Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ клиенттері үшін «Кредит үшін бонус рефералдық бағдарламасы» акциясының шарттары (бұдан әрі - Шарттар)

       

Терминдер мен анықтамалар:

Push-хабарлама - Банк пайдаланушыға интернет арқылы Мобильді қосымшаға жіберетін, белгіленген форматтағы қысқа мәтіндік хабарламасы;

Агент – Mобильді қосымша пайдаланушысы, ол шақырылған досымен сілтемемен бөліседі/бөлісе алады;

Ақшалай кредит – кредит сомасы қарыз алушыға қолма-қол ақшалай берілетін кредит түрі;

Банк – «Хоум Кредит энд Финанс Банк» акционерлік қоғамы еншілес банкі (қысқартылған атауы - «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ);

Банк өнімі – ақшалай кредит, кредит карточкасы, дебет карточкасы, тұтынушылық кредит, депозит, депозиттік сертификат, қаржылық қорғау;

Банк сайты – интернет желісіндегі Банктің веб-сайты: homecredit.kz;

Бонус – Агент осы бағдарламаның талаптарын орындаған кезде Банктің мобильді қосымшасындағы Агенттің бонустық шотына берілетін сыйақы;

Бонустық шот – бонус есептелетін мобильді қосымшаның барлық пайдаланушылары үшін автоматты түрде ашылатын техникалық шот;

Дербес деректер – электрондық, қағаз және (немесе) басқа материалдық тасығышта тіркелген Пайдаланушының биометрикалық деректерін қоса алғандағы Клиентке тікелей қатысты мәліметтер;

Жаңа клиент – бұрын Банк өніміне өтінім бермеген жеке тұлға;

Кредит шарты – Банк пен жеке тұлға арасындағы шарт, оған сәйкес Банк шартта көзделген мөлшерде және шарттарда жеке тұлғаға ақша қаражатын беруге міндеттенеді, ал жеке тұлға алынған ақша сомасын қайтаруға және осы соманы пайдаланғаны үшін пайыздарды төлеуге міндеттенеді;

Қазіргі клиент – бұрын Банктің өтінімі немесе өнімі бар жеке тұлға;

Мақсатты әрекет – рефералдық сілтеме бойынша ақшалай кредитке өтінім беру;

МҚ – Android және iOS пайдаланушыларына арналған Home Credit Bank Kazakhstan мобильді қосымшасы;

Пайдаланушы – резиденттік мәртебесіне қарамастан Банктің мобильді қосымшасы бар және онда тіркелген жеке тұлға;

Рефералдық сілтеме – Акцияны өткізудің бүкіл кезеңіне арналған бірегей жеке сәйкестендіргіші бар сілтеме;

Физикалық нүкте – Банктің бөлімшелері мен микро-кеңселері;

Шақырылған дос – Агент рефералдық сілтемемен бөліскен жеке тұлға;

 

