1. ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ
1.1. «Cashback promo v.4» Жарнамалық акция (бұдан әрі – Жарнамалық акция) Ұйымдастырушысы «Home Credit Bank» АҚ (бұдан әрі – Банк) болып табылады.
2. ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
Банк Жарнамалық акцияға қатысушылардың тізімін қалыптастыру тәртібін дербес түрде айқындайды.
2.1. Жарнамалық акцияға қатысатын жеке тұлғалар – ҚР азаматтары, сондай-ақ жарнамалық акцияны өткізу кезеңінде төлем карточкасы (жарамды немесе қол қойылған, бірақ әлі белсендірілмеген дебет карточкасына шарт (бұдан әрі – Шарт) бар Банк клиенттері болып табылатын бейрезиденттер.
2.2. Жарнамалық акция кезеңінде Банкпен жасалған кез келген шарт бойынша Банк алдындағы міндеттемелерді орындауда бұзушылықтары бар клиенттер жарнамалық акцияға қатыса алмайды.
2.3. Жарнамалық акция кезінде Банкпен шарт бұзылған немесе шарттық қатынастар тоқтатылған жағдайда Банк дебет карточкасының иесін қатысушылар тізімінен алып тастайды.
3. ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ МЕН ОРНЫ
3.1. Жарнамалық акция Клиент Банктен акцияға қатысу туралы хабарлама алған сәттен бастап 30 күн ішінде өткізіледі.
3.2. Жарнамалық акцияны өткізу орны (аумағы) – Қазақстан Республикасы.
4. ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫМЕН КОММУНИКАЦИЯ ТӘРТІБІ
4.1. Жарнамалық акция туралы хабардар ету Кредиттеу және клиенттермен өзара қарым-қатынастарды дамыту департаментінің ресурстары арқылы PUSH және/немесе СМС хабарламалар арқылы жүргізілетін болады.
5. ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯҒА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ.
5.1. Жарнамалық акцияға қатысу үшін:
5.1.1. Клиенттің PUSH және/немесе СМС хабарламаларын алу фактісі ұсыныстар қолжетімді болатын жарнамалық акцияға қатысуын растау болып табылады:
6. КЛИЕНТТЕРДІҢ СЫЙАҚЫ СОМАСЫН ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ АЛУ МЕРЗІМДЕРІ
6.1. Сыйақы мен қызметтер сомасын есептеу 6.1.2-тармағында сипатталған шарттарды орындаған жағдайда Банк жіберген PUSH және/немесе СМС хабарламаларды алған күннен бастап 31 күн кейін жүргізілетін болады.
6.2. PUSH және/немесе СМС хабарламаларды алғанға дейін немесе PUSH және/немесе СМС хабарламаларды алғаннан кейін 30 күн өткен соң жасалған операциялар Жарнамалық акцияның нәтижелерін есептеуге қатыспайды.
6.3. Клиент сыйақы төлеу сәтіне дейін кредит немесе дебет карточкаларын жапқан жағдайда, Клиент Қатысушылар тізімінен шығарылып, сыйақы алу құқығынан айырылады.
7. ШАҒЫМДАРДЫ ҚАРАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
7.1. Қатысушылар жарнамалық акцияны өткізуді ұйымдастыруға байланысты шағымдарды келесі мекенжайға жібере алады: client@homecredit.kz немесе ақпараттық желі телефонына +7 (727) 244 54 77 хабарласа алады.
7.2. Банк Қатысушылардың наразылықтарына қатысты шешімді қабылдағаннан кейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей шығарады.
8. ӨЗГЕ ШАРТТАР
8.1. Жарнамалық акцияға қатысу фактісі Қатысушының осы Шарттармен толық танысқанын және келісетінін растайды.
8.2. Банк кез келген уақытта жарнамалық акцияны жою немесе ұзарту, жүлде қорының мөлшері мен құрамын өзгерту, сондай-ақ осы Шарттарды қажеттілік туындаған жағдайда өзгерту құқығын өзіне алады. Банк қатысушылардың назарына Банктің мобильдік қосымшасындағы Жарнамалық акция шарттарының өзгерісі туралы ақпаратты уақтылы салады.
8.3. Банк жарнамалық акцияның Қатысушыларын хабардар ету бойынша жүргізілетін мобильдік байланыс операторларының жұмысы, мобильдік байланыстың кез келген қателері, интернет желісі жұмысының іркілістері үшін жауапты болмайды.