Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Акция ережелері: «Home Card Lite жəне Яндекс Плюспен бірге екі еселік пайда»

(бүдан әрі — «Ережелер» және «Акция» тиісінше)


1.    Жалпы шарттар
1.1.    Акция промо-акция болып табылады, бұл лотерея емес, тәуекел элементтері жоқ және Интернет желісінде келесі мекенжай бойынша орналасқан осы Ережелерге сәйкес өткізіледі: https://home.kz/api/upload/docs/ebee3f3d915d5f6a1c25c89b68802301.pdf. Акция Банктің Home Card Lite карточкасы иелерінің санын көбейтуге және Жазылым пайдаланушыларын тартуға бағытталған.
1.2.    Акция Қазақстан Республикасының аумағында өткізіледі.
1.3.    Акция ұйымдастырушысы: «Home Credit Bank» АҚ (бұдан әрі – Банк).
1.4.    Акцияның серіктесі: «Wunder digital» ЖШС
1.5.    Акцияның 2-серіктесі: «FUNTECH» ЖШС


2.    Ережелерде қолданылатын ұғымдар
Яндекс Плюс жазылымы/Жазылым — Пайдаланушыға және оның отбасының үш мүшесіне ақылы түрде шектеулі уақыт ішінде "Интернет" желісі арқылы аудио және аудиовизуалды материалдарға қол жеткізуге мүмкіндік беру.
Оның сипаттамасы ағымдағы басылымы https://yandex.ru/legal/yandex_plus_conditions/ парақшасында бар «Яндекс Плюс жазылымының шарттары» құжатында сипатталған ережелерге сәйкес https://yandex.ru/legal/yandex_plus_privilege_list парақшасында келтірілген. Жазылым атауын Яндекс өзгертуі мүмкін. Пайдаланушының отбасы мүшелері деп Пайдаланушымен бірге тұратын адамдар түсініледі.
Қатысушы — Ережелердің 3-бөлімінде көрсетілген талаптарға жауап беретін жеке тұлға.
Промокод — әріптік/сандық/аралас код, оны пайдалану Қатысушыға Акцияға қатысуға мүмкіндік береді. Промокодты бір Қатысушы тек бір рет қолдана алады.
Промокодты белсендіру — Қатысушының Яндекс плюске Жазылымы шеңберінде контентке қол жеткізу немесе https://plus.yandex.kz/gift?promoName=hcb парағында (белсендіру парақшасы) арнайы жолаққа промокод енгізу арқылы Плюстың Акциялық балдарын алу мүмкіндігін іске асыруы
Жеке кабинет — Яндекс қызметтеріндегі (мобильді қосымшаларды қоса алғанда) Пайдаланушының есептік жазбасы. Онда Пайдаланушы туралы ақпарат, сондай-ақ Пайдаланушының аталған қызметтерді пайдалануына байланысты, Яндекс қызметтеріндегі Пайдаланушының логині мен құпиясөзін пайдалана отырып авторизациядан кейін Пайдаланушыға қолжетімді өзге де ақпарат бар.
Жазылым кезеңі — Яндекс Плюс Жазылымы ресімделетін және тиісті төлем белгіленген уақыт кезеңі.
Плюс балдары — «Яндекс Плюс Кешбэк» бейілділік бағдарламасының ережелерінде белгіленген негіздер бойынша есептелетін, Яндекс және Серіктестердің тауарлары мен қызметтерін сатып алудағы Пайдаланушының белсенділігін, атап айтқанда, картада (материалдық жеткізгіші жоқ пайдаланушының виртуалды жинақтау картасы, есептік жазбаға тіркелген және пайдаланушыға есептелген Плюс баллдарының қалдығы туралы мәліметтерді қамтиды, бұдан әрі - «Карта») ескерілетін Яндекс және/немесе Серіктестер қызметтерін пайдаланудағы Пайдаланушының белсенділігін сипаттайтын техникалық шартты бірліктер.
Плюстың акциялық балдары — осы Ережелерде белгіленген негіздер бойынша есептелетін, Картада ескерілетін техникалық шартты бірліктер.