Жалпы ережелер

  1. «Кредит үшін бонус рефералдық бағдарламасы» акциясын (бұдан әрі – Акция) ұйымдастырушы: «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ (бұдан әрі - Банк).
  2. Акцияны өткізу мерзімі - 6 ай, 23.09.2021 бастап 22.03.2022 дейін. Акцияға қатысушылар: Мобильді қосымша пайдаланушылары.
  3. Жарнамалық акцияның мақсаты: мобильді қосымша арқылы жаңа клиенттерді тарту және ақшалай кредит беру сегментінде сату көлемін арттыру.
  4. Акцияны өткізу тәртібі:
    1. Мобильді қосымшада тіркелген барлық пайдаланушыларға банк жүйесі рефералдық сілтемені қалыптастырып, техникалық бонустық шот ашады. Пайдаланушы «Мәзір» бөліміндегі «Бонустар» қойындысында мобильді қосымшаға сілтемені таба алады. Егер бұл қойынды / сілтеме болмаса, мобильді қосымшаны жаңартуы тиіс.
    2. Агент шақырылған досымен бірегей сілтемемен бөліседі.
    3. Шақырылған досыңыз осы сілтеме бойынша ақшалай кредит алуы қажет:
      1. егер шақырылған досыңызда мобильді қосымша орнатылған болса, онда сілтемені басқан кезде кредитті ақшалай ресімдеу беті ашылады;
      2. егер шақырылған досыңызда мобильді қосымша орнатылмаған болса, онда сілтеме сілтемені басқан кезде алдымен мобильді қосымшаны жүктеу беті ашылады. Шақырылған досыңыз мобильді қосымшаны жүктеп, қосымшада авторизациядан/тіркеуден өтіп, содан кейін ақшалай кредит ресімдеу бетін ашу үшін рефералдық сілтеме бойынша қайта өтуі қажет
    4.  Егер шақырылған дос 4.3-тармақшадағы мақсатты әрекетті орындаса, Агент бонустық шотқа бонус алады:
      1. егер шақырылған дос Банктің қазіргі клиенті болса және ол ресімдеген ақшалай кредит сомасы 80 000 теңгеден (сексен мың) асатын болса, 3 000 (үш мың) теңге мөлшерінде;
      2. егер шақырылған дос Банктің жаңа клиенті болса және ол ресімдеген ақшалай кредит сомасы 100 000 теңгеден (жүз мың) асатын болса, 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде.
  5. Бонусты есептеу тәртібі мен шарттары:
    1. Бонус UFO (Universal Front Office) жүйесінде автоматты түрде есептеледі.
    2. Шақырылған дос ақшалай кредитті сәтті ресімдегеннен кейін, бонус кем дегенде күнтізбелік 14 (он төрт) күн өткен соң Агенттің бонустық шотына есептеледі.
    3. Бонус ақшалай кредитке төленеді:
      1. Мобильді қосымшада мақұлданған және қол қойылған;
      2. Мобильді қосымшада мақұлданған және физикалық нүктеде қол қойылған.
    4. Агент бонустың есептелгені туралы «#Name#, құттықтаймыз! Сізге досыңыз ресімдеген кредит үшін бонус есептелді! 😊Толығырақ...» мәтінімен Push-хабарлама алады.
    5. Рефералдық сілтеме бойынша ресімделген әрбір Ақшалай кредит үшін бонус агенттің бонустық шотының тарихында: «Мәзір» -> «Бонустар» ->> «Тарих» бөлімінде тіркеледі және бонус мөлшері, ақшалай кредитті ресімдеу күні туралы ақпаратты және төлемнің мәртебесін білдіретін белгішені қамтиды:
  • Жасыл белгіше - Мақсатты әрекет орындалды, агентке бонус төленді;
  • Сұр белгіше - Мақсатты әрекет орындалды, бонусты төлеу тексеруді күтуде;
  • Қызыл белгіше – Мақсатты әрекет орындалды, бонус төлеуден бас тартылды.
    1. Агент өзінің жеке деректерінің құпиялылығын сақтау мақсатында қандай шақырылған досқа бонус есептелгенін тексере алмайды, тарихта шақырылған досының ақшалай кредитке өтінім берген уақыты ғана көрсетіледі.
    2. Бонусты есептеуден бас тартқан жағдайда Агент «#Name#, Сіздің досыңыз ресімдеген кредит үшін бонус есептелмейді. Толығырақ білу үшін, басыңыз ...» мәтінімен push-хабарлама келеді.
    3. Бонусты төлеуден бас тарту себептері:
  • Ақшалай кредит бойынша Кредит шарты 14 күн ішінде бұзылса; 
  • Шақырылған досқа ақшалай кредит беру мақұлданса;
  • Ақшалай кредит сомасы 4.4-тармақта көрсетілгеннен аз болса;
  • 6.4-тармақшасы бойынша айына кредит шартының ең көп санына жетсе.
  1. Басқа шарттар:
    1. Агент өзінің рефералдық сілтемесі бойынша ресімделген Кредит шарты үшін бонус алмайды.
    2. Егер шақырылған дос әртүрлі Агенттерден бірнеше сілтеме алған болса, онда Бонус Агенттің рефералдық сілтемесі бойынша ақшалай кредит алған агентке аударылады.
    3. Банк қызметкерлері акцияға қатыспайды, оларға Бонус есептелмейді.
    4. Агент 1 (бір) ай үшін Банктен 4 (төрт) бонус ала алады. Егер агенттің рефералдық сілтемесі бойынша ағымдағы айда ақшалай 4-тен (төрттен) астам кредит ресімделген болса, онда рефералдық сілтеме бойынша ресімделген келесі ақшалай кредиттерге бонус есептелмейді.
    5. Бонустардың жарамдылық мерзімі есептелген күннен бастап 12 (он екі) ай.
  2. Агент бонуспен мобильді қосымшада жеткізушілердің қызметтерін төлей алады немесе егер Агенттің Банкте дебет/кредит картасы болса, бонустарды бонустық шоттан дебет/кредит картасына аударады.
  3. Акция туралы ақпаратты Мобильді қосымшада «Мәзір» - > «Бонустар» -> «Сұрақтар мен жауаптар» бөлімінде, Банк сайтында, сондай-ақ 7979 нөміріне қоңырау шалу арқылы табуға болады.
  4. Акцияға қатысу фактісі қатысушылардың осы Шарттармен толық келісетіндігін растайды.
  5. Шағымдарды қарау ережелері.

Акцияны ұйымдастыруға байланысты шағымдарды қатысушылар жалпы режимде және келесі мекенжайға жібере алады: client@homecredit.kz. Ұйымдастырушылар қатысушылардың наразылықтарына қатысты шешім, оларды алғаннан кейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей шығарады.

  1. Банк акцияны кез келген уақытта тоқтату немесе ұзарту, бонус мөлшерін өзгерту, сондай-ақ осы Шарттарды олар қажет деп санайтындай өзгерту құқығын өзіне қалдырады.