Жақында алаяқтықтың жаңа түрі – вишинг (voice + phishing – дауыстық фишинг) пайда болды. Қаскүнем өзін Банктің/Ұлттық банктің қызметкері деп таныстырады.
1) Алаяқтық кредитті жабу үшін «қосымша кредит» ресімдеу;
2) Ақшаны сақтау үшін «сақтандыру ұяшығына» аудару;
3) Үшінші тұлға клиенттің атына алаяқтық кредит ресімдегенін айтып алдау.
4) «Депозитті жабуға/одан ақша алуға және депозиттен үшінші тұлғаға аударым жасауға өтініш бергеніңізді» анықтау.
5) Қаскүнем қоңырау шалып, өзін әйгілі инвестициялық компанияның қызметкері ретінде таныстырады. Содан кейін ол жоғары қосымша табыс алу үшін ақшаны белгілі бір танымал компанияның атына ұқсайтын атты атап, сол ұйымға аударуды ұсынады. Атаулардағы айырмашылық байқалмауы мүмкін: бір әріп түсіп қалуы немесе қосымша әріптер болуы мүмкін немесе латын әріптерін қолдануы мүмкін және т. б.
6) Алаяқ өзін Telco операторы ретінде таныстырып, сіздің телефон нөміріңіз бұғатталатынын және нөмірді сақтау үшін жіберілген кодты айту керек екенін хабарлайды. Оның көмегімен қаскүнем телефоныңыздағы банктің мобильді қосымшасына кіре алады.
7) Сондай-ақ СМС-кодты айтсаңыз, алаяқ телефоныңыздағы WhatsApp қосымшасына кіре алады (WhatsApp арқылы сіздің атыңыздан контактілеріңізден қарызға ақша сұрап, белгілі бір шотқа жіберуді сұрайды).
8) Дипфейк - жалған дауысты қолданатын алаяқтықтың жаңа түрі. Жасанды интеллектті анықтау үшін келесі факторларға назар аудару қажет: роботтандырылған тон, монотонды жауаптар, эмоциялардың болмауы, біртүрлі естілетін тіркестер.
- Жеке деректеріңізді - CVV, құпиясөздерді, ПИН-кодтарды, "Кодты ешкімге, тіпті банк қызметкеріне де айтпаңыз" мәтіні бар СМС-кодтарды ешкімге БЕРМЕҢІЗ.
Жоғарыда аталған мәтін болмса, смс-кодтарды банк қызметкерлеріне беруге рұқсат етіледі. Телефон нөміріңізге бір реттік коды бар SMS жіберу арқылы Банк сізді карта бойынша рұқсат етілмеген операциялардан қорғайды.
- Күмәнді сайттарда карта деректерін ЕНГІЗБЕҢІЗ
Сілтемелерді мұқият тексеріңіз. Алаяқтар ұқсас сайттар жасауы мүмкін. Нәтижесінде сіз сайтқа енгізген барлық ақпарат олардың қолдарына өтуі мүмкін. Сенімсіз болмаса, карта деректерін (жарамдылық мерзімі, артқы жағындағы cvv/cvc коды) енгізбеңіз.
- Картаңыздың фотосуреттерін ЖІБЕРМЕҢІЗ.
Ешқашан әлеуметтік желілерде картаңыздың фотосуреттерін жарияламаңыз, мессенджерлер арқылы карта бойынша деректерді үшінші тұлғаларға бермеңіз.
-Үшінші тұлғаның өтініші бойынша мобильді банкингтегі телефон нөмірін ӨЗГЕРТПЕҢІЗ;
- Үшінші тараптардың өтініші бойынша бөтен қосымшаларды орнатпаңыз.⠀
Алаяқтар мәміле жасау үшін сізден ұялы телефонға бөтен қосымшаны орнатуды сұрауы мүмкін (мысалы, TeamViewer, Anydesk, RustDesk, Hoptodesk, Rudesktop, Getscreen, Iperius Remote Desk, Airdroid Cast, Space Desk, Deskin Remote Desktop Avvaldesk, Awesun және т. б.). Мұндай қосымшалар алаяқтарға телефонды басқаруға, яғни смартфондағы кез келген деректерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Банк қызметкерлері ешқашан мұндай қосымшаларды орнатуды сұрамайды.
- Алаяқтар ресімдеген кредитті жою немесе ақшаңызды қорғау мақсатында үшінші тұлғалардың өтініші бойынша кредит РЕСІМДЕМЕҢІЗ. Алаяқтар сізден жалған алаяқтық кредитті жою немесе қолма-қол ақшаңызды қорғау мақсатында кредит алуды сұрауы мүмкін
Алаяқтық әрекеттерді болдырмау үшін үшінші тұлғалардың өтініші бойынша ақша аудармаңыз (өзін мемлекеттік, құқық қорғау органдарының немесе банк қызметкерлері ретінде таныстыратын тұлғаларды қоса алғанда)
Егер сіз ақшаны күмәнді тұлғаларға аударған болсаңыз, оны тек алушының бастамасымен немесе сот арқылы қайтаруға болады.
1. Картаны 7373 нөміріне қоңырау шалып бұғаттаңыз.
2. Мобильді қосымшада құпиясөзді өзгертіңіз.
3. Картаны қайта шығару үшін бөлімшеге хабарласыңыз.
4. Күмән туындаған жағдайда және бұл шынымен Банк қызметкері екеніне көз жеткізу үшін кез келген уақытта 7979 нөміріне хабарласып, барлық ақпаратты біздің кеңесшілерден нақтылауға болады.
1. Өзін «банк қызметкері» ретінде таныстыратын тұлғамен телефон арқылы сөйлесу немесе хат алмасу кезінде сіз қорқыныш сезінуіңіз мүмкін, өйткені алаяқтар «қорқыту және қажеттісін алу» тактикасын жиі қолданады. Алаяқтар олардың нұсқауларын орындау үшін клиентке эмоционалды түрде қысым жасайды.
2. Сақтық мақсатында алаяқтар сіздің ақшаңызды ұрлап алмау үшін мобильді қосымшада карточкаңызды бұғаттаңыз. Содан кейін Банкке қоңырау шалып, жағдайды түсіндіріп, шоттарыңызды тексеруді сұраңыз.
3. Қаскүнемдер сіздің құрылғыңызға қашықтан қол жеткізу үшін TeamViewer, Anydesk, RustDesk, Hoptodesk, Rudesktop, Getscreen, Iperius Remote Desk, Airdroid Cast, Space Desk, Deskin Remote Desktop Avvaldesk, Awesun және т. б бөтен қосымшаларды жүктеуді сұрауы мүмкін.
Мұндай қосымшаларды ешбір жағдайда орнатпаңыз.
4. Егер сіз жоғарыда аталған қосымшаларды жүктеген болсаңыз, телефонды өшіріп, қайта іске қосыңыз. Бұл сіздің телефоныңызбен байланысты тоқтатып, алаяқтардың сіздің деректеріңізге қол жеткізу мүмкіндігін жояды.
Біздің қауіпсіздік кеңестеріміз Сізге ешқашан қажет болмайды деп және Сіз алаяқтыққа тап болмайсыз деп үміттенеміз.
Банк сіздің деректеріңіз бен ақшаңызды қорғауды қамтамасыз етеді. Бірақ үнемі сақ болу үлкен рөл атқаратынын есте ұстаған жөн.
Назарларыңызға рақмет, сақ болыңыз және деректеріңізді қорғаңыз!