1. ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ
1.1. «Cashback promo v.7» Жарнамалық акция (бұдан әрі – Жарнамалық акция) Ұйымдастырушысы «Home Credit Bank» АҚ (бұдан әрі – Банк) болып табылады;
1.2. Жарнамалық акция клиенттің сегментациясына байланысты клиент байланыс алған күннен бастап 30 күн ішінде жасалған барлық шығыс транзакциялар үшін келесі сыйақыларды қарастырады:
• 2 500 (екі мың бес жүз) теңге бонус мөлшеріндегі кешбэк;
• 12 ай ішінде белсендіруге болатын клиенттің бүкіл отбасына арналған бір реттік Онлайн Дәрігер қызметі, іске қосылған сәттен бастап жарамдылық мерзімі 3 ай.
1.3. Банк Жарнамалық акцияға қатысушылардың тізімін қалыптастыру тәртібін дербес түрде айқындайды.
2. ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
2.1. Жарнамалық акция қатысушылары – жеке тұлғалар – жарнамалық акцияның өткізу кезеңінде Қатысушылар пулын қалыптастыру сәтіндегі барлық келесі шарттарға сәйкес келетін кредит карточкасына әрекеттегі және/немесе қол қойылған (белсендірілмеген) шарты (бұдан әрі – шарт) бар ҚР азаматтары:
• Кредит карточкасының қолжетімді кредит лимиті 10 000 тг (он мың теңге) және одан жоғары.
• Technodom co-brand, DOS 3.0, DOS 2.0, DOS 3.5, Sulpak co-brand, OZEN өнім түрі бар шарт.
• Шарт бойынша соңғы 2-12 айда транзакциялар болған жоқ.
• Шартқа 3 ай бұрын қол қойылды.
2.2. Егер клиентте бірнеше кредит карточкасы болса, акцияға қолжетімді кредит лимиті жоғары болатын шарт қатысады;
2.3. Банктің бейілділік бағдарламасы бойынша бонустық шоты жоқ клиенттер Жарнамалық акцияға қатыса алмайды.
2.4. Жарнамалық акция кезеңінде Банкпен жасалған кез келген шарт бойынша Банк алдындағы міндеттемелерді орындауда бұзушылықтары бар клиенттер жарнамалық акцияға қатыса алмайды.
2.5. Банк қызметкерлері жарнамалық акцияға қатыса алмайды.
2.6. Жарнамалық акция кезінде Банкпен шарт бұзылған немесе шарттық қатынастар тоқтатылған жағдайда Банк кредит карточкасының иесін қатысушылар тізімінен алып тастайды.
3. ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ МЕН ОРНЫ
3.1. Жарнамалық акция 2024 жылғы 02 сәуірінен бастап 30 қыркүйекке (қоса алғанда) дейін (бұдан әрі – жарнамалық акцияны өткізу кезеңі) өткізіледі.
3.2. Акция қатысушылары пулының 50%-ына 2 500 тг бонустармен кешбэк ұсынылатын болады, қалған 50%-ына 5000 теңгеден астам сомаға кредит карточкасының көмегімен шығыс транзакциясын жүзеге асыру кезінде кездейсоқ тәртіппен 3 ай мерзімге бүкіл отбасына арналған Онлайн Дәрігер (телемедицина) промокоды ұсынылатын болады.
3.3. Жарнамалық акцияны өткізу орны (аумағы) – Қазақстан Республикасы.
4. ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫМЕН КОММУНИКАЦИЯ ТӘРТІБІ
4.1. Жарнамалық акция туралы хабарлау Банктің ресурстары арқылы PUSH және/немесе SMS хабарламалар арқылы жүргізілетін болады.
5. ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯҒА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ.
5.1. Жарнамалық акцияға қатысу үшін Клиенттер хабарламада көрсетілген карточкадан 5 000 теңгеден басталатын сомаға шығыс транзакциясын жасауы және бүкіл отбасы үшін Онлайн Дәрігер (телемедицина) қызметіне бір реттік кепілдендірілген 2 500 теңгені бонустармен не 3 айлық жазылымға арналған промокодты алуы қажет.
5.2. Акцияға Банк жіберген PUSH және/немесе SMS хабарламаларды алған күннен бастап 30 күн ішінде жасалған операциялар есепке алынады.
5.3. Клиенттің акцияға қатысу туралы PUSH және/немесе SMS хабарлама алу фактісі Жарнамалық акцияға қатысуға келісімді растау болып табылады.
5.4. Акция шарттарын орындағаны үшін сыйақы түрін (Дәрігер қызметіне 2500 бонус немесе промокод) Банк кездейсоқ түрде айқындайды және Клиентке жіберетін хабарламада көрсетеді.
6. КЛИЕНТТЕРДІҢ СЫЙАҚЫ СОМАСЫН ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ АЛУ МЕРЗІМДЕРІ
6.1. Сыйақы мен қызмет сомаларын есептеу, есепке алу акция аяқталған күннен бастап 30 күн ішінде, 5-тармақта сипатталған шарттар орындалған кезде жүргізіледі.
6.2. PUSH және/немесе SMS хабарламаларды алғанға дейін немесе PUSH және/немесе SMS хабарламаларды алған күннен бастап 30 күн өткен соң жасалған операциялар Жарнамалық акцияның нәтижелерін есептеуге қатыспайды.
6.3. Клиент сыйақы төлеу сәтіне дейін кредит карточкасын жапқан жағдайда, Клиент Қатысушылар тізімінен шығарылып, сыйақы алу құқығынан айырылады.
7. ШАҒЫМДАРДЫ ҚАРАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
7.1. Қатысушылар жарнамалық акцияны өткізуді ұйымдастыруға байланысты шағымдарды келесі мекенжайға жібере алады: client@homecredit.kz немесе ақпараттық желі телефонына +7 (727) 244 54 77 хабарласа алады.
7.2. Банк Қатысушылардың талаптарына қатысты осындай талаптарды алғаннан кейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей шешім шығарады.
8. ӨЗГЕ ШАРТТАР
8.1. Жарнамалық акцияға қатысу фактісі Қатысушының осы Шарттармен толық танысқанын және келісетінін растайды.
8.2. Банк кез келген уақытта жарнамалық акцияны жою немесе ұзарту, жүлде қорының мөлшері мен құрамын өзгерту, сондай-ақ осы Шарттарды қажеттілік туындаған жағдайда өзгерту құқығын өзіне алады. Банк қатысушылардың назарына Банктің мобильдік қосымшасындағы Жарнамалық акция шарттарының өзгерісі туралы ақпаратты уақтылы салады.
8.3. Банк жарнамалық акцияның Қатысушыларын хабардар ету бойынша жүргізілетін мобильдік байланыс операторларының жұмысы, мобильдік байланыстың кез келген қателері, интернет желісі жұмысының іркілістері үшін жауапты болмайды.