1. ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ
1.1. «Home Credit Bank & Evrika» Жарнамалық акция (бұдан әрі – Жарнамалық акция) Ұйымдастырушысы «Home Credit Bank» АҚ (бұдан әрі – Банк) болып табылады;
2. ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
2.1. Жарнамалық акцияс қатысушылары – Қатысушылар пулын әзірлеу кезінде жарнамалық акцияны өткізу кезінде келесі критерийлерге сәйкес келетін кредит карточкасына қолданыстағы және/немесе қол қойылған (белсендірілмеген) шарты (бұдан әрі – шарт) бар Банктің клиенттері болып табылатын, жеке тұлғалар - ҚР азаматтары, сондай-ақ тұруға ықтиярхаты бар бейрезиденттер:
• OZEN өнімі бар шарт.
• Шарттың мәртебесі Белсенді, қол қойылған.
• Карта белсендірілмеген.
2.2. Жарнамалық акция кезеңінде Банкпен жасалған кез келген шарт бойынша Банк алдындағы міндеттемелерді орындауда бұзушылықтары бар клиенттер жарнамалық акцияға қатыса алмайды.
2.3. Банк қызметкерлері жарнамалық акцияға қатыса алмайды.
2.4. Жарнамалық акция кезінде Банкпен шарт бұзылған немесе шарттық қатынастар тоқтатылған жағдайда Банк кредит карточкасының иесін қатысушылар тізімінен алып тастайды.
3. ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ МЕН ОРНЫ
3.1. Жарнамалық акция 2024 жылғы 15 ақпан - 15 наурыз (қоса алғанда) аралығында (бұдан әрі – жарнамалық акцияны өткізу кезеңі) өткізіледі.
3.2. Акция шарттарына сәйкес келетін барлық клиенттерге "Компания Эврика" ЖШС тұрмыстық техника дүкенінен 50 000 бонус сомасына промокод ұсынылады. Бұл промокод 2024 ж. 31 наурызға дейін OZEN бөліп төлеу картасын белсендіріп, кез келген сомаға транзакцияны жасау кезінде жарамды болады.
3.3. Жарнамалық акцияны өткізу орны (аумағы) – Қазақстан Республикасы.
4. ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫМЕН КОММУНИКАЦИЯ ТӘРТІБІ
4.1. Жарнамалық акция туралы хабарлау Өнімдер блогының ресурстары арқылы PUSH және/немесе SMS хабарламалар арқылы жүргізілетін болады.
5. ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯҒА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
5.1. Жарнамалық акцияға қатысу үшін клиенттер хабарламада көрсетілген карточканы белсендіріп, кез келген сомаға операция жасауы тиіс. Сонда клиенттер "Компания Эврика" ЖШС тұрмыстық техника дүкендерінің желісінде сатып алулар жасау үшін 50 000 бонус сомасына бір реттік кепілдендірілген промокод алады.
5.2. Акцияға Банк жіберген PUSH және/немесе SMS хабарламаларды алған күннен бастап 30 күн ішінде жасалған операциялар есепке алынады.
5.3. Клиенттің акцияға қатысу туралы PUSH және/немесе SMS хабарлама алу фактісі Жарнамалық акцияға қатысуға келісімді растау болып табылады.
5.4. Акция шарттарын орындау үшін сыйақы "Компания Эврика" ЖШС тұрмыстық техника дүкендерінің желісінде 50 000 бонус сомасына промокод түрінде Клиентке жіберілетін хабарламада көрсетіледі.
5.5. "Компания Эврика" ЖШС тұрмыстық техника дүкендер желісіндегі промокодтардың саны 2 000 дана. Егер акцияға қатысушылар барлық промокодтарды колданбаса, Банк акцияға қатысушыларды қосымша хабардар етпей, қалған промокодтарды өз қалауы бойынша қолдану құқығын өзіне қалдырады.
6. КЛИЕНТТЕРДІҢ СЫЙАҚЫ СОМАСЫН ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ АЛУ МЕРЗІМДЕРІ
6.1. Сыйақы мен қызмет сомаларын есептеу, есепке алу push және/немесе SMS хабарламалар жіберілген күннен бастап 30 күннен кейін, 6-тармақта сипатталған шарттар орындалған кезде 30 күн ішінде жүргізіледі.
6.2. PUSH және/немесе SMS хабарламаларды алғанға дейін немесе PUSH және/немесе SMS хабарламаларды алған күннен бастап 30 күн өткен соң жасалған операциялар Жарнамалық акцияның нәтижелерін есептеуге қатыспайды.
6.3. Клиент сыйақы төлеу сәтіне дейін кредит карточкасын жапқан жағдайда, Клиент Қатысушылар тізімінен шығарылып, сыйақы алу құқығынан айырылады.
7. ШАҒЫМДАРДЫ ҚАРАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
7.1. Қатысушылар жарнамалық акцияны өткізуді ұйымдастыруға байланысты шағымдарды келесі мекенжайға жібере алады: client@homecredit.kz немесе ақпараттық желі телефонына +7 (727) 244 54 77 хабарласа алады.
7.2. Банк Қатысушылардың талаптарына қатысты осындай талаптарды алғаннан кейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей шешім шығарады.
8. ӨЗГЕ ШАРТТАР
8.1. Жарнамалық акцияға қатысу фактісі Қатысушының осы Шарттармен толық танысқанын және келісетінін растайды.
8.2. Банк кез келген уақытта жарнамалық акцияны жою немесе ұзарту, жүлде қорының мөлшері мен құрамын өзгерту, сондай-ақ осы Шарттарды қажеттілік туындаған жағдайда өзгерту құқығын өзіне алады. Банк қатысушылардың назарына Банктің мобильдік қосымшасындағы Жарнамалық акция шарттарының өзгерісі туралы ақпаратты уақтылы салады.
8.3. Банк жарнамалық акцияның Қатысушыларын хабардар ету бойынша жүргізілетін мобильдік байланыс операторларының жұмысы, мобильдік байланыстың кез келген қателері, интернет желісі жұмысының іркілістері үшін жауапты болмайды.
8.4. Промокодтар бойынша шарттардың орындалуы және "Эврика компаниясы" ЖШС тұрмыстық техника дүкендеріндегі тауарлардың сапасы үшін Банк жауап бермейді.