«Яндекс Плюс Кешбэк» бейілділік бағдарламасы — Яндекс пен Серіктестер бірлесіп жүргізетін, Яндекс пен Серіктестердің тауарлары мен қызметтерін сатып алудағы, атап айтқанда, Яндекс пен Серіктестердің қызметтерін пайдаланудағы пайдаланушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған, Ережелерде белгіленген негіздер бойынша пайдаланушыларға Плюс балдарын есептеуді көздейтін бейілділік бағдарламасы (https://yandex.ru/legal/plus_loyalty).
Home Card Lite карточкасы – иелері Промокод ала алатын Банктің дебет карточкасы.
Кешбэк – Банктен Home Card Lite карточкасына белгілі бір санаттарда қолма-қол ақшасыз операциялар үшін есептелетін бонустар түріндегі кешбэк.
Ережелерде Яндекс Плюс жазылымының шарттары құжатымен (https://yandex.ru/legal/yandex_plus_conditions), «Яндекс Плюс Кешбэк» бейілділік бағдарламасымен
(https://yandex.ru/legal/plus_loyalty) анықталған, егер осы терминдерге осы Ережелерде басқа анықтама берілмесе, басқа терминдер қолданылуы мүмкін.

3.    Акция қатысушылары
3.1.    Акцияға іс-әрекетке қабілетті жеке тұлға, Қазақстан Республикасының азаматы, сондай-ақ 18 жасқа толған, Акцияны өткізу кезінде Home Card Lite дебет карточкасын алғаш рет ашқан немесе Home Card Lite дебет карточкасы бар және Ережелердің 5-бөлімінде көзделген әрекеттерді жасаған тұруға ықтиярхаты бар шетелдік азаматтар қатыса алады.
3.2.    Акцияға Банк қызметкерлері қатыса алады.

4.    Акция мерзімі
4.1.    Акцияны өткізудің жалпы мерзімі 23.08.2023 ж.бастап 31.12.2023 ж. (қоса алғанда) дейінгі кезеңді құрайды.
4.1.1.    Промокодты белсендіру мерзімі 23.08.2023 ж.бастап 07.01.2024 ж. дейінгі (қоса алғанда) кезеңді құрайды.
4.2.    Банк Акцияны өткізу мерзімін өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
4.3.    Банк 3.1-тармақтың талаптарына сәйкес келетін барлық Қатысушылардың Промокодты алуына кепілдік бермейді. Промокод алушыларды банк кездейсоқ түрде таңдайды
4.4.    Санақ Астана уақытына сәйкес жүргізіледі.


5.    Акцияға қатысу тәртібі
5.1.    Акция өткізу кезеңінде Home Card Lite дебет карточкасын алғаш рет ашқан Қатысушыларға Промокод Home Card Lite карточкасын ашқаннан бастап 1 тәулік ішінде банктен SMS және/немесе push-хабарлама арқылы жіберіледі.
5.2.    Home Card Lite карточкасы бар Қатысушыларға Промокод Акцияның өтуі барысында, Банктен SMS және/немесе push-хабарлама арқылы жіберіледі.
5.3.    Промокодты белсендіру үшін Қатысушыларға банктен алынған смс / push-хабарламада көрсетілген сілтеме бойынша өту және Жеке кабинетте алдын ала авторизациядан өтіп, Промокодты белсендіру қажет (Жеке кабинетінде есептік жазбасы жоқ пайдаланушылар акцияға тіркелгеннен және кейіннен жоғарыда келтірілген парақшаларда тіркелу кезінде Қатысушы өзіне тағайындайтын аты мен құпиясөзді пайдаланып авторизациялаудан өткеннен кейін ғана қатыса алады).
Промокодты белсендіру кезде Яндекс Плюс белсенді жазылымы (немесе оны қамтитын өзге де жазылымдары) жоқ Қатысушылар Яндекс Плюс жазылымын 90 күнге тегін алады. Яндекс Плюс жазылымының 90 күндік тегін кезеңі аяқталғаннан кейін Яндекс Плюс жазылымы автоматты түрде ұзартылады және оның құны айына 1499 теңгені құрайды. Банк картасының деректерін енгізу қажет.
5.4.    Промокодты белсендіру кезінде Яндекс Плюс белсенді жазылымы (немесе оны қамтитын өзге де жазылым) бар Қатысушылар промокод белсендірілген сәттен бастап 1 тәулік ішінде Плюстың 20 Акциялық балын алады.
5.5.    01.12.2023 ж. бастап Ережелерде көрсетілген мерзімде Промокодты белсендірген барлық Қатысушылар Промокодтарды белсендіру үшін 1000 акциялық балл алады. Осы тармақта келтірілген Акциялық балдар, егер белсенді Жазылым (немесе оны қамтитын басқа) болса, Промокод Белсендірілген күннен бастап 30 күн ішінде Жеке кабинетте есептелетін болады.
5.6.    Қатысушыға осы Ережерге сәйкес есептелетін Акциялық балдарды Қатысушы «Яндекс Плюс Кешбэк» бейілділік бағдарламасы шеңберінде оның шарттарына сәйкес пайдалана алады.
5.7.    Акция өту кезеңінде Home Card Lite карточкасын алғаш рет ресімдеген Қатысушыларға Промокод белсендірілгеннен кейін Банк келесі қызметтерге Home Card Lite карточкасымен төлеген кезде 10% мөлшерінде Кешбек ұсынады: Яндекс Такси / Yandex Go, Яндекс Еда, Яндекс go электрлі самокаттарын жалға алу, Яндекс Афиша, Жазылым төлемі (бұдан әрі - «Яндекс қызметтері»). Кешбэк белсенді Жазылым (немесе оны қамтитын өзге де жазылым) болған кезде ғана есептеледі.
5.8.1 Яндекс қызметтеріне Кешбэк Промокодты белсендіргеннен бастап 3 тәулік ішінде есептеле бастайды және 90 күн ішінде есептелетін болады. Home Card Lite карточкасы бойынша Кешбэктің максималды жалпы сомасы максималды кешбэк мөлшерімен шектелген, айына 10 000 (он мың) теңге. Қыркүйек айында шектеу бір транзакция үшін 1 000 теңгеден аспайтын жағдайда айына 20 000 (жиырма мың) теңгені құрайтын болады. Толық шарттар: https://home.kz/debit-cards/HomeCard-Lite


6.    Өзге шарттар
6.1.    Банк осы Акцияны өткізуді тоқтату немесе оның шарттарын кез келген уақытта себебін түсіндірмей өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Яндекс техникалық себептерге байланысты Промокодты Белсендіру мүмкіндігін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы. Акция шарттарын тоқтата тұру/тоқтату/өзгерту/Промокодты іске қосу мүмкіндігін тоқтата тұру туралы ақпарат келесі парақшада қолжетімді болады: https://home.kz/api/upload/docs/ebee3f3d915d5f6a1c25c89b68802301.pdf.
6.2.    Акцияға қатыса отырып, Қатысушы Акция ережелерімен, «Яндекс Плюс жазылымының шарттары» (https://yandex.ru/legal/yandex_plus_conditions), «Яндекс Плюс Кешбэк» бейілділік бағдарламасының ережелері»
(https://yandex.ru/legal/plus_loyalty) және «Яндекс Плюс Промокодтарын пайдалану шарттары» (https://yandex.ru/legal/promocode_plus/) құжаттарымен толық және сөзсіз келіседі, оларды қабылдайды және орындауға міндеттенеді.
6.3.    Промокодтарды жосықсыз немесе теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында, Яндекс осы Ережелерде тікелей көрсетілмеген өзге де, Қатысушының осы Ережелерге сәйкес промокодты пайдаланатынын тексеру тәсілдерін қолдану құқығын және сонымен қатар Жазылымның тегін кезеңін беруден бас тарту, есептелген Акциялық балдардың сомасын жою немесе Промокодтың жосықсыз немесе теріс пайдаланылуы анықталған жағдайда Акциялық балдарды беруден бас тарту құқығын өзіне қалдырады. Бұрын есептелген Акциялық балдардың тиісті сомасы жойылған сәтте Карточкада жеткілікті балл саны болмаған жағдайда, Пайдаланушыға есептелген балдардың қалдығы теріс мәнге дейін бұрын есептелген акциялық балдардың сомасына азаяды. Промокодты белсендіру Клиенттің Яндекс Плюс Жазылымының шарттарымен келісуін білдіреді (https://yandex.ru/legal/yandex_plus_conditions/).
6.4.    Акция шеңберінде Жазылымды ресімдеуге байланысты барлық мәселелер кері байланыс нысаны арқылы Яндекске https://ya.cc/t/5BsJglxg3MaE4E мекенжайы бойынша немесе plus@support.yandex.ru поштасына жіберілуі тиіс.
6.5.    Акцияның ұйымдастырылуына байланысты шағымдарды Қатысушылар жалпы тәртіпте және келесі мекенжай бойынша жібере алады: client@homecredit.kz. Банк Қатысушылардың наразылықтарын алғаннан кейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей шешімді шығарады.

6.6.    Промокодтар айырбастауға немесе қайтаруға жатпайды. Промокодтардың орнына ақшалай өтемақы берілмейді.

6.7.    Есептелген Акциялық балдарды үшінші тұлғаларға беруге, сондай-ақ бір шотқа байланған картадан басқа шотқа байланған картаға ауыстыруға болмайды. Акциялық балдар пайдаланылған жағдайда қайтарылмайды, сондай-ақ ақшалай баламада өтелмейді.
Жарияланған күні: 21.08.2023 ж.
Күшіне ену күні: 21.08.2023 ж.