Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Онлайн қарыз — 1 минут ішінде мақұлдау

Өтінімді бірнеше минутта рәсімдеп, ақшаңызды картаға жылдам алыңыз. Қосымша тексерулерсіз және банкке бармай-ақ – қолайлы, қарапайым және тәулік бойы қолжетімді.

 

📄 Қарызды алу шарттары | 💳 Қарызды төлеу әдістері

🛡️Сақтандыру | ❓ Жиі қойылатын сұрақтар

main image

Қарызды бірнеше минут ішінде қалай алуға болады?

Құжаттарға қол қойылғанға дейін қарыз рәсімдеуден кез келген уақытта бас тарта аласыз

Қарыз алу шарттары

Қарыз сомасы icon

Қарыз сомасы

10 000 ₸ – 8 650 000 ₸ дейін

Қарыз мерзімі icon

Қарыз мерзімі

6 айдан 5 жылға дейін

Пайыздық мөлшерлеме icon

Пайыздық мөлшерлеме

Номиналды 19% – 38%, ЖТСМ 23,2% – 45,9%

Қарыз алушының жасы icon

Қарыз алушының жасы

23-тен 75 жасқа дейін

Кіріске қойылатын талаптар icon

Кіріске қойылатын талаптар

Соңғы 6 айда зейнетақы аударымдары болуы қажет

Қарызды комиссиясыз қалай қайтаруға болады?

 

Қарызды төлеу әдістері

Комиссиясыз төлеу тәсілдері:

 

💳 Комиссиясы бар төлеу тәсілдері:

  • Қазақстан Халық Банкі
  • QazPost бөлімшелері
  • «Касса24» терминалдары
  • Paydala төлем жүйесі

 

🛡 Қаржылық қорғау

Қарыз рәсімдеу барысында қаржылық қорғауды қосуға болады, ол мыналарды қамтиды:

 

  • Қарыздық демалыс – төлемді 1 айға кейінге шегеру мүмкіндігі.
  • Мерзімінен бұрын өтеу – қосымша айыппұлдар мен болашақ пайыздық төлемдерсіз жабу.
  • Уақытша еңбекке жарамсыздық кезінде өтемақы – қарыз сомасының 4%-на дейінгі төлем (3 күннен бастап – жазатайым оқиға, 21 күннен бастап – ауру салдарынан).
  • Мүгедектік жағдайында қорғау – сақтандыру бағдарламасына байланысты қарыздың 80%-на дейін өтеледі.
  • Өмірден өткен жағдайда сақтандыру – қарыздың 80%-на дейінгі сомасы өтеледі.

 

 

Егер Қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамаса, Банк Қағидаларға сәйкес келесі әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы*:

– тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) есептеуге;
– қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны өндіріп алуға;
– берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге;
– сотқа талап арызбен жүгінуге.

* ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.07.2017 жылғы № 136 қаулысымен бекітілген банк қызметтерін көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк қызметтерін ұсыну процесінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидалары.

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар мен маңызды құжаттар

Кредитті онлайн қалай рәсімдеуге болады?

Кредитті онлайн ресімдеу үшін біздің сайттағы «Кредитке онлайн өтінім беру» батырмасын басыңыз, жеке деректермен сауалнаманы толтырыңыз, кредиттік калькулятордағы кредит сомасын таңдаңыз, қажетті құжаттарды жүктеп алыңыз және өтінімді қарауға жіберіңіз. Мақұлданғаннан кейін ақша сіздің шотыңызға немесе картаңызға түседі

Кредитті есептеу үшін онлайн калькуляторды қалай пайдалануға болады?

Біздің сайттағы тиісті калькулятор өрістеріне кредит сомасын, мерзімі мен кредитті сақтандыру түрін енгізіңіз. Ол ай сайынғы төлемдер мен жалпы артық төлемдерді автоматты түрде есептейді. Есептеу оферта болып саналмайды. Ай сайынғы төлемнің нақты мөлшері өтініш бергеннен кейін белгілі болады.

Онлайн кредит арқылы жалақыға дейін ақшаны қалай алуға болады?

Жалақыға дейін ақша алу үшін біздің сайттан қысқа мерзімді онлайн қарызды таңдап, өтініш беріңіз және мақұлданғаннан кейін банктік шотыңызға қысқа мерзімде ақша алыңыз. Қалауыңыз бойынша, сіз жалақы алғаннан кейін кредитті мерзімінен бұрын төлей аласыз.

Мобильді қосымша арқылы онлайн кредит алуға өтініш бере аламын ба?

Ия, сіз біздің мобильді қосымшамыз арқылы кредит алуға өтініш бере аласыз.

Tañ зейнетақы картасы бойынша ақшалай кредитті төлеу үшін 2% бонусты қалай алуға болады?

  1. Tañ зейнетақы картасын ресімдеп, оны белсендіріңіз
  2. Tañ картасына зейнетақы алыңыз
  3. Ақшалай кредит үшін төлемдерді осы картамен кешіктірмей жасаңыз

 

Ақшалай кредит үшін бонус есептеу шарттары:

  • Бонустар жаңа және бар кредиттерге есептеледі
  • Төлемдерді кешіктірмей жасаңыз: ай сайынғы төлемді кешіктірсеңіз, ағымдағы ай үшін бонус есептелмейді
  • Ақшалай кредит мерзімінен бұрын толық өтелген жағдайда бонус есептелмейді

 

Tañ картасы туралы толық ақпарат

Кредитті мақұлдау мүмкіндігін қалай арттыруға болады?

Салық берешегі бар болса, оны алдын ала төлеу керек. Сондай-ақ ақша қозғалысы туралы үзінді көшірме мақұлдау мүмкіндігін және кредиттік лимитті арттыруға көмектеседі. Үзінді көшірмеге қойылатын талаптар:

- үзінді көшірме 3 айдан 12 айға дейін болуы керек;

- үзінді көшірмелер Kaspi Bank және/немесе Halyk Bank-тен қабылданады;

- скрин, сурет немесе скриншот түріндегі үзінді көшірмелер ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ;

Сізге аталған банктердің қосымшасынан үзінді көшірмені жүктеп, оны біздің Банктің ресми WhatsApp чатына құжат түрінде жіберу қажет

Онлайн кредит дегеніміз не?

Онлайн кредит - бұл банк бөлімшесіне барудың қажеті жоқ, интернет арқылы ресімдеуге болатын кредит.

Онлайн кредит алу үшін қандай құжаттар қажет?

Онлайн кредит алу үшін жеке куәлік, ЖСН қажет.

Сайттағы кредит калькуляторы қалай жұмыс істейді?

Кредит калькуляторы кредит сомасы мен мерзімін енгізу арқылы ай сайынғы кредит төлемдерін есептеуге мүмкіндік береді. Бұл өтініш бергенге дейін қаржылық мүмкіндіктеріңізді бағалауға көмектеседі.

Онлайн кредитті қандай сомаға дейін алуға болады?

Онлайн кредит үшін қолжетімді сома: 10 000 теңгеден 8 650 000 теңгеге дейін