» Жарнамалық акция (бұдан әрі – Жарнамалық акция) ұйымдастырушысы «Home Credit Bank» АҚ (бұдан әрі – Банк) болып табылады;
ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
Жарнамалық акция қатысушылары – Банктің клиенттері болып табылатын, жарнамалық акцияны өткізу кезеңінде дебет карточкасына (бұдан әрі – шарт) қолданыстағы және/немесе қол қойылған (белсендірілмеген) шарты жоқ және қолданыстағы кредит карточкасы немесе бөліп төлеу карточкасы бар, 2.1.1.-2.1.3 тармағында көрсетілген келесі барлық критерийлерге сәйкес келетін жеке тұлғалар – ҚР азаматтары, сондай-ақ бейрезиденттер:
Жарнамалық акция кезеңінде Банкпен жасалған кез келген шарт бойынша Банк алдындағы міндеттемелерді орындауда бұзушылықтары бар клиенттер жарнамалық акцияға қатыса алмайды.
Банк қызметкерлері жарнамалық акцияға қатыса алмайды.
Акцияға қатысуға ұсынысы бар push немесе смс хабарлама алған клиенттер ғана қатыса алады
Жарнамалық акция кезінде Банкпен шарт бұзылған немесе шарттық қатынастар тоқтатылған жағдайда Банк кредит карточкасының иесін қатысушылар тізімінен алып тастайды.
ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ МЕН ОРНЫ
Жарнамалық акция 2024 жылғы 8 шілдеден бастап 2024 жылғы 31 шілдені қоса алғандағы кезеңде өткізіледі (бұдан әрі – жарнамалық акцияны өткізу кезеңі).
Клиенттер тізіміне Акцияға қатысу және бөлімшеде немесе қосымшада дебет карточкасын ресімдеу және 3000 теңге бонус түріндегі сыйақы алу ұсынысы бар банктен кепілдендірілген ПУШ (пуш+смс) жіберіледі.
Карточка ресімделгеннен кейін келесі жұмыс күні Акция қатысушысы бонус алады, сондай-ақ оған бонустар Акция өткізу мерзімі ішінде ғана жарамды екендігі туралы ақпарат жіберіледі.
Алынған бонустарды сақтау үшін клиент кем дегенде бір ретейл транзакция жасауы керек. Мобильді қосымшада қолма-қол ақшасыз кез келген ретейл транзакциялар немесе карточкалар арқылы жасалған кез келген ретейл транзакциялар есепке алынады.
Жарнамалық акцияны өткізу орны (аумағы) – Қазақстан Республикасы.
Бір клиент Акцияға тек бір рет қатыса алады.
ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫМЕН КОММУНИКАЦИЯ ТӘРТІБІ
Жарнамалық акция туралы хабарлау Өнімдер блогының ресурстары арқылы PUSH және/немесе СМС хабарламалар арқылы жүргізілетін болады.
ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯҒА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ.
Жарнамалық акцияға қатысу үшін:
Клиенттің 5.1-тармақтағы PUSH және/немесе СМС хабарламаларды алу фактісі келесі ұсыныстар қолжетімді болатын жарнамалық акцияға қатысуын растау болып табылады:
Дебет карточкасын Банктің қосымшасында немесе бөлімшесінде ресімдеу
Бонустардың жарамсыздығы туралы шешім қабылдау кезінде Акция кезеңінде жасалған операциялар ескеріледі. Мұндай операциялар болмаған жағдайда бонустар жарамсыз болады. Егер клиент кем дегенде бір шығыс транзакция жасаса – бонустар қалады.
КЛИЕНТТЕРДІҢ СЫЙАҚЫ СОМАСЫН ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ АЛУ МЕРЗІМДЕРІ
Сыйақы мен көрсетілетін қызметтердің сомаларын есептеу дебет карточкасы берілген күннен бастап 1-3 жұмыс күні ішінде жүргізілетін болады.
PUSH және/немесе СМС хабарламаларды алғанға дейін немесе Акция мерзімі аяқталғаннан кейін жасалған операциялар Жарнамалық акция нәтижелерін есептеу кезінде есепке алынбайды.
Клиент сыйақы төлеу сәтіне дейін кредит немесе дебет карточкаларын жапқан жағдайда, Клиент Қатысушылар тізімінен шығарылып, сыйақы алу құқығынан айырылады.
Дебет карточкасы бойынша қолма-қол ақшасыз транзакция бойынша сатып алу қайтарылған жағдайда бонус жойылады.
ШАҒЫМДАРДЫ ҚАРАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қатысушылар жарнамалық акцияны өткізуді ұйымдастыруға байланысты шағымдарды келесі мекенжайға жібере алады: client@homecredit.kz немесе ақпараттық желі телефонына +7 (727) 244 54 77 хабарласа алады.
Банк Қатысушылардың талаптарына қатысты осындай талаптарды алғаннан кейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей шешім шығарады.
ӨЗГЕ ШАРТТАР
Жарнамалық акцияға қатысу фактісі Қатысушының осы Шарттармен толық танысқанын және келісетінін растайды.
Банк кез келген уақытта жарнамалық акцияны жою немесе ұзарту, жүлде қорының мөлшері мен құрамын өзгерту, сондай-ақ осы Шарттарды қажеттілік туындаған жағдайда өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Банк қатысушыларға Банктің мобильдік қосымшасындағы Жарнамалық акция шарттарының өзгерісі туралы ақпаратты уақтылы хабарлайды.
Банк жарнамалық акцияның Қатысушыларын хабардар ету бойынша жүргізілетін мобильдік байланыс операторларының жұмысы, мобильдік байланыстың кез келген қателері, интернет желісі жұмысының іркілістері үшін жауапты болмайды